Оқу мақсаты:
Цель обучения:
знать значение ионного произведения воды
Learning objective:
Судың диссоциациясы қалай өтеді?
Су – әлсіз электролит, ол гидроксоний катоионы мен гидроксид анионын түзе диссоцияланады:
H2O + H2O H3O+ + ОН-
қышқыл негіз2 қышқыл2 негіз1
Көпшілік жағдайда осы үрдістің қысқартылған белгілеуін қолданады:
H2O H+ + OH-
Ал осы тепе-теңдік келесі константамен сипатталады:
Таза су концентрациясы тұрақты болғандықтан (1 литр судағы моль саны) 1000/18=55,6моль/л, бұл өрнекті келесідей жолмен түрлендіруге болады:
Kн2о = K·[H2O]= [H+][OH-] =1,8·10-16·55,6=1·10-14
Алынған константа судың иондық көбейтіндісі деп аталады, келесідей жолмен белгіленеді: Кн2о = Kв = Kw =1 ·10-14 25 °С температурада.
Температура тұрақты болғанда су және сұйытылған сулы ерітінділер үшін сутек ионы мен гидроксид - ион концентрациясының көбейтіндісі – тұрақты шама.
[Н+] және [ОН-] иондары концентрациясы бір-біріне кері пропорционал тәуелділікте өзгереді.
[H+]=1·10-14/ [OH-]
[OH-] =1·10-14/ [H+]
Таза су мен бейтарап ерітінділерде [H+] = [OH-] = 10-7 моль/л.
Егер, суға қышқыл қосса, онда H+ катиондары концентрациясы артып, тепе-теңдік солға ығысады да, ОН- аниондары концентрациясы кемиді, ал KН2О өзгермейді
Қышқыл ерітінділерде сутек ионы концентрациясы [H+] > 10-7 моль/л, гидроксид-ион концентрациясы [OH-] < 10-7 моль/л; [H+] > [OH-];
Сілтілік ерітінділерде сутек ионы концентрациясы [H+] < 10-7 моль/л, [OH-] > 10-7 моль/л; [H+] < [OH-];
Судың диссоциациясы эндотермиялық үрдіс, температура артқан сайын диссоциация константасы артады да, Кн2о мәні өседі.
t, OC
|
0
|
18
|
30
|
40
|
50
|
Kн2о
|
0,12·10-14
|
0,57 ·10-14
|
1,47·10-14
|
2,95 ·10-14
|
5,47 ·10-14
|
Достарыңызбен бөлісу: |