ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


Модификациялық өзгергіштік



бет35/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Байланысты:
Бурунбетова генетика 2

9.2 Модификациялық өзгергіштік

Жануарлар мен өсімдіктерде қоршаған ортаның тікелей әсерінен пайда болады. Көбіне бейімделушілік немесе адаптацияның маңызы бар. Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайтын генотипті өзгертпейтін фенотиптік өзгергіштік. Ол топтық сипаттама көрсетеді. Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын ағзалардың фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Дарабастардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни ағза белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып оның сүтін молайтуға болады. Бұл тез және көп өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты және ол сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, құнарлы азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз өзгеретін, тұрақты белгі — сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол да аздап болса өзгереді. Бұдан қандай белгі-қасиет болсын сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық өзгергіштікке ұшырайтындығын көруге болады.


Модификациялық өзгергіштік ағзаның көбею жолдарына, қандай биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер бетіндегі барлық тірі ағзаларда болады.
Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан олар тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қызметіне және ферменттердің белсенділігіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, төменгі температурада кейбір ферменттердің белсенділігі кемиді. Соған байланысты зат алмасу процесі өзгереді де, ағзаның өсіп-дамуы баяулайды. Олай болса, сыртқы орта факторларының әсерінен көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық процестер өзгереді. Бірақ бұлар тек фенотиптік қана өзгерістер. Себебі мұндай жағдайда гендердің құрылымында ешқандай өзгеріс байқалмайды.
Модификациялық өзгергіштіктің реакция нормасы генотип арқылы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет