Оқу әдістемелік кешен



бет16/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
2. Буддизм. Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сидхарта Гаутаманың (б.д.д. 563-53 жж.) есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір – қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Оған құдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен құтылудың бірден-бір жолы – сансардан (жанның бір денеден бір денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:
1.Өмір – қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айрылу, қажетіңе жете алмау, т.б. – осылардың бәрі – қасірет. 2.Қасіреттің болуы туралы ақиқат.
3.Қасіреттің пайда болу себебі өмірден ләззат алуға деген құштарлық екенін түсініп, аталған құштарлықтардан құтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену.
4.Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.
Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол үшін сегіз әдептілік қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет. Олар: 1.Дұрыс жол – төрт ақиқатты дұрыс түсіну.
2.Дұрыс шешім – дұрыс ақиқатқа өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер. 3.Дұрыс сөз - өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау. 4.Дұрыс іс-әрекет – ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.
5.Дұрыс тұрмыс қалпы – адал еңбек етуді әдетке айналдыру.
6.Дұрыс күш жұмсау – құмарлықпен, жаман оймен күресу.
7.Дұрыс ой бағыты – бұл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша екенін түсіну. 8.Дұрыс жинақтала білу - өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.
3. Ежелгі Қытайдағы мифологиялық сананың ерекшеліктері. Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса,олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет