Оқу орыс тілдерінде


II нұсқа I.Лексикалық тапсырмалар



бет19/54
Дата26.12.2023
өлшемі182,46 Kb.
#143867
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
Диктанттар жинағы (5-11 сынып)

II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Мен мектептемін» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің мектебің қандай?
В)Қазақ тілі кабинетінде не бар?
С)Сенің сынып жетекшісің кім,ол қай пәннен береді?
Д)Мектепте не бар?
2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар:
Орыс тілі ,тыңдаймыз, мұғалімді, , біз ,сабағында.
Қазақ тілі ,орындаймыз, жаттығу ,шығарма,біз ,сабағында,жазамыз,және.
Асханада ,дәмді ,аспазшы , дайындайды,тамақ.
3. «Мектеп үйірмелері» тақырыбына байланысты 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
4. «Менің сүйікті ойыншығым» атты шағын әңгіме жазыңыздар
5.Шынықсаң –шымыр боласың,себебі .......берілген сөйлемді жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар(10 сөз)
2.Берілген көсемшелермен сөйлем құрастырыңыздар.
Айтқан,берген
3. Берілген сөйлем ішінен жайлаң сөйлемдерді тауып жазыңыздар:
Асханада үстелдер,орындықтар,ыдыс бар..
Мен тамақтандым.
Мұғалім айтты.
Айжан қызықты кітап оқыды.
4.Күшейткіш үстеулерді тап,олармен сөз тіркестерді құрастырыңыздар:
Ақырын,жоғары, өте,ең,жақсы,қатты,жаңа,тез,тым.
5.Берілген етістікті ауыспалы келер шаққа қойып жіктеңіздер:
Сабаққа бару

7-сынып


Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы

Мақсаты: 6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

Дене шынықтырудың пайдасы.

Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес. (63 сөз)


(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-69 бет).

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей


  1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

Үйірме

  1. Асты сызылған сөзді септеңіз.

Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

  1. Асты сызылған сөзді сөз құрамына талдаңыз

Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс.

ІІ деңгей



  1. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.

Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.

  1. Берілген етістікті үш шақта жіктеңіз

шұғылдану

І деңгей
1. Үйірмелер туралы шағын әңгіме жазыңыз.


І нұсқа. «Спорт үйірмелері».
ІІ нұсқа. «Мектептегі үйірмелер».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет