Оқу құралы I бөлім Қостанай, 2016 2


қазiргi  -  өтпелi,  сағым,  ол,  шынына  келгенде,  еште



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#5957
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

қазiргi  -  өтпелi,  сағым,  ол,  шынына  келгенде,  ештеңе”,  сондықтан,  шығыс  ойы 
оны  тесiп  өтiп  одан  әрi    жатқан,  өзгермейтiн,  өлмейтiн,  бұл  дүниедегi  өлiм  мен 
бақытсыздықтың  әржағындағы  өлместiк  пен  құдiреттi  бiрдеңенi  көргiсi  келедi. 
Шығыс  данасы  бұл  идеалдан  ешқашанда  бас  тартпайды,-  деп  қорытады 

 
 
146 
С.Вивекананда.  Оның  ойынша,  Христостың  өзi  -  нағыз  Шығыс  пайғамбары, 
өйткенi, ол сыртқы дүниеге байланбаған болатын. 
Адамның  Қүдайға  бағытталған  өмiр  жолы,  негiзiнен,  үш  сатыдан  тұрады. 
Алғашында,  адам  Құдайды  аспандағы  қатал  құдiреттi  күш  ретiнде  қабылдайды. 
Келесi  сатыда,  өзiнiң  рухани  деңгейi  өскен  сайын  ол  Құдайдың  барлық  жерде 
екенiн сезiнедi. Ең соңғы сатысында, адам Құдайды өз iшiнен тауып, Құдай мен ол 
-  бiр  екенiн  аңғарады.  С.Вивекананданың  ойынша,  барлық  дүниедегi  дiндердiң 
негiзгi  ақиқаты,  мiне,  осы.  Олай  болса,  дүниежүзiндегi  дiндердi  бiр-бiрiне  қарсы 
қоймау керек. 
С.Вивекананда  дiн  мен  ғылымның  үйлесiмдi  дамуын  көрсетедi.  “Бүгiнгi  таңда 
ғылым  ғарыштың  бiртұтастығын  дәлелдедi.  Метафизиктiң  (яғни  философтың) 
“болмысын” физик “материя” дейдi. Шынына келгенде, осы екi ұғым  - бiр ұғым. 
“Атом” мен “атманды” алсақ, оларда бүкiл ғарыштың потенциалдық күш - қуаты 
берiлген.  Олай  болса,  қазiргi  ғылым  мен  Веданта  (Үндi  дiни  құжаты”)  өз  -  өзi 
арқылы дамып жатқан алғашқы себептi мойындайды. 
Егер ғылым неше-түрлi деректердi жинап, зерттейтiн болса, метафизика оларды 
жалпылап бiр арнаға құяды. Ал дiнге келер болсақ, оның күшi нақтылы деректер 
мен  жалпылықты  қамтып  бiртұтас  етiп  қарайды.  Олай  болса,  бұл  үш  рух 
туындылары  бiр-бiрiн  толықтырып  отырады.  Дегенмен,  олардың  iшiндегi  дiннiң 
басымдылығын көрсеткен жөн. Тек дiн ғана ең биiк рухани ләззат әкелмек. 
Адамның  сыртқы  дүниемен  қарым-қатынасы  үш  түрге  бөлiнедi.  Бiрiншi  түрi  - 
тамастықтар,  яғни  дүниеге  байланғандар,  олар  оған  тәуелдi.  Екiншiлер  - 
раджастар,  өзiмшiл  адамдар,  олар  оқтын-оқтын  басқа  адамдарға  да  көмектесуi  , 
рухани  жетiлуде  бiршама  биiк  жетiстiктерге  де  жетуi  мүмкiн.  Бiрақ,  ең  құнды 
сатыдағылар  -  саттвалықтар,  “нағыз  iшкi  рухани  тереңдiктi  көргендер”,-  деп 
қорытады С.Вивекананда. 
ХХ  ғ.  үндi  халқының  көрнектi  саяси  қайраткерi,  ойшылы  Сарвепалли 
Радхакришнан  болды.  Оның  айналысқан  негiзгi  мәселесi  -  үндi  және  Еуропа 
мәдениеттерiнiң  қарым-қатынасы.  Оның  ойынша,  үндi  халқының  мыңдаған 
жылдар  бойы  жинаған  рухани  қазынасы  мол.  Бiрақ,  бай  мұра  ешқашанда  бiздiң 
ой-өрiсiмiздi  торға  қамап  тастамауы  керек.  Керiсiнше,  ол  Батыс  мәдениетiмен 
диалогқа  түсiп,  оның  құнды  элементтерiн  игеруi  керек.  “Еуропоцентризм”  мен 
“Азиацентризм” деген ұғымдар бiржақтылықты көрсетедi, өйткенi, дүниежүзiндегi 
бiрде-бiр  дiн  Абсолюттi  айқын  бiлдiре  алған  жоқ.  Олай  болса,  бiрдi-бiр  дiннiң 
басқалардың алдында артықшылығы жоқ. 
Үндi  елiнiң  рухани  мұрасын  үш  құрамдас  бөлiкке  -  дiн,  философия  және 
психотехникаға  бөлiп,  оның  өзегiн  С.Радхакришнан  дiннен  көредi.  Оның  негiзгi 
себебi  -  “абсолюттiк  ешқашанда  таным  арқылы  жеткiзбейдi,  өйткенi,  бiз 
шектелген  мен  салыстырмалыны  ғана  тани  аламыз.  Бiздiң  шектелген  ақыл-
ойымыз  кеңiстiк  пен  уақыт,  себептiлiктiң  шеңберiнен  шыға  алмайды...  Ой  өрiсi 
осы салыстырмалы дүниенiң бiр бөлiгi ретiнде абсолюттi тани алмайды. Бұл арада 
ғылым мен логиканы, метафизиканы да сәтсiздiк күтедi”,- дейдi С.Радхакришнан. 

 
 
147 
Тек  қана  осы  дүниедегi  болмысқа  өз  болмысыңмен,  жан-тәнiңмен  берiлiп  қана 
абсолюттi  сезiнуге  болады.  Олай  болса,  абсолюттiк  болмысқа  жету  жолы 
абстрактылық  ой-өрiсi  арқылы  емес,  өз  болмысыңмен  соған  берiлуде,  ал 
философияның шыңына тек қана жан-дүниесi таза адамдар ғана жете алады. 
Адам  мен  адамзаттың  рухани  жетiлу  мәселелерiмен  айналысқан  келесi  үндi 
философы  Шри  Ауробиндо  Гхош  болды.  Оның  ойынша,  Еуропа    мен  үндi 
елдерiнде  рухани  дамуды  тежейтiн  көп  нәрселер  бар.  Еуропалықтар  сыртқы 
дүниедегi  заттарға  көп  көңiл  бөлiп,  өздерiнiң  рухани  өмiрiн  жоғалтып  алса, 
индустар өмiрге деген күш-қуаттарын басып тастаған тәрiздi. Шынына келгенде, 
рухани  өмiр  адамзаттың  материалдық  өмiрiн  өзiне  ұқсатып  өзгертуi  қажет. 
Иогамен  айналысатын  адамның  рухы  биiк  те  таза  болғанымен,  ол  қарапайым 
өмiрден бас тартуға мәжбүр болады, оның iшкi ерiктiгi сыртқы өлiммен теңеледi. 
Егер  ол  Құдайды  тапса,  онда  өмiрден  айырылады,  сыртқы  өмiрге  қызықса,  онда 
Құдайдан  айырылады.  Бұл  қайшылықты  шешу  үшiн  жаңа  интегралдық 
(integratio,-  латын  сөзi,-  толықтырамын,  шашылғанды  жинаймын,-  деген  мағна 
бередi)  иога  қажет  деп  қорытады  Ауробиндо.  Оның  негiзгi  мақсаты  -  өмiрден 
қашпау,  Құдай  мен  Табиғатты  ерiктi  де  жетiлген  адам  өмiрi  арқылы  бiр-бiрiне 
қосу болып табылады. Ол үшiн адам белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген қызу iс-әрекет 
арқылы  өз  iшiндегi  құпия  жатқан  дарындарды  сыртқа  шығарып  жетiлу  жолында 
универсалдық трансценденттiк болмыспен қосылуы қажет. 
Жоғарыдағы көрсетiлген тұрғыдан Ауробиндо “Мая” iлiмiн сынға алады. Көне 
үндi философиясында “бұл дүние - Мая -ұлы сағым” деген iлiм болатын. Шынына 
келгенде,  Табиғат  -  сағым  емес,  ол  Құдайдың  күш-қуаты  арқылы  жүрiп  жатқан 
шығармашылық  болмыс.  Сондықтан,  адамның  жан-дүниесi  өзiнiң  бөлек 
болмысын  қолдаудан  гөрi өзiнiң Құдiреттi  күшпен  бiрге өмiрмен  де  байланысын 
көрсетiп, оларды өз табиғатында бiрiктiруi қажет. Рухани өмiр мәңгiлiктiң аясында 
болғандықтан ол өтпелi дүниеден де қашпай, материалдық өмiрге қайтып оралып, 
оны өзiнiң толыққанды өмiр сүруiнiң құралы етуi керек. 
Егер  “Хатха-иога”  дененi  жетiлдiруге  бағытталса,  “Раджа-иога”  адамның  iшкi 
өмiрiн  жетiлдiредi.  “Үштiк  жолы”  -  Еңбек,  Махаббат,  Бiлiмнен  тұрады,  ол  iшкi 
рухани өмiрдiң құрамдас бөлшектерiн пайдаланады. Олар ерiк, жүрек, ақыл-ой. 
Ауробиндоның “интегралдық иогасында” дәстүрлi иогадағыдай қатаң тәртiп, iс-
әрекеттердiң  бiрiнiң  артынан  екiншiсiнiң  келуi  т.с.с  жоқ,  сондықтан,  әр  адам  өз 
табиғатына  сәйкес  әдiстердi  қолдана  алады.  “Интегралдық  иогамен”  қайсыбiр 
адам, қандай төменгi дәрежеде болса да, айналыса алады. 
Сонымен, Ауробиндоның негiзгi идеясы - руханиат пен материалдық өмiрдi бiр-
бiрiмен  ұштастырып,  қазiргi  дүниеден  ләззат  алуға  ұмтылған,  соның  бiтпейтiн 
жарысына  түскен  адамзаттың  көпшiлiгiне  алаңдаушылықпен  қарап,  оны 
Құдайдың жолына сiлтеу болса керек. 
ХХ ғ. Шығыс философиясының құрамдас бөлiгi ретiнде Африка континентiнде 
пайда болған философиялық тебiренiстердi де келтiруге болады. “Оянып жатқан” 
континенттiң  iрi  ойшылы  ретiнде  “негритюд”  iлiмiнiң  негiзiн  қалаған  Леопольд 

 
 
148 
Седар Сенгорды келтiруге болады. Оның бүкiл шығармашылық жолын қамтитын 
негiзгi  ой  -  Африка  мәдениетiнiң  адамзат  рухына  қосқан үлесi,  қара  адамдардың 
ерекше  дүниесезiмi  мен  дүниетанымын  көрсету  болды.  Оның  бәрiн  ол  негритюд 
ұғымымен  бередi.  Оның  ойынша,  негритюд  дегенiмiз  қара  адамдар  әлемi 
құндылықтарының  жиынтығы.  Оларға  ол  интуиция  мен  эмоция  (сезiмдер),  ритм 
мен ұжым сезiмiн және диалогты жатқызады. Осы көрсетiлген құндылықтар өнер 
мен өмiр салтында, ой өрiсiнде байқалады. Сенгордың берген екiншi анықтамасы, 
негритюд  дегенiмiз  -  ұжымдық  негро-африкандық  тұлға,  дүниеге  деген 
аффективтiк  қарым-  қатынас,  яғни  ақыл-ойдан  гөрi  дүниеге  деген  сезiм 
серпiлiсiнiң  басым  болуы.  Сенгордың  ойынша,  Африканы  бодандап,  ондағы 
халықты  құл  ғылып  сатқан  елдерде  қара  адамдар  өзiнiң  мәдениетiмен, 
дүниесезiмiмен  сол  елдердiң  рухани  өмiрiне,  жалпы  өмiр  салтына  зор  әсерiн 
тигiздi  (Португалия,  Бразилия,  Чили  сияқты  елдерде).  Сондықтан,    халықаралық 
қатынастарда мұны естен шығармауымыз керек. 
Тарихқа  көз  жiберiп,  Сенгор  Африка  елдерiнiң      антикалық  грек 
цивилизациясына тигiзген үлкен әсерiн айтады (Нубия мен Мысыр арқылы). Олай 
болса  негритюдтiң  тарихы  2000  жылдың  әржағына  кетедi  ,-  деп  қорытады  ол. 
Әрине,  ойшыл  Африка  мәдениетi  мен  өмiр  салты,  дүниетаным  ерекшелiктерiн 
жақсы  көрсете  бiлдi.  Бiрақ,  оны  асыра  бағалап,  басқа  елдер  мен  жерлердiң 
мәдениетiнiң бүкiладамзат рухына қосқан үлесiн ескермеу де шындыққа жатпаса 
керек. 
Сенгор  Еуропа ой-өрiсiнiң  рационалдық,  дискурсивтiк  жолмен  дамуын  терiске 
шығармайды.  Ол  -  керек,  әсiресе,  қазiргi  ғылымды  дамытуда,  жаңа 
технологияларды  жасауда.    Сонымен  қатар,  адамзатқа  интуитивтiк  таным  да 
қажет,  өйткенi,  ол  дiн  мен  философияның,  әдебиет  пен  өнердiң  негiзiнде  жатыр. 
Олай  болса,  бүкiладамзаттық  цивилизацияның  дамуына  осы  екi  таным  жолы 
бiрдей керек.  
Қорыта  келе,  Шығыс  философиясының  ХХ  ғ.  бiршама  жетiстiктерге  жеткенiн 
байқаймыз.  Рухани  дағдарыстағы  Батыс  Шығыс  философиясындағы  “Табиғатқа 
қайта  оралу
!
”  қажеттiгiне,  “антроптық”  қағиданы,  яғни  философияның  негiзгi 
мәселесi  ретiнде  адам  мәселесi  болу  керектiгiне,  “ортаңғы  жол”,  “ымыраға 
келу”,  “ақыл-ойдың  шектелгенi”,  сондықтан,  оны  ар  -  ұждан  талаптарымен 
ұштастыру  жөнiндегi  ойларына,  ең  соңында,  жеке  адамның  қоғамнан  тыс 
болмысының 
құндылықсыздығы 
жөнiндегi 
т.с.с. 
идеяларына 
шынайы 
қызығушылықпен қарайды. 
 
 Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1. ХХ ғасырдың адамзат тарихындағы ерекше орны және оның философиялық ой-
пiкiрге тигiзген ықпалы. 
2. О.Конт адамзат ой-өрiсiнiң дамуын қандай сатыларға бөледi?  
3.  Эмпириокритицизм  бағытының  дүниеге  келуiне  қандай  себептер  өз  әсерiн 

 
 
149 
тигiздi? 
4. Верификация дегенiмiз не? 
5. Лингвистикалық философияның негiзгi қағидасы  
6. К.Поппердiң фальсификация принципiнiң маңызы неде? 
7. И. Лакатостың “ғылыми-зерттеу бағдарламасы” 
8. Парадигма дегенiмiз не? 
9. Феноменологиядағы сананың интенционалдығы дегенiмiз не? 
10. “Өмiрлiк дүние” танымға өз әсерiн қалай тигiзедi? 
11. Герменевтика дегенiмiз не? 
12. М.Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл” деген ойын қалай түсiнесiз? 
13. А.Бергсонның “шығармашылық талпыныс” ұғымы. 
14. Ф.Ницше философиясының негiзгi ұғымы. 
15. “Адамнан жоғарыға” Ф.Ницше қандай мiнездеме бередi? 
16. Ф.Ницшенiң “Құдай өлдi!” деген сөзiн қалай түсiнесiз? 
17. З.Фрейд адам психикасын қандай қабаттарға бөледi? 
18. Сублимация дегенiмiз не ? 
19. К.Юнгтың “архетип” ұғымы 
20. А.Адлердiң “компенсация” ұғымы ненi көрсетедi? 
21. Э.Фромм: дүниеде болу, я болмаса, алу керек пе? 
22. Экзистенциализм адамның өмiр сүру ерекшелiгiн неден көредi? 
23. “Шекаралық ақуал” дегенiмiз не? 
24. Экзистенциализмдегi ерiктiк мәселесi 
25. М.Хайдеггердiң “das Man” деген ұғымының мәнiн көрсетiңiз. 
26. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум” ұғымы 
27.  Христиандық  философияда  “сенiм”  мен  “бiлiмнiң”  ара-қатынасы  қалай 
шешiледi? 
28.  Т.  де  Шарденнiң  “тангенциалдық”  және  “радиалдық”  энергия  ұғымдарының 
мән-мағнасы. 
29. “Ноосфера” дегенiмiз не? 
30. “Архирейлiк” және “прометейлiк” адам. 
31. “Негритюд” iлiмiнiң негiзiн жасаған кiм? 
32.  Батыс  философиясы  Шығыс  ой-пiкiрiнде  сомдалған  қандай  құндылықтарды 
ала алады? 
 
 
 

 
 
150 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – Алматы:Атамұра, 
2000. 
 
Қ
осымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. – 
Москва: Восточная литература,2001. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
151 
1 тірек кесте. Постклассикалық философияға дейнгі материализм мен 
идеализм XIX-XX ғғ. 
 
Антикалық                             Орта ғасыр                       XVII-XVIII ғғ.                            XIX ғ.  
 
 
 Материалист.бағыт 
 
  
Жаратылыстану білімінің дамуы       
 
 
 
Идеалистік бағыт 
 
П              
 
 
Материа-
лизм 
элементтері 
А. Герцен 
В. Белинский 
Н. Чернышевский
 
Диалектикалыққ
а дейінгі 
материализм 
Метафизикалық 
материализм ______ 
Механицизм - 
механицизм 
қалдықтары________ 
Диалектаның элементтері 
Жаратылыста
-ну ілімінің 
негізі, арқауы 
Медици-
на 
Матема-
тика 
Астроном
ия 
Классика-
лық 
механика. 
Математика 
Г.Галилей 
И.Кеплер 
И. Ньютон 
Физика. 
Химия. М. 
Ломоносов  
А.А.Лавуазье 
П.С. Лаплас 
Геология. 
Физиоло-
гия 
Эмбриоло
гия 
Платон. 
Пифагор. 
Сократ 
Патристика- 
Г.Ф. 
Лейбниц 
Д. Беркли 
Д.Юм 
И. Кант 
Ф. В. 
Шеллинг - 
Гегель 
Ибн-Сина 
(Авиценна) 
О.Хайям, У. 
Оккам 
Ф.Бэкон, 
Т. Гоббс, 
Дж. Локк, 
 Б.
 
Спиноза 
Д.Дидро, П. 
Гольбах, К. 
Гельвеций, М. 
Ломоносов 
Фалес. 
Гера-клит 
Демо-крит 
Л. Фейербах 
Метафизикалы
қ тұрпайы 
антрополо-
гиялық 
матери-ализм 
Метафизи
калық 
тұрпайы 
антропол
огиялық
 
материал
изм
 
Тұрпайы, 
анайы 
материализ
м
 
По
стк
лас
си
ка
лық ф
ил
осо
фи
ян
ы
ң 
тео
рети
кал
ы
қ 
ж
ән
е 
ж
ар
атыл
ыс
та
ну
лық 
ал
ғы 
шар
тт
ар
ы
 
 
Идеализм. 
Идеалистік 
диалектика 
Идеализм 
Схоластика 
Объективтік 
идеализм 
Субъективті
к идеализм 
Об. идеа-
лизм. 
Идеалистік 
диалектикака
 

 
 
152 
 
 
 
2 тірек кесте. Постклассикалық философия (XIX-XX ғ.б.) 
 
 
Материализм 
   
 
Идеализм 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Марксизм 
философиясы 
 
К. Маркс (1818-
1883) 
Ф. Энгельс (1820-
1895) 
Позитивизм 
О.Кани (1798-1857) 
Д. Милль (1806-1873) 
Г. Спенсер(1820-1903) 
Эмпириокритицизм 
Э. Мах (1838-1936) 
Р. Авенариус (1843-1896) 
А. Пуанкаре (1854-1912) 
Иррационализм 
Волюнтаризм 
А. Шопенгауэр (1788-
1860) 
Экзистенциалық 
диалектика 
С. Кьеркегор (1813-
1855) 
Неокантианство 
Марбургтік мектеп  
Г. Коген (1842-1918) 
П. Наторп (1854-1924) 
Бадендік мектеп 
В. Виндельбанд (1848-1915) 
Г. Риккерт (1863-1936) 
Өмір философиясы 
Волюнтаризм 
Ф. Ницше (1844-1900) 
Мәдениет морфологиясы – О. 
Шпенглер (1880-1936) 
Интуитивизм – 
А. Бергсон (1859-1941) 

 
 
153 
 
 
 
 Орыс философиясы 
 
 1. Орыс философиясының ерекшелiктерi 
 2. Орыстың дiни философиясы 
 3. Орыс философтары еңбектерiндегi евразияшылдық идеялар 
 
1. Орыс философиясының ерекшелiктерi 
 
        Алғы 
орыс  философиясы  988  ж.  Рустiң  шоқынуынан  басталған 
христиандандыру процесiмен байланысты болды.  
Негізгі  қалыптасу  кезеңi  –  XI-XVII  ғ.,  өзiнiң  пайда  болған  кезiнен  ол  әлемдiк 
философиямен байланыстылығымен сипатталады.  
Жалпы  алғанда,  философиялық  және  тарихи  ой  христиандықтың  принципіне 
негізделді. 
Ресейдiң  ерекше  миссиясы  туралы  идея  XVI  ғасырда  „Москва  -  үшiншi  Рим” 
доктринасының пайда болуына алып келдi.  
Сонымен орыс философиясындағы ой „орыс идеясының” ағымында қалыптасты.  
Өзiнiң айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғ.  40-60 
ж.    болды.  Бiрiншiсiн  славянофильдер,  екiншiсiн  батысшылдар  бiлдiрдi.  Бұл  екi 
бағыттың  да  қалыптасуында  П.Я.Чаадаев  үлкен  рөл   атқарды.  Өзiнiң 
көзқарастарын ол атақты «Апологея сумашедшего», «Философиялық хаттарында» 
баяндады. 
Чаадаев католиктiк Батысты дәрiптеп, оны Ресейге үлгi тұтты, ал екiншi жағынан, 
Ресейдiң  Батыстан  айырмашылығы  оның  ерекше  „Ғаламдық  миссиясында”  деп 
айтты.  
Ресейдiң  дамуын  европалық  үлгi  бойынша  насихаттайтын  бағыт  –  бұл 
батысшылдық.  Бұл  бағыттың  өкiлдерi:  А.И.Герцен,  Н.П.Огарев,  К.Д.Кавелин, 
Н.Г.Чернышевский,  Т.Н.Грановский  сияқты  ойшылдар  жатады,  олармен 
В.Г.Белинский,  И.С.Тургеневтер  тығыз  қатынас  орнатты.  Бұлардың  барлығы 
шiркеудi  сынап,  материализмге  сүйендi,  бұл  ағымнан  орыстың  революциялық 
демократтары өсiп шықты.  
Батысшылдар  Ресейдiң  „европаландыру”  идеясын  насихаттады  және  қорғады. 
Олардың  пiкiрiнше,  ел  Батыс  Европаға  бағдар  ұстай  отырып,  тарихи  қысқа 
уақыттың  iшiнде  экономикалық  және  мәдени  артта  қалушылығын  жойып 
еуропалық және әлемдiк өркениеттiң толыққанды мүшесi болуы тиiс. 
Славянофильдiк болса орыстың ерекше филсофиялық-идеологиялық ағымы болып 
табылады. Славянофилдер Ресейдiң әлемдегi ерекше мессиандық (құтқарушылық) 
идеясын негiздедi. Славянофильдiктiң өкiлдерi батысшылдарға да, революциялық 
демократтарға  да  қарсы  шықты.  Бұл  бағыттан  дiни  орыс  философиясы  өсiп 

 
 
154 
шықты. 
Славянофильдiктiң 
негiзiн 
қалаушылар 
А.С.Хомяков, 
И.В.Киреевский, 
К.С.Аксаков,  Ю.Ф.Самариндер  болды.  Бұл  идеялық  позицияға  В.И.Даль, 
А.Н.Островский,  В.И.Тютчев  сияқты  ақын-жазушылар  жақын  болды.  Бұл  қоғам 
қайраткерлерiнiң  шығармашылығы  бойынша  философия  Ресей   өркениеттi 
елдермен  бiр  қатар  болу  үшiн  Батыстан  алынған  үлгiлердiң  бiрi  емес,  ұлттық 
дамудың рухани жетiстiктерi шеңберiндегi қажеттi элемент.  
Ресей  православиелiк  рухани  негiзге  сүйене  отырып,  оны  әлемдiк  жетекшiлiкке 
әкелетiн  ерекше  жолмен  жүруi  тиiс.(отаншылдық,  қоғамның  толықтығын,  жан-
жақтылығын  дәлелдеуге  тырысады.)  Олардың  пiкiрiнше,  батыстық  мемлекеттер 
жасанды  құрылымдар.  Керiсiнше  Ресей  органикалық  тұрғыда  қалыптасты,  ол 
„құрылған”  жоқ,  ол  „өсiп  шықты”.  Ресейдiң  бұл  табиғи  дамуын  славянофилдер 
православиенiң  ерекше  әлеуметтiк  ұйым–селолық  (ауылдық)  қауымды 
тудыруымен  түсiндiредi.  Орыстың  қауымдық  құрылымы,  олардың  пiкiрiнше, 
ерекше тарихи жолды айқындайтын орыс халқының ең маңызды принципi. 
Жоғарыда  айтылғандай  славянофилдердiң  бастапқы  тезисi  Православиенiң 
шешушi  рөлiн  бекiту  болып  табылады.  Олардың  пiкiрiнше,  дәл  осы  орыс  жерiн 
жаратқан „орыс рухын” қалыптастырды. 
Православиенiң өзге дiндерден артықшылығын көрсететiн қандай қасиеттерi бар? 
Бұл сұраққа жауап беру үшiн славянофилдер әлемдiк тарихтағы әртүрлi дiндердiң 
рөлiн  бағалайтын  зерттеулер   жүргiзедi.  Христиан  дiнi  үш  iрi  бағытқа  бөлiнедi: 
Католиктiк,  Православиелiк,  Протестанттық.  Бұл  бөлiнiстен  кейiн  „еркiндiк 
бастауы”  бұл  шiркеулердiң  кейбiреуiнде  өзiнiң  мәнiн  жоғалтқан.  Славянофилдер 
католицизимде шiркеу еркiндiгi жоқ деп есептейдi, өйткенi онда Рим папасының 
күнәсыздығы  туралы  догма  бар.  Протестантизм  болса  шiркеудiң  жойылуына 
әкелетiн адами еркiндiктi, индивидуалдық бастауды абсолюттендiре отырып, өзге 
бiржақтылыққа  ұрынады.  Тек  православие  ғана  еркiндiк  пен  қажеттiлiктi 
үйлесiмдi түрде үндестiредi. 
Еркiндiк  пен  қажеттiлiктiң  үйлесiмдiлiгi  мәселесiн  шешу  үшiн  славянофилдер 
өздерiнiң  философиялық  көзқарастарындағы  маңызды  принцип  –  соборшылдық 
(еркiн  қауымдастық)  ұғымын  енгiзедi.  Бұл  ұғымды  даярлаған  А.С.Хомяков. 
Ауылшаруашылық  қауымын  славянофилдер  асыра  дәрiптейдi.  Қауымның 
экономикалық  әрекетi  жеке  және  қоғамдық  мүдделердiң  үйлесiмдi  бiрлiгiн 
бiлдiредi.  Селолық  қауымның  басты  артықшылығы  өз  мүшелерiн  тәрбиелейтiн 
рухани адамгершiлiк принциптерден көрiнедi: ортақ мүдденi сақтауға дайын болу, 
патриотизм.  Қауым  өмiрдiң  әлеуметтiк  ұйымдасуының  ең  жақсы  формасы  және 
қауымдық  құрылым  сонымен  қатар  мемлекеттiк  өмiрдiң  негiзiн  құрауы  тиiс, 
олардың пiкiрiнше ол „Ресейдiң тұрпайы әкiмшiлiгiн” алмастыруға қабiлеттi. 
Славянофилдердiң  тұжырымдауынша  „ресейлiк  қоғамда  қауымдық  принциптiң 
таралуына 
байланысты 
соборшылдық 
рух 
беки 
түседi”. 
Әлеуметтiк 
қатынастардың  негiзгi  принципi  „барлығының  мүддесi  үшiн  өзiнен  бас  тарту” 
болып табылады. Осының арқасында дiни және әлеуметтiк талпыныстар бiртұтас 

 
 
155 
ағымға  құйылады.  Нәтижесiнде,  славянофилдер  „халықтық  қауымдық  бастаудың 
шiркеулiк  қауыммен  жандануы”  деп  анықтайтын  iшкi  тарихтың  мiндетi 
атқарылатын болады. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет