Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет10/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

(1 сурет).
Сиыр сүті: Сиыр сүтінің ақуыздары жоғары аллергенді белсенділікке ие және кулинарлы өңдеуден кейінде жоғары температурада тұрақты. Балалардың жасының өсуіне байланысты 4 жасында балалар сиыр сүтін жақсы көтереді. Сүтте 12 антиген бар, негізгілері – казеин, лактоальбумин, иммуноглобулин А,М,G. Кішкентай балаларда сүтке аллергия 40-60% жағдайда кездеседі. Сүтке аллергия болғанда басқа тағам өнімдеріне сенсибилизация қатар жүреді. Сүт ақ нан, майонез, шоколад, балмұздақ, сырдың құрамына кіреді. Сары май сирек аллергиялық серпіліс тудырады. Омыраудағы балаларда сүтке аллергия болса донорлы сүтке, ақуызды гидролизатқа ауыстыруға болады. Сүтпен бала ағзасына аллергиялық қабыну тудыратын антибиотиктер түсуі мүмкін.
Тауық жұмыртқасы: ең көп белсенділікке ие – жұмыртқа ақуызы, онда тұрақты альбумин бар, қайнатқанда олар аллергендік қасиетін жоғалтпайды. Жұмыртқа көптеген тағам өнімдеріне: шұжық, майонез, макарон, балмұздақ құрамына кіреді. Кейбір сарысулар мен вакциналар жұмыртқа ақуызын құрайды.
Балықтар: балық ақуызы өте күшті аллерген болып саналады. Теңіз балықтары жиі сенсибилизация тудырады. Балық ақуызы ыстыққа тұрақты және кулинарлы өңдеуде бұзылмайды. Аллергияны балық майы да шақырады.
Дәнді – дақылдар: дәнді дақылдарға сенсибилизация жоғары емес. Дәнді-дақылдардың аллергенді кулинарлық өңдеу кезінде инактивтенеді. Қара ұн алкогольді сусындар дайындау үшін қолданылады.
Көкөністер мен жемістер: аллергия құлпынайға, шиеге, апельсинге, шабдалыға, өрікке жиі дамиды. Көкөністерге сенсибилизация сирек кездеседі: сарымсаққа, сәбізге, орамжапыраққа, шалқанға және ақжелкекке (хрен). Барлық аталған аллергендер термолабильді және термиялық өңдеу кезінде бұзылады.
Ет: аллергендер ақуыз болып табылады, бірақ термиялық өңдеу кезінде олардың белсенділігі тез төмендейді.
Бұршақ тұқымдастар: ас бұршақ, соя, бұршақ, жасымыққа (чечевица) сенсибилизация өте сирек байқалады, көбінесе соус ретінде қолданғанда реакция береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет