ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж


Жыныс хромосомалaры жүйесіндегі ауытқулар



бет33/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
8.3 Жыныс хромосомалaры жүйесіндегі ауытқулар

Малдың кариотиптерін зерттеу кезінде жыныс хромосомаларының жүйесінде болатын аномалиялар анықталған. Олар негізінен мейоз кезінде хромосомалардың дұрыс ажыраспауы негізінен, сондай-ақ әртүрлі өкілдердің жасушаларының алмасуының нәтижесінде болады.


Төмендегі 11 - кестеде осы кемістіктердің мәліметі мен олардың фенотиппен байланысы келтірілген. Бұл деректерден жыныс хромосомалары жүйесіндегі зақымданулар малдың ұрықтандырғыштығына зиянын тигізетіндігін көруге болады.

11 - кесте –Жыныс хромосомалaрындағы зақымданулар


және оның фенотиптік көрінісі (Густавсон, 1980)

Жыныс хромосомалары

Түрлер

Негізгі фенотиптік көрініс

1

2

3

ХО

Шошқа, жылқы

Интерсексуалдық (қызтекелік), жыныс бездерінің дамымауы

ХО/ХХ

Мысық, жылқы

Өлі туу, жыныс бездерінің дамымауы (гипоплазия)

ХХУ

Жылқы, ірі қара мал, қой, шошқа, ит, мысық

Бедеулік (стерильдік), жыныс бездерінң дамымауы

ХО/ХХ/ХУ/ХХХ

Шошқа, сиыр

Интерсексуалдық, жыныс бездерінің дамымауы

ХХУ/ХУ

Ірі қара мал

Бедеулік, жыныс бездерінің дамымауы

ХХУ/ХХ

Жылқы, ірі қара мал, шошқа, мысық

Интерсексуалдық, жыныс бездерінің дамымауы

11 - кестенің жалғасы

1

2

3

ХХУ/ХХ/ХУ

Ірі қара мал

Интерсексуалдық, жыныс бездерінің дамымауы

ХХУ/ХУ/ХО

Ірі қара мал

Интерсексуалдық, жыныс бездерінің дамымауы

ХХУ/ХУ/ХХ/ХО

Жылқы

Крипторхизм (іштен пішіліп туу)

ХХХУ

Жылқы

Интерсексуалдық

ХХХУ/ХХУ

Шошқа

Анықталмаған

ХУУ/ХУ

Ірі қара мал

Анықталмаған



Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы, кроссинговер, хромосомалардың айқасуы, аддитивтік, интерференция, хромосомалардың генетикалық картасы.


Бақылау сұрақтары:
  1. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы дегеніміз не?

  2. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын кім, қашан ашты?

  3. Гендер тіркесі деген не?

  4. Кроссинговерге анықтама бер.


  5. Хромосомалардың айқасуын қалай түсінесің?

  6. Интерференцияға анықтама бер.

  7. Хромосомалардың генетикалық картасы қалай құрылады?

  8. Жыныспен тіркескен белгілер деп нені атайды?

  9. Крис-кросс тұқым қуу дегеніміз не?

  10. Жыныс хромосомалры жүйесіндегі ауытқулар қалай анықталады?



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бегімқұл Б. Молекулалық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.

  2. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл, С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.

  3. Берсімбаев Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.

  4. Инге-Вечтомов, С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.

  5. Лобашев М.Е. Генетика: учебное пособие/ М.Е.Лобашев. - ЛГУ, 1967. – 746 c.

9 Өзгергіштік

Өзгершіштік барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Өзгергіштік деп жаңа белгілерге ие болу немесе бұрынғы белгілерінен айырылу қаситетін түсінеді. Өзгергіштік тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық қасиетімен тең басты ерекшеліктері.


12 - кесте – Өзгергіштіктің түрлері

Өзгенргіштік
түрі

Түрі

Тобы

Топ тармағы

Мәні

1.Модифика-циялық






1.Геонм-дық




Сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне белгілі бір гентиптің реакциясы

2.Генотип-
тік

Мутациялық

2.Хромо-сомалық қайта құрылу

а) полиплоидия


б) гетероплоидия

Хромосомалардың диплоидты жинағының бірнеше рет артуы (18, 36, 54 – хризантема гүлінің хромосомалар жиынтығы )
Митоз немесе мейоздың хромосомалар саны гаплоидты болмай қалуы




а) делеция (жетіспеушілік)
б) дупликация (екі еселену)


в) инверсия (бұрылу)


г) транслокация (орнын ауысты-ру)

Тізбектегі хромосома бөлігінің жоғалуы
Хромосоманың дубльдеуші бөлігінің келіп қосылуы
Хромосома бөлігінің үзілу кезінде 1800 бұрылуы
Хромосома бөлігінің гомологты емес хромосомага ауысуы

3.Гендік (нүктелік) мутация




Ген құрылымын өзгеруі

3.Комбина-тивтік өзгергіштік










1. Мейозда гомологты хромосомалардың тәуелсіз (кездейсоқ) таралуы
2.Ұрықтану барысында хромосомалардың кездейсоқ үйлесуі
3.Кроссинговер нәтижесінде гендердің рекомбинациясы

Өзгергіштіктің үлкен биологиялық маңызы туралы алғашқы жүйелі ғылыми пікір айтқан Ч.Дарвин болды. Ол тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау (табиғи немесе қолдан сұрыптау) органикалық дүние эволюциясының негізгі үш қозғаушы күші екенін толық дәлелдеді.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік ұрпақта ата-аналарының ерекшеліктерінің әртүрлі қисындасуына, яғни олардың жаңа комбинация құруынан немесе жасушаның генетикалық аппаратының, геннің басқа да элементтерінің өзгеруінен кенеттен пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты тұқым қуудың екі түрлі өзгергіштігі болады – ол комбинативтік (қисындасу), мутациялық (кенеттен пайда болған) және модификациялық немесе тұқым қуаламайтын сыртқы ортаның әсерінен туған өзгергішітк. Сонымен қатар коррелятивті өзгергіштік (өзара байланысты) маңызды орын алады.
Комбинативтік (лат. «комбинацис» - үйлесу, қисындасу) өзгергіштік әр түрлі шағылыстыру, будандастыру арқылы алынған малдың, өсімдіктің ұрпақтарында байқалады. Бұл өзгергіштіктің салдарынан жаңа тұқым қуалау белгілері пайда болмайды, тек қана ата-анасының гендерінің алмасуы арқасында жаңа белгілер үйлесімі пайда болады. Комбинативтік өзгергіштіктің негізінде көптеген мал тұқымдары шығарылады.
Коррелятивтік (өзара байланысты) өзгергіштік. Тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерінен ағзаның біртұтас өсіп, дамиды. Сондықтан бір мүшенің немесе ұлпаның өзгеруі басқа мүшелер, ұлпалардың өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, гипофиздің алдыңғы бөлігінің жетілмеуі ағзаның бойының және жыныстың өсуін тоқтатады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет