грамматикалық тәсілдердің ішіндегі ең кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл
әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады.
Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі –
ішкі флекция тәсілі.
Түбірдің дыбыстық құрамының өгеруі арқылы грамматикалық
мағынаны білдіру тәсілі ішкі флекция деп аталады.
Қосарлану да грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде
қызмет атқарады. Қосарлану тәсілі түркі тілдерінде
кең тараған және
жиі қолданылады. Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөздер
және қосарлама
қос сөздер деп, екі үлкен топқа бөліп қарайды.
Бірігу тәсілі бойынша өз ара түбір морфемалар немесе түбір мен негіз
қосылып, сөз жасалынады. Демек, бірігу тәсілі сөз тудыру қызметін
атқарады.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Аффикстік тәсіл дегеніміз не?
2. Сөздік құрамның өзгеру себептері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,
2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы.
Аламан, А., 1991
3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992.
4. Қазақ грамматикасы.Астана. 2002.
Достарыңызбен бөлісу: