Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет129/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   244

Журналист тұлғасы





  1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасына назар аударыңыз.

Жаңаны жақтаушы, жақсылықты қолдаушы, шығармашылық қызмет, әдеби өңдеу, көз-жеткізу, толғап айта білу, сергектікпен қарау, қателіктің зияны, өнеге болу, төрелік ету, жеке мүдде, ел қамы.

  1. Ойшақыру. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Журналистің қандай ерекше қасиеттері болуы керек деп ойлайсыз?

  2. Журналист тұлғасы деп нені түсінесіз?




3. Мәтінді оқыңыз.

Журналист тұлғасы



Журналист өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білімі, іс-тәжірибесі болмақ. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио, телевизия жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші–ұйым дастырушылдық, екінші-әдеби өңдеу, үшінші-шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылысытардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет.

Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиғ құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел, жариялап отыруы міндет.

Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принцптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес-мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек.

Сондай-ақ, журналистік мамандық басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті.

Журналист – шығрмашылық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болу тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы тиіс.

(Т. Бекниязов. Журналистің шығармашылық шеберлігі. А., “Қазақ университеті”, 2004)


4. Тапсырмалар.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Журналист қандай қызметкер?

ә) Журналистің қандай қасиеттері болуы керек?

б) Журналист немен айналысады?

в) Журналист қателігінің зардабы қандай болмақ?

г) Журналистпен есептесетін кімдер?
5.Мәтіннен филология, журналистика салаларына қатысты терминдерді табыңыз.
6. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз: шығармашылық, тәжірибе, көзқарас, оқиға, сенім, жауапкершілік, борыш, қателік.

7. Мәтіннен журналист тұлғасын суреттейтін сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

8. Өзіңізге өнеге болып жүрген бір журналист тұлғасы жайлы әңгімелеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет