Оқу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтау



Pdf көрінісі
бет12/183
Дата14.09.2023
өлшемі5,81 Mb.
#107510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   183
Байланысты:
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.48 PM

Білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтау
(жабдықтарды пайдалану, оқу бағдарламаларын өту мерзімдері мен 
табыстылығы, оқу жоспарын, бағдарламалық талаптарды орындау), 
сонымен 
қатар неғұрлым біржақты мәселелерді анықтау
: педагогтің кәсіби өсуі мен 
дамуы үшін нақты әдістемелік көмек көрсету, сабақтастық мәселесін зерделеу, 
жаңа келген білім алушылардың бейімделуін, сынып климатын, білім алушылар 
мен ата
-
аналардың сұраныстары мен мүдделерін, ұжымдағы ашықтық пен 
толеранттылықты зерделеу мақсатында 
сабақтарға жоспарланбаған (жеке) 
түрде қатысуға жол беріледі 
 
Мұғалімнің рұқсатынсыз (келісімінсіз) оның сабақтары мен сыныптан тыс 
іс
-
шараларына мектеп және білім басқармасының басшылары, әдістемелік 
кабинеттердің (орталықтардың) қызметкерлері қатыса алады.
Дәлелді себептер бойынша (мұғалімнің сырқаттануы, эпидемияға 
байланысты сабақта білім алушылардың көп бөлігінің болмауы және т.б.) 
мұғалім лауазымды тұлғалардан сабаққа қатысуды басқа уақытқа ауыстыруын 
сұрауға құқылы.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау 
парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.

Сабақтарға қатысу мақсаттары білім беру ұйымының мақсаттарына, 
міндеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты
 
анықталады.
 

 
Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына байланысты сабақты бақылау парағы 
әзірленеді.
Сабақтарды бақылау, зерттеу және талдау нәтижелері оқыту процесін 
жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, мектеп ұжымында қолайлы 
психологиялық ахуал,
сондай
-
ақ білім алушылардың білім сапасын арттырудың 
негізі болып табылады.
Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, 
әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы
 
тиіс.
 


19 
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды қарастырады:

педагогтің сабақты өзіндік талдауы;

сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету

педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір
-
бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
 
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында 
мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Электрондық журналдарды тексеру нормаларын тоқсанына 1 рет анықтау 
ұсынылады.
Педагог дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша 
білім алушыға кері байланыс (түсініктеме, орындалған жұмыстағы 
олқылықтарды түсіндіру және т.б.) ұсынады. 
Мұғалімдердің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін әр мектепте 
«мұғалімдер бөлмесі» болуы керек.
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдамалы тақырыптық бақылау 
кесімдерін жүргізуді, білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, диктант, 
мазмұндама және шығарма) тексеруді жоспарлайды.
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдаулы тақырыптық бақылау 
бөлімдерін өткізуді, оқушылардың жазба жұмыстарын (эссе, диктант, 
презентация және шығарма) тексеруді жоспарлап отыр.
Мектептердің білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі өзара 
байланысты және өзара шартты элементтерді қамтиды:
1) білім беру сапасын басқарудың ішкі жүйесін жобалау және жоспарлау 
(орта білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты іске асыруды 
қамтамасыз ететін нормативтік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де 
құжаттарды әзірлеу және бекіту);
2) оқу
-
тәрбиелік, ұйымдастырушылық, әдістемелік (қажеттіліктерді 
зерделеу, ресурстармен қамтамасыз ету, сапаны бақылау және т. б.) процестерді 
басқару;
3) процестер мониторингі және түзету (сапа көрсеткіштері мен 
индикаторларына қол жеткізу бойынша бағалау және талдау, мүдделі 
тараптармен кері байланыс, басқару жүйесіне және Қызметке білім беру 
қызметтерін көрсету ретінде түзету іс
-
қимылдарын енгізу). (Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 292 
бұйрығы).

Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта ұсына 
алады.


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет