Жаңғақтар: бұл өте күшті тағамдық аллерген. Жаңғақ, тағам, косметика және фармацевтика өңдірісінде кең қолданылады.
Дәмдеуіштер:дәмдеуіштер шырышты қабатты тітіркендіреді және басқа аллергендердің сіңірілуін жақсартады.
Шоколад: шоколадқа серпіліс ауыр болады және баяу түр бойынша жүреді.
Бояғыш заттар, консерванттар және қоспалар.Қазіргі кезде, тағам өңдірісінде көптеген тағамдық қоспалар қолданады. Көп тағамдық қоспалардың дәрілік заттармен айқасқан реакциялары бар, бұл олардың арнайы диагностикасын қиындатады.
Алкоголь: спирт және араққа аллергия байқалмаған. Арақ қоспаларына аллергия жағдайлары болған. Сонымен қатар спирт тағамдық аллергия шақыратын әртүрлі азық-түліктердің сіңірілуін жақсартады, сондықтан бұл кезде диагностика қиындайды.
Ана сүтіне аллергия байқалмаған. Бұл кезде бала анасы жүкті кезінде ішкен сиыр сүтіне, сезімтал болады. Сиыр сүтінің белоктары плацента арқылы өтіп, балада аллергия шақыруы мүмкін.
Ортақ антигендері немесе антигенге молекуласы бар азық-түліктер айқасқан сенсибилизация тудыруы мүмкін. Алма ағашы тозаңы мен алма арасындағы айқасқан реакция 50% науқастарды бар.
Айқасқан реакция сонымен қатар амброзия мен банан және қауын арасында, сәбіз бен картоп, жусан мен сельдерей арасында анықталған.
Кейбір азық-түліктердің ортақ антигенді детерминаттарына тоқтала кету керек. Құлпынай мен бүлдіргеннің алма, шабдалы және ақ қайын тозаңымен ортақ антигендері бар. Шабдалының аллергендік қасиеті ең жоғары. Алма мен шие арасында айқасқан серпіліс анықталған. Бидай тозаңы бидайдан жасалған азық-түліктерге айқасқан сенсибилизация жиі байқалады. Поллинозбен ауыратындарда алмаға және сәбізге сенсибилизация кездеседі.
ТА-ң дамуына одан басқа: тағамның дайындалу әдісі термиялық өңдеу сипаты майонез, әртүрлі қоспаның болуы әсер етеді. Тағаммен бірге алкогольді қолдану үлкен рольді алады, ол асқазанда ферментативті процестерді бұзады. Сонымен қатар қолданылатын тағамда консервіленетін, тұрақтандырушы (немесе стабилизациялаушы) өнімдерді білу керек.
Азық-түлікке жоғары сезімталдық 2 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Бұл балаларда ішектің шырышты қабатының физиологиялық жетілмегенділігімен байланысты. Асқазан – ішек жолдарының шырышты қабатының ірі молекулаларға өткізгіштігі ересектерге қарағанда балаларда жоғары. Жетілген асқорту жүйесінің ірі молекулалардың қанға өтуіне кедергі жасайтын күшті қорғаныс факторлары бар. Асқазан аурулары кезінде қорғаныс қызметі бұзылып, ағзаның сенсибилизациясы дамиды және ТА-ның клиникасы болады.