Оќу-јдістемелік кешеніне кіріспе


-лекция. Сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата03.12.2022
өлшемі272,55 Kb.
#54544
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
13-лекция. Сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, 
семантикалық тәсілдері. 
Грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі 
болады. Грамматикалық тәсілдер негізі екі топқа бөлінеді: оның бірі 
синтетикалық тәсіл деп аталадыда, екіншісі анлитикалық тәсіл деп 
аталады. 
Бұл екеуінің бір – бірінен айырмашылығы мынада: синтетикалық 
тәсіл сөз ішінде болады да, аналитикалық тәсіл сөздің сыртында 
болады. Синтетикалық тәсіл аффикация, ішкі флекция, екпін, 
қосарлану тәсілдерін қамтыса, аналитикалық тәсіл көмекші сөздер
сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдерін қамитиды. 
Кейбір тілдерде аффиксация, ішкі флекция тәсілдері жиі қолданылса
қайсібір тілдерде көмекші сөздер тәсілі мен сөздердің орын тәртібі 
және интонация тәсілдері жиі қолданылады. 
Осыдан келіп, аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын тілдер кейде 
аналитикалық тілдер делініп, ал синтетикалық тәсіл жиі 
қолданылатын тілдер синтетикалық тілдер делініп те аталады. 
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1.Синтетикалық тәсіл дегеніміз не? 
2. Аналитикалық тәсіл дегеніміз не? 
3. Семантикалық тәсіл дегеніміз не? 
Әдебиеттер тізімі: 


1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,
2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы. 
Аламан, А., 1991 
3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 
4. Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 
14-лекция. Сөйлем және сөйлем мүшелері туралы ұғым. 
Сөйлем – ең басты тілдік идиницалардың бірі. Ол өзімен сырттай 
ұқсас тілдік құбылыстардан ең алдымен коммуникативті қызметі 
жағынан ажыратылады. Демек, сөйлем – толық коммуникативті 
қызметі бар синтаксистік единица. 
Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелері мен құрмалас сөйлемнің құрамын 
талдауға арналған жаттығулар. 
Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік 
құрамын, яғни лексикасын құрайды. Қазақ тілінің сөздік құрамы 
тілдің күллі сөз байлығын қамтиды. 
Сөздік құрамдағы жаңару жаңғыру процесіне тілдің сөзжасам жүйесі 
ат салысады. 
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 
2. Сөйлем дегеніміз не? 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,
2. Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 
3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет