ДӘРІС 12.
Күрделі білім беру ортасын талдау (ақпараттық білім беру ортасы)
Заманауи кәсіби оқытудың айрықша ерекшеліктері–оқу үрдісінде ақпараттық технологияны белсенді пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық ортаның болуы жүйедегі басымды элемент болып табылады. Қазіргі уақытта ақпараттық орта түсінігінің «білім беру кеңістігі» ұғымымен байланысына әртүрлі көзқарастар бар. «Кеңістік» және «орта» түсініктері бірбіріне жақын, бірақ бір ұғымды білдірмейді. Олар «кеңістік» ұғымын кең мағынада уақытша болатын нысандарды орналастыру реті деп анықтайды. Сондықтан кеңістік табиғаты әртүрлі жағдайларда бір-бірімен байланысқан белгілі бір бейнелердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бірақ адамды кеңістікте араласуы шартты болуы мүмкін, сондықтан кеңістік оған тәуелсіз болып келеді.
ақпараттық-білімділік әлеует ұғымы ұсынылады, оған енетіндер:
а) қоғамда жинақталған білім;
б) ақпараттық орта арқылы қолжетімді ақпараттар;
в) білімді беру құралы;
г) ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және беру құралдары мен кадрлар.
Тез кеңейтілген Дүниежүзілік желілік академия өзіне білімнің 20 саласы, соның ішінде бизнес, гуманитарлық ғылым, заң, денсаулық сақтау, инженерлік іс, өнер және т.б. бойынша ақпараттық білім беру ортасын енгізеді. Мәні жағынан білімнің кез келген саласы бағдарламаның белгілі бір санын, ал әрбір бағдарлама курстар қатарын енгізуді ұсынады. Мысалы, «бизнес» саласында ақпараттық білім беру ортасы 71 бағдарлама және 622 курстан, «қоғам» саласы 32 бағдарлама және 790 курстан, «денсаулық сақтау» саласы 42 бағдарлама мен 491 курстан тұрады.
Онлайн-ортаның педагогикалық контекстіне әртүрлі қатысушылардың қатысуы жетекші мен оқу бағдарламасы жайлы идеяларымен алмасуы үшін басқа қатысушылардың нанымы мен құндылықтарын талдаумен, кімнің тәжірибесі мектептік ресурстарымен өзіндік тәжірибесімен қалыптасатынын, олар сондай-ақ өзінің сенімін және құндылығын бірге алып келеді. Бұл қатысушылар «бірге» өтетіндіктен, көшбасшылық жөнінде пікір алмасуы, оны тәжірибе ішінде қай жерде орналастыруы, өзінің болашағын жасауы үшін оқу бағдарламасының сұрақтарын онлайн-ортада талқылайды. Олар өзара әрекеттесетін педагогикалық контекст құрылымы бұл айырмашылықтарды әртүрлі базалық құндылықтар қатысуы мүмкін екендігін мойындай отырып, шешуі қажет.
Қорыта келгенде, ақпараттық білім беру ортасын құру бір жағынан, ақпараттандыру нәтижесі, екінші жағынан – білім беру ұйымдарын ақпараттандыру күрделі үрдіс екенін белгілеп көрсету қажет. Бұл ақпараттық коммуникативтік ресурстарды тиімді қолдану арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық білім беру ортасының базалық компоненттерін теңдестіретін үрдіс. Сондықтан АОЖ сапасын бағалау және талдау үшін ақпараттық коммуникациялық ресурстарды, оның негізгі компоненттерін жүзеге асыруда пайдаланудың тиімділігін бағалайтын және олардың дамуында тепе-теңдікті анықтау мүмкіндігін ұсынатын ыңғайлы құрал қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |