Оқу әдістемелік кешен


Сенсуализм – танымның көзі түйсік, сезім мүшелері арқылы алынатын мәлімет деп мойындайтын көзқарас. Теоцентризм



бет13/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

Сенсуализм – танымның көзі түйсік, сезім мүшелері арқылы алынатын мәлімет деп мойындайтын көзқарас.
Теоцентризмтеологиялық орталықтық, ортағасырлық философияның басты сипаты, Құдай – абсолют, дүниенің ортасы деп түсіну.
Объективті идеализм – болмыстың түпнегізі деп руханиды санайды, бірақ заттардың адам санасына тәуелсіздігін мойындайды (субъективтік идеализмнен айырмашылығы).
Онтология – болмыстың мәні туралы ілім.
Өзіндік зат – И.Кант іліміндегі заттың жасырын мағынасы.
У вэй – Ежелгі Қытай философиясындағы даосизм бағытының әрекетсіздік принципі.
Упанишад – Ведалардың философиялық бөлімі.
Цзюн-цзы – Конфуций философиясындағы «мәрт адам».
Экзистенция – Экзистенциализмдегі адам «Менінің» орталық ядросы, адамның өзін-өзі таңдауы, өзін еркін қалыптастыруы, бірақ бұл тек «шекаралық жағдайда» (өліммен бетпе-бет келген жағдай) жүзеге асады; бұл ұғымды енгізген дат философы С.Къеркегор.
Эмпиризм – танымда жетекші ролді тәжірибе атқарады деп санайтын көзқарас.
Эстетика - әсемдік, сұлулық туралы ілім.
Этика - әдеп, мораль, ізгілік туралы ілім.


6. Оқу пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)


6.1. Оқытушы туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы: философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Таңжаров Мейрамбек Итемгенұлы;
Тікелей телефоны: 87025685680;
Эл, пошта: tanzharov73@bk.ru
Кафедрада болатын уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.
6.2. Пән туралы мәліметтер:
Атауы: «Философия»
Пән циклы:
Пән атауының коды:
Кредит саны: 3
Семестр: 2; 3; 4
Өткізу орны: сабақ кестесі бойынша.


6.3 Курс саясаты және процедурасы
Студент міндеті:

  • Аудиториялардағы лекциялық және лабораториялық сабақтарға қатысу;

  • СРСП бойынша сабаққа дайындық және қатыс;

  • Мамандық қабілетін арттыру мақсатында кітапханада және компьютерде жеке өзбетіндік жұмыстар жасау;

- Жеке тапсырманы орындау;
- Қосымша әдебиеттерді оқу;
Сабақтан кешіккен, сабақтан қалып қойған уақытта өтілген материалдар бойынша өтеуге тиіс.
Басқа студенттерге пәнді оқуға кедергі келтірген уақытта немесе аудиториядағы тәртібі бойынша студент аудиториядан аласталады және өтілген материалдарды біртіндеп өтеуге тиіс.
Берілген жұмысты уақытында тапсырмаған және емтиханға келмеген жағдайда жазғы семестрде өтеуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет