Оќу-јдістемелік кешеніне кіріспе


-дәріс. Лексикадағы жүйелі байланыстар



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата03.12.2022
өлшемі272,55 Kb.
#54544
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
9-дәріс. Лексикадағы жүйелі байланыстар. 
 Лексика жүйесіндегі парадигмалық, синтагмалық байланыстар жайында. 
Әр түрлі тілдердің лексика – семантикалық жүйесіндегі өзіндік 
ерекшеліктерге мысалдар іздеу. Түсіндірме сөздіктер, омонимдер сөздігі, 
синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік., т.б. 
сөздіктермен танысу. Терминдермен танысу. 


Студенттердің білімін тексеру үшін берілетін сұрақтар: 
1. Лексикологияның зерттеу нысаны. 
2. Қазақ тіл лексикологиясы қай уақыттан бері зерттеле бастады? 
3. Лексика дегеніміз не? 
4. Лексикологияның қарастыратын мәселелері туралы не білеміз? 
5. Лексикологиямен теңдес салалар туралы не білеміз? 
Әдебиеттер тізімі: 
Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен 
фразеологиясы. А, 2003. 
Ә. Хасенов. Тіл білімі. А, 2002
К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А, 1973. 
І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі 
(Лексика, фонетика) А, 1975. 
10-лекция. Грамматика. Негізгі грамматикалық 
ұғымдар.Грамматикалық мағына. Грамматикалық форма. 
Грамматикалық категория.Грамматика (грек тілінің «әріп және жазу» 
деген сөзінен шыққан) терминінің тіл білімінде екі мағынасы бар: 1. 
Грамматика – лингвистиканың бір саласы, ол ғылым ретінде сөз 
формаларының, сөз тіркестерінің және сөйлем түрлерін зерттейді. 2. 
Грамматика ғылымының зерттеу нысаны ретінде тілдің 
грамматикалық құрылымы, яғни тіл бірліктерінің бір-бірімен 
қатынасқа түсу заңдылықтары, тіл бірліктерінің құрылу ережелері 
орын алады.  
Грамматика 2 салаға бөлінеді: морфология және синтаксис. Грамматиканың 
негізгі бірліктері – морфема, сөз формасы, сөз тіркесі, сөйлем. Морфема – 
тілдің ең кіші мғыналық бірлігі.Сөз формасы – сөздің белгілі бір 
грамматикалық формада тұрған түрі. Грамматикалық категория – бұл қандай-
да бір грамматикалық тәсіл арқылы білдірілетін, грамматикалық мағына 
жағынан біріктірілген тілдік элементтер (сөздер, сөздердің мағыналық 
бөлшектері мен сөз тіркестері) жиынтығы. 
Студенттердің білімін тексеру үшін берілетін сұрақтар: 
1. Грамматиканың нені зерттейді?
2. Грамматика саласы қай уақыттан бері зерттеле бастады? 
3. Грамматика дегеніміз не? 
4. Грамматиканың қарастыратын мәселелері туралы не білеміз? 
5. Грамматикамен теңдес салалар туралы не білеміз? 
Әдебиеттер тізімі: 
Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен 
фразеологиясы. А, 2003. 


Ә. Хасенов. Тіл білімі. А, 2002
К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А, 1973. 
І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі 
(Лексика, фонетика) А, 1975. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет