Оқу процесінде сараланған тапсырмаларды қолдану. Саралап оқыту әдісі қазіргі кезде қолданылатын тиімді оқыту әдістерінің бірі және бірегейі. Саралап оқыту әдісі туындауына байлынысты факторлар


Жобалау жұмыстарының түрлері: зерттеу жобасы, ақпараттық жоба, шығармашылық жоба, рөлдік ойын жобасы және т.б



бет6/7
Дата12.07.2023
өлшемі109,01 Kb.
#104273
1   2   3   4   5   6   7
47. Жобалау жұмыстарының түрлері: зерттеу жобасы, ақпараттық жоба, шығармашылық жоба, рөлдік ойын жобасы және т.б..
Жобалардың түрлері:
Зерттеушілік – оқушыларды проблеманы терең зерттеуге, оны шешудің жеке жолдарын қорғауға, болжамдарды ұсынуға бағытталады. Шығармашылық ойлаудың үлкен әлеуетті мүмкіндіктерін, ақыл-ой әрекеті мен пайымдылықтың ұтымды тәсілдерін меңгереді, өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді. Мұғалім дайын білім иесінен өз оқушыларының танымдық әрекетінің ұйымдастырушысына айналады.
Ақпараттық іздеушілік – ақпараттарды жинау және талдауға, сөйлеу хабарламасын, баяндамаларды, рефераттарды дайындау мен қорғауға бағытталған.
Ақпараттық – әртүрлі көздерден: журнал, кітап, энциклопедиядан ақпарат іздеумен байланысты, жоғары сынып оқушылары интернет-ресурстарды белсенді пайдаланады, сыныпта және мектепте сауалнама нысанында оқушылардан әлеуметтік сауалнама алады.
Орта буында ақпараттық жобалар ресімделген хабарлама, баяндама, ашылмалы кітапша, компьютерлік таныстырылым, бейнероликтер, слайдшоу түрінде іске асырылады.
Сабақта да жұптық және топтық жобалар қолданылады, олар жеке жұмыс істеумен салыстырғанда неғұрлым тиімді.
Проблеманы топтық түрде шешу кезінде топ мүшелерінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Топтағы балалар әртүрлі: тез пайымдайтындар, сыни тұрғыда бағалайтындар, мұқият жұмыс істейтіндер, сақтанып әрекет ететіндер, шешім қабылдауда батылдық танытатындар. Мұндай «ұжымдық синтез» жеке тұлғалардың әдеттегі табыс қосындысына қарағанда неғұрлым жоғары нәтижелерге алып келеді.
Топтық әрекетке қатысу көптеген оқушыларға өзін-өзі басқару, ынтымақтастық, өзара көмек дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Әр тұлғаның айқындамасы қайта құрылады, өзара әрекетке қатысушылардың әрбірінің құнды мақсаттары, бағдарлары өзгереді, мұның өзі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттесудің жаңа түрлеріне алып келеді, оқушылар бір-бірін жаңаша бағалайды, «әлсіз» сыныптастарының бұрын байқалмаған қабілеттерін ашады, тұтас алғанда оқушылардың ұжымы ұйымдаса бастайды.
Мысалы, «Жабықтұқымды өсімдіктердің сан түрлілігі. Қос жарнақты өсімдіктердің тұқымдастары» тақырыбын оқу кезінде сынып бірнеше топқа бөлінді: дәрігерлер, аспаздар, бағбандар, косметологтар, фито-дизайнерлер.
Әр топ өз саласында өсімдіктерді пайдалану туралы жобаны орындайды. Жұмыстар А-3 форматындағы қағаздарда ресімделеді, сабақ соңында дайын брошюралар жиналады, бұл келесі оқу жылына көрнекі әрі дидактикалық материал болып табылады.
Дәрігерлер тобы Қазақстан Республикасындағы дәрілік өсімдіктер бойынша брошюра түрінде материалдарды іріктейді, осы өсімдіктер қолданылатын ауру түрлерін көрсетеді, халықтық медицина рецептерін, өсімдіктердің суреттерін тіркейді.
Фито-дизайнерлер тобы өсімдіктерді эстетикалық мақсатта пайдалану, яғни биология кабинетіндегі тірі объектілерді көрсете отырып, декоративтік және бөлме өсімдіктері туралы жоба дайындайды.
Оқушылар осы өсімдіктерді өсіру ережелері, күтім жасау жағдайы, олардан сауатты композиция құрастыру туралы қарастырылып отырған өсімдіктердің суреттерін тіркей отырып өз брошюраларын дайындайды. Оқушылардың қалған тобы өз саласында өсімдіктерді пайдалану жөніндегі осындай жобалар әзірлейді.
Мұндай шығармашылық жұмыс барысында балалар деректерді жинауды, талдауды, оларды жинақтауды үйренеді, оларда коммуникативтік дағдылар, топпен жұмыс істеу машығы қалыптасады.
Оқушыларға биология курсында өткізілетін әртүрлі азық-түлік өнімдерінен дәрумендерді табуға қатысты кішігірім зерттеулер қызықты. «В6 және В12 дәрумендерін анықтау» шағын зертханалық жұмысы әзірленген. Нұсқамалық карта бойынша оқушылар аталған дәрумендердің сапалық құрамын анықтайды. Мұндай әрекетті тіпті биология пәніне қызығушылық танытпайтын оқушылар да қуана қабылдайды.
Осындай кішігірім жобаларды тыныс алу органдары, омыртқа қисаюының алдын алу, физикалық жаттығуға дейін және кейін тамыр соғуын есептеу бойынша тақырыптарды оқу кезінде үй жұмысы нысанында қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет