Оқу мақсаты: Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну



бет5/19
Дата15.08.2023
өлшемі0,93 Mb.
#105314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
теория кислот и основании каз (1)

Learning objective:

  • understand that pH scale is -lg[H+] and covert pH of a solution to [Н+] concentration and vice versa


Ерітінді ортасы қалай анықталады?
Дат химигі С. Серенсен 1909 жылы қазіргі кезде рН сутектік көрсеткіш деп аталатын шаманы енгізуді ұсынды. Көрсеткіштің рН- деп аталатын себебі, латын сөздерінің басқы әріптерінен алынған (potentia hydrogeni –сутек күші немесе pondus hydrogeni –сутек салмағы).
Сутектік көрсеткіш – сутек ионының қышқылдылығын сипаттайтын ерітіндідегі белсенділік өлшемі, сутек ионының концентрациясының теріс ондық логарифмі түрінде есептеледі:
pH = – lg [H+] или [H+] = 10–pH
Таза су үшін: pH = – lg(10–7) = 7.
Сутек ионы концентрациясы артқанда pH мәні кеміп, сутек ионы концентрациясы кемігенде, рН мәні артады.
Мысалы, егер[H+] = 10–5  рН = 5, орта қышқылдық;
егер [H+] = 10–9  рН = 9, орта негіздік.
25 °C температурада(стандартты жағдай) [H+] · [OH] = 10−14, болса
pH + pOH = 14
pОH = – lg [ОH-]
Әдеттегі рН шкаласы мәндері интервалы 1- ден 14-ке дейін. 
Бейтарап ерітінділер үшін рН = 7, қышқыл ерітінділер үшін рН < 7, ал негіздік ерітінділер үшін рН > 7.
Көптеген химиялық үрдістер үшін ортаның қышқылдылығы маңызды рөл атқарады, олардың жүруі рН мәніне тәуелді болады.
Тірі ағзаларда өтетін биохимиялық реакциялар үшін де реакция ортасының қышқылдылығы маңызы үлкен екені белгілі.
Ерітіндідегі сутек ионы концентрациясы ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының биологиялық белсенділігі мен физико-химиялық қасиетіне әсер етеді, сондықтан ағзаның қалыпты қызмет атқарып, қышқылды-негіздік гомеостазын ұстау аса маңызды болып табылады.

Сурет – Заттар мен биологиялық жүйелердің рН мәндері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет