Оқу процесінде сараланған тапсырмаларды қолдану. Саралап оқыту әдісі қазіргі кезде қолданылатын тиімді оқыту әдістерінің бірі және бірегейі. Саралап оқыту әдісі туындауына байлынысты факторлар



бет7/7
Дата12.07.2023
өлшемі109,01 Kb.
#104273
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
41. Ñàðàëàï î?ûòó ?ä³ñ³ ?àç³ðã³ êåçäå ?îëäàíûëàòûí òè³ìä³ î?ûòó

Шығармашылық – жаңа соны идеяларды, шығармашылық нысанда ұсынылатын бірлескен әрекет өнімдерін (шығармашылық есеп, көрме, кітап, журнал, альманах, ертегі, эссе жазу, компьютерлік таныстырылым және т. б. жасау) әзірлеуге бағытталған. Мұндай жобаны орындау кезінде қатысушылар алдын ала нәтиже мен оны көрсету нысанын ескертеді.
Рөлдік-ойнаушылық – қатысушылар өздеріне жобаның сипаты мен мазмұнына шартталған нақты рөлдерді қабылдайды. Бұл әлеуметтік немесе іскери қатынастарға ұқсатылған әдеби кейіпкерлер, ойдан шығарылған кейіпкерлер болуы мүмкін. Мұндай жобалардың нәтижесі оларды орындаудың басында байқалады, әрекеттің мұндай үстем түрі рөлдік-ойнаушылық болып табылады.
48. Жобалау әдісін пайдалануға қатысты негізгі талаптар. Нәтижесін бағалау.
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту»
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған.
Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды.
Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.
Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
- тәжірибелік құндылықтары болуы;
- студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ;
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
- студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
- студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады.
Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалап оқыту технологиясы – кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазақ тілін үйренуге қазіргі заман тұрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық ақтай алатын оқыту жүйесі [4, 39]. Яғни, жобалап оқыту технологиясының негізгі тірегі – өз бетімен белсенді істер атқаратын студенттің өзіндік ізденісіне, олардың өзін-өзі танытуына, танымдық-практикалық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер.
Ш.Д.Абдиева: "жобалау әдісі – студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады" – десе [4, 43], ғалым А.А.Сатбекова: "жобалау әдісі арқылы қазақ тілін оқыту – студенттердің репродуктивтік оқу әрекеттерін біртіндеп имитациялық әрекеттерге көтеру арқылы қазақ тілінің заңдылықтарын және қазақ тілінің бай қорында жинақталған ұлттық мәдени мол мұраны студенттің ішкі құндылықтар жүйесіне енгізудің тиімді жолы"– деп тұжырымдаған [5, 49].
Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.
Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі болып табылады. Жобалап оқыту технологиясын қолданатын педагогикалық үдерістегі – оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытудың формасы мен техникалық құралдары тілдің лингвистикалық негіздерімен байланыста қаралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет