Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


« АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет51/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   127
« АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Қазақстан тарихы
«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдерін оқытып, көшпелілер өркениеті мен Қазақстан мемлекеттілігі тарихын қарастыру. Қазақстан тарихы ата-бабалар мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын түсінуге мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Сондай-ақ, пәннің оқушыларда өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.

«Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұнында өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің материалдары болуы тиіс: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, ұлттық сана сезімі жетілген, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу.

«Қазақстан тарихы» пәнін оқыту кезінде білім алушылардың тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы, мемлекеттердің сыртқы саясаттары бойынша ақпарат беретін тарихи деректердің салыстырмалы талдауының негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қажет ететін дағдыларын дамыту қажет. Оған қоса мұғалім оқушыларға тарихи картада оқиғаларды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілеуге тапсырма



104


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

бере алады, бұл өз кезегінде оқушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында «тарихи тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану қажет. «Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен анықталған.


Қазақстан тарихы:
5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Пәнді оқытуға арналған әдістемелік ұсынымдар.

Тарихты оқыту – күрделі процес, ол өзара байланысты, оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және меңгеруге басшылық ету сияқты және т.б. құрамдас бөлімдерден құралады.

Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады.

5-9-сынып оқушыларының жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі топтық жұмыс болып табылады, топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі функцияларын анық түсіндіру қажет. Сонымен бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.

Оқушылардың бойында тарихи түсінікті дамытуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – рөлдік ойын болып табылады.
Рөлдік ойынның тиімділігінің үш міндетті элементі:
Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді.

Оқушыларға тарихи деректерден үзінді беруді жүйелі түрде жүргізу керек. Тарих сабақтарында сұрақтарды қою маңызды орын алуда, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады.


Сондықтан да мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын

105


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.

Түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін жаңа стратегиялар мен техникалар ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сыни ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және т.б.

Жазу дағдыларын дамыту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану ұсынылады.

РАФТ стратегиясының (Р – роль, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып) басты мақсаты оқушыда, белгілі бір образға (рөлге) ену арқылы, өзінің ойын жазбаша түрде түсінікті әрі нақты жеткізе алу дағдысын қалыптастыру. Бұл стратегия қолдану арқылы оқушылар түрлі тақырыптарға әртүрлі аудиторияға арнап ақпарат (мәлімет, мәлімдеме, т.б.) жазуды үйренеді.

Нәтижелі деңгейде картамен жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін тарихи карталардың мазмұнын басқа да дереккөздермен тарта отырып талдауға бағытталған, тапсырмаларды пайдалану керек.

Оқушылардың жазбаша жұмыстарды орындауына ерекше назар аудару ұсынылады: эссе, мақала, баяндама, хат, қысқаша ақпарат және т.б.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасау тапсырмаларын беру керек.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру , белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік -тілдік кіріктірілген оқыту және т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану үшін оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қажет. Отандық және жалпы тарихтың кейбір тақырыптарын кіріктіру мүмкін болады. Халықаралық қатынастар тарихы мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы , тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады.

Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін анағұрлым ұлғайтады. Мәселен , әдебиет курстарын оқыту барысында оқушыларға рухани шығармашылық процесінің тарихи контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет