15-лекция. Дүние жүзі тілдері және олардың жіктелуі.
Дүние жүзінде үш мың шамасында тіл бар деп есептелінеді. Дүние
жүзіндегі тілдердің санын дәлме – дәл көрсетудің қиындығы мынада:
кейбір елдердегі тілдер мен диалектілер жеткілікті дәрежеде
зерттелінбеген. Осылай болғандықтан, олардың ішінен қайсылары
дербес
тілдер екендігін, қайсылары бір тілдің диалектілері екендігін
қазірде дөп басып айту мүмкін бола бермейді.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі тұрғыдан: 1)
тілдік
материалдың (түбірлер мен аффикстердің және сөздердің) бірлігі, яғни
шығу тегінің бірлігі тұрғысынана, 2)
шығу тегіне байланыстырылмай,
құрылысы мен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысынаң,
ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастырылады.
Топтастырудың бірінші түрі тілдердің гееологиялық
классификациясы
делініп, екінші түрі тілдердің типологиялық (немесе морфологиялық)
классификациясы делініп аталады.
Дүние жүзі тілдерінің аралық және құрылымдық түрлерін ажырата
білу. Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Дүние жүзі тілдеріне тоқталу.
2. Тілдердің қазіргі жай күйі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,
2. Қазақ грамматикасы.Астана. 2002.
3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992.
Студенттердің өз бетгерімен орындайтын жұмыстары (25 сағ.)
(Аралық бақылау есебінде)
1. А. Байтұрсыновтың орфография, пунктуацияға қатысты пікірлері.
2. С. Аманжолов және казақ жазуы.
3. Р. Сыздықованың емле, тыныс
белгілері туралы еңбектері
4. Н.
Оралбаеваның «Қазақ графикасы
мен орфографиясының
негіздері» еңбегін талдау.
5. Ф. Мұсабекова және пунктуацияның меселесі.
6. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.
7. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары.
8. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері.
9. Үтір қойылатын орындар.
1. Орфографиялық сөздіктің құрылысы.
2.
Сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы.
3. «Қазақ тілінің анықтағышында» емлелік ережелердің берілуі.
4. Ақпарат құралдары тілдеріндегі орфографиялық қателердің түрлері.
5. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері.
6. Сызықша қойылатын орындар.
7. Нүктелі үтір, қос нүкте қойылатын орындар.
8.
Тырнақша, жақша қойылатын орындар.
9. Тыныс белгілерінің кабаттаса қолданылуы.