9.3 Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері
Мысалы, бір ағаштан үзіп алынған жапырақтардың ұзындығы мен енін өлшесек, олардың әр түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жапырақтардың өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі және т.б. бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын
9 - сурет - Жапырақтардың өзгермелі нұсқа қатары (жапырақ ұзындығы сан арқылы көрсетілген)
өзгергіштік. Егер жапырақтарды ұзындығы бойынша ең кішісінен үлкеніне дейін бір қатарға орналастыратын болсақ, бұл белгінің өзгергіштік қатарын көреміз (9-сурет).
Вариациялық қатар
Вариациялық қатар - ағзалардың зерттеліп отырған белгінің мәні бойынша (немесе жеке варианталардың) кластарға үлестірімі. Жалпы, вариациялық қатар екі түрлі мақсатқа сәйкес құрастырылады. Біріншіден, зерттелетін белгінің орта шамалары мен өзгергіштік көрсеткіштерін есептеу үшін, екіншіден, белгінің өзгеру заңдылығын кең көлемде сипаттау үшін.
Вариациялық қатарды құрастыру. Бұл үшін мынадай есептеу жұмыстарын атқару қажет:
1) іріктемеден максимал және минимал варианталарды табу;
2) кластар санын (l анықтау);
3) класс аралығын (k) аныктау:
k= Х max — Х min
l
мұнда, k - класс аралығы;
хmax,хmin - іріктеменің максимал және минимал варианталары;
l - класс саны.
Класс санының жуық мөлшерін 12-кестені пайдаланып, табуға болады;
12 - кесте – Класс санының п-ге сәйкес өзгеруі
Іріктеме көлемі (п)
|
Класс саны (l)
|
25-40
|
5-6
|
40-60
|
6-8
|
60-100
|
7-10
|
100-200
|
8-12
|
200<
|
10-15
|
4) кластардың төменгі шекараларын табу, бұл үшін белгінің минимал мәніне к шамасын максимал варианта енгенге дейін қосады;
5) кластардың жоғары шекараларын табу, олар келесі кластың төменгі шекарасынан белгінің өлшеу дәлдігіне сәйкес бір бірлікке кем болуы керек;
6) варианталарды өздерінің мәндеріне сәйкес кластарға жүйелі түрде түсіру, оларды нүкте мен сызықшалар арқылы түсірген ыңғайлы:
Варианталарды кластарға түсіріп болғаннан соң, жиілік шифрларын сандарға айналдырып, вариациялық қатар алынады. Енді вариациялық қатар құрастыру принципімен жеке мысалда танысайық.
Мысалы. Аудан орталығы мектебінің 1-сыныбында оқитын қыз балалардың бой ұзындығы өлшенді. Өлшеу нәтижесі мынадай болды:
114 122 109 113 119 112 123 120 116 119 122 126
127 120 118 115 113 116 119 111 115 115 118 117 122
127 118 114 116 111 119 116 113 117 125 128 129 122
128 118 123 120 118 113 119 115 111 116 119 130
122 114 118 125 120 119 122 120 118 120 124 121 116
117 115 119 124 119 121 118 122 125 126 120 119 115
121 124 132 114 118 121 131 122 122 120 114 118 113
119 122 116 125 118 120 122 109 125
Осы іріктеменің мәліметі бойынша вариациялық қатар құру керек. Мұнда белгі 109 сантиметрден 132 сантиметрге дейін үзілмелі өзгереді. Класс аралығы:
132-109
к= =2,88=3
8
Бірінші кластың төменгі шекарасы 109-ге тең болады, оған к шамасын қосып, екінші кластың төменгі шекарасын табады. Осындай жолмен барлық кластардың төменгі шекараларын табады: 109-112-115-118-121-124-127-130.
13 - кесте –1-сыныпта оқитын қыз балалардың (n=100) бойы ұзындығының үлестірімі
Ескерту: кестедегі соңғы үш бағана вариациялық қатардың көрсеткіштерін есептегенде қажет болады.
Енді оларды белгінің өлшеу дәлдігінің бірлігіне азайтып, кластардың жоғарғы шекараларын табады (10-кесте, 1-бағана). Көмекші есептеу кестесін сызып, барлық 100 варианталарды белгіленген кластар интервалдарына түсіреді (2-бағана).
Түсіру цифрларын санға айналдырамыз, олардың қосындысы іріктеменің көлеміне тең болады, яғни:
∑f = п = 100 (3-бағана).
Белгілердің өзгеру заңдылығын көрнекті етіп көрсету үшін вариациялық қатарды график түрінде кескіндеу ыңғайлы. Вариациялық қатардың графигін кескіндеу үшін абсцисса осіне класс интервалдарының шекараларын, ордината осіне интервалдар жиілігін түсіреді. Абсцисса осінен көтерілген перпендикулярлардың бастарын түзу сызықпен қосып, гистограмма (бағандама) және үлестірім алқабы (вариациялық қисық сызық) деп аталатын геометриялық фигуралар алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |