ЕСЕКЖЕМ.
Есекжем - әртүрлі механизмдер арқылы пайда болатын ауру тобының жалпы атауы, полиэтиологиялық ауру. Негізгі клиникалық симптомы – күлдіреу және эритематозды (бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін байқалатын) тері үстіндегі қышитын бөртпелер. Квинке ісінуі мен есекжем жиі қатар жүреді. Жедел есекжем жиі дәрілік заттармен, тағамдармен, жәндіктердің шағуымен шақырылады. Ал созылмалы рецидивті есекжем әртүрлі паталогияларға байланысты.
Жіктелуі.
Аурудың ұзақтығы бойынша:
жедел есекжем 6 аптаға дейін.
созылмалы есекжем 6 аптадан жоғары.
Патогенетикалық жіктелуі:
Аллергиялық (иммунды механизммен шақырылған, оның ішінде ІgE-тәуелді және ІgE-тәуелсіз.)
Аллергиялық емес (иммунды механизмнің қатысуынсыз)
Клиникалық жіктелуі.
1) иммунологиялық есекжем:
аллергиялық,
аутоиммунды,
уртикарлы васкулит,
комплемент тәуелді.
2)Физикалық есекжемнің тест тәсілі (6 кестеде көрсетілген):
дермографиялық;
қысыммен шақырылған
вибрациялық
күн сәулесінен
суықтық
жылылық
Есекжемнің ерекше белгілері:
холинергиялық есекжем
адренергиялық есекжем
жанаспалы есекжем (аллергиялық және псевдоаллергиялық)
аквагенді есекжем (6 кестеде көрсетілген)
папулезді
инфекциялық
психогенді
эндокринді
идиопатикалық
дәрілік [3,18].
Клиникасы: Негізгі элементі – терінің және шырышты қабаттың әртүрлі аймағында пайда болатын күлдіреу және эритематозды түрінде қышитын бөртпелер. Көбінесе іште, мойында, кеудеде, арқада, сан терісінде кездеседі. Бөртпе элементтері бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. Асқорыту жолдарының шырышты қабатында пайда болған бөртпелер іштің жедел ауруымен көрінеді. Сонымен бірге бас ауруы, әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, жүрек қағуы байқалады. Кіші жастағы балаларда бұл жалпы токсикалық симптомдар өте ауыр жүруіне байланысты интенсивті терапия жүргізу қажет.
Есекжемнің түрі
|
Тест
|
Дермографиялық
|
Білекті сызықша шпательмен тітіркендіру
| |
Достарыңызбен бөлісу: |