ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


Қолданылған әдебиеттер тізімі



бет30/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
Бурунбетова генетика 2

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бегімқұл Б. Молекулалық геентика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.

  2. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл, С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.

  3. Берсімбаев Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.

  4. Инге-Вечтомов, С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.

  5. Лобашев М.Е. Генетика: учебное пособие/ М.Е.Лобашев. - ЛГУ, 1967. – 746 c.

  6. Стамбеков С.Ж. Генетика: оқу құралы/ С.Ж.Стамбеков. Алматы: Ана тілі,1993. - 448 б.


8 Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы




Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын 1910 жылы америка ғалымы Т.Морган және оның оқушылары А.Стертевант, К.Бриджес және Г.Меллер дәлелдеді. Кез-келген ағзада хромосомаға қарағанда гендер саны әлдеқайда көп, сондықтан бір хромосомада көптеген гендер орналасады.


Гомологты хромосомалардың бір жұбында орналасқан өзара тіркесулі гендер сол хромосомада орналасқан басқа гендер тобымен бірге ұрпаққа ауысып, тұқым қуалайды. Гендердің еркін комбинация жасамай, топталып тұқым қууын гендер тіркесі деп атайды. Егер ұзын (жетілген) қанатты сұр шыбын (доминант –BBVV) мен шала жетілмеген қанатты қара (bbvv – рецессив) шыбынды будандастырсақ бірінші ұрпақтың бәрі (BbVv) жетік қанатты сұр шыбын болып шығады. Бұл екі жұп аллель бойынша (сұр дене, қара дене және жетік қанатты, шала қанатты) пайда болған гетерозигота. Осы дигетерозиготалы сұр денелі, жетік қанатты аталық шыбындарды рецессивті белгілері бар қара денелі, шала қанатты аналық шыбындармен анализдік будандастырғанда, Мендельдің екінші заңы бойынша бұлардан төрт түрлі фенотипі: 25% жетік қанатты сұр, 25% шала қанатты сұр, 25% жетік қанатты қара, 25% шала қанатты қара ұрпақтар аламыз деп күткен болар едік. Тәжірибе нәтижесінде күтілген мәліметтен өзгеше, тек қана екі-ақ түрлі фенотипі бар ата-аналықтарына ұқсас: ұзын қанатты қара және шала қанатты сұр шыбындар ғана шықты. Бұл тәжірибеде белгілердің толық тіркестігі байқалады. Мұның өзі гетерозиготалық аталық шыбынның сәйкес жұп хромосомасының бірінде қара дене және жетік қанаттың, ал екіншісінде – сұр денемен шала қанатқа жауапты гендердің барлығымен байланысты. Мейоз кезеңіндегі спермиогенезде гомологтық хромосомолар әртүрлі жыныс жасушаларына тарайды. Сөйтіп тек екі түрлі: біреуі -bV, екіншісі - Bv, гендері бар гамета түзіледі. Осы гаметалардың рецессивті белгілері бар гаметалармен қосылуынан екі-ақ түрлі шыбындар пайда болады. Бір хромосомада орналасқан гендер толық тіркескен күйде бір ұрпаққа ауысады. Өзара тіркескен гендер тобының саны, сол түрдің хромосомаларының гаплоидтық санына сәйкес келеді. Олардың саны жеміс шыбынында – 4, жүгеріде -10, арпада – 7, адамда –23 т.с.с. Осындай сәйкестік тұқым қууда хромосомалардың маңызды роль атқаратындығына дәлел.
Келесі тәжірибеде Морган алғашқыдағыдай қара денелі жетік қанатты аналық шыбындарды сұр денелі шала қанатты аталық шыбындармен будандастырды. Бірінші ұрпақтың бәрі сұр денелі ұзын қанатты болды. Содан кейін анализдік будандастыру кезінде, ол F1-ден аталықтың орнына аналық шыбынды алып, оны қара денелі шала қанатты аталықпен будандастырылды. Бұдан алынған ұрпақтар толық тіркестегідей 2 түрлі емес төрт түрлі: сұр денелі шала қанатты, қара денелі ұзын қанатты, сұр ұзын қанатты және шала қанатты қара болды, бірақ еркін комбинацияланудағыдай арақатынасы тең емес. Шыбындардың 41,5% қара ұзын қанатты, яғни ата-аналарының белгілерін қайталады. Тек 17% ғана жаңа үйлескен белгілермен, атап айтқанда 8,5% қара шала қанатты және 8,5% сұр ұзын қанатты болды. Сөйтіп алынған ұрпақтың 83% ата-тегіне ұқсас болғанымен жаңа үйлескен белгілер мен де шыбындар пайда болады. Демек тіркес толық болған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет