ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет48/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
Байланысты:
6 Лекция Кыпшактану

Үрім (урум) тілі

Үрім тілі деген атау түркі тілді гректердің генетикалық және типологиялық жағынан әртүрлі деп саналатын екі говорлар тобына тән.

Қырымнан Азау теңізінің солтүстік жағалауына көшкен алғашқы қоныс аударушылар 1778-1779 жж. румейлермен (эллин тілді гректер), түркі тілді волохтармен (молдавандар) және грузиндермен бірге мариуполь гректерінің қатарына жатады. Кейінгі қоныс аударушылар Түркиядан Кавказға және Кавказ маңына (Прикавказье) XVIII-XIX ғғ. көшкен және трабзон (трапезунд) гректері деп те аталады, адам саны 30 мыңға жуық.

Екінші топтың тілі - триалет үрімдерінің тілі түрік тілінен фонетикалық лексикалық және грамматикалық субстратымен ерекшеленеді және оғыз тілі болып табылады (сондықтан оған арнайы тоқталмаймыз).

Үрім тілі Донецк облысының 29 үрім селосында, Запорож облысының 1 селосында және Мариуполь қаласында қолданылады.

Азау маңында тұратын үрім тілін ұстанушылар саны шамамен 60 мыңға жуық адамды құрайды.

Қырымнан шыққан үрімдер тілінің негізі қыпшақ-половец тілі болып табылады, алайда оның әртүрлі говорлары, жергілікті татар, қарайым және қырымчақ говорлары сияқты, ғасырлар бойы әртүрлі дәрежеде оғыз-түрік және ноғай тілдерінің ықпалына ұшырағын, бұл олардың қазіргі аралас түрдегі сипатынан байқалады. Егер грек субстратынан бас тартса, Азау теңізінің солтүстік жағалауындағы үрім говорлары (Северное Приазовье) диалектілік белгілері жағынан қырым татарлары говорларының бет-бедерін қайталар еді. Үрімдер сол жерлерден 225 жылдай уақыт бұрын күштеп қоныс аударылған болатын.

Азау теңізінің солтүстік жағалауындағы үрім говорлары 4 диалектіге бөлінеді: қыпшақ-половец (Великая Новоселка – Ени-Сала, Старобешова және Першотравневое – Мангуш), қыпшақ-оғыз (Старомлиновка – Керменчик, Богатырь, улаклы), оғыз-қыпшақ (Гранитное – Карань, Староласпа және Комар – Камара, Старогнатовка – Гурджи) және оғыз (Старый Крым және Мариуполь). Бұлардың бәрін ортақ грек субстраты біріктіреді, оның шеңберінде Қырымның тағы да 5 түрлі субстраттық жаңа грек диалектісін бөліп көрсетуге болады. Жалпылай айтқанда, үрім тілінің ең айқын белгілері мыналар: фонетикада – е, и (алдыңғы қатарлы) дыбыстарының алдында, кейде ө, ү дыбыстарының алдында да к>ћ>т>ч>й>Ǿ и г>ђ>д>дж>й>Ǿ алмасуларының келуі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет