Оқу құралы Қостанай 2016


Антропоэкожүйенің жүйе деңгейлері



бет13/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Антропоэкожүйенің жүйе деңгейлері. Адам экологиясы түрлі деңгейдегі антропоэкожүйелерді зерттейді ауқымдыдан (немесе дүниежүзілік) жергіліктіге дейін (шағын ауыл немесе қаланың ішіндегі аудан) және тіпті жекеге дейін (тұрғын үй, цех зауыт т.б.).
Барлық жер планетасы оның жұқа қабатымен және жақын ғарышымен экологтардың зерттейтін жалпы нысаны болуы мүмкін, егер мысалға, жердегі адам өмір жағдайын салыстыру мүмкіндігі туса және адамның басқа ғаламшарларда өмір сүру жағдайлары. Дүниежүзілік антропоэкожүйе (немесе антропоэкожүйе) жердің барлық қабатын алады және жер жүзіндегі барлық халық (адам қоғамындағы), техникалық құралдар көмегімен қолданылатын планетаның табиғи ресурстарынан тұрады. Адамзаттың шаруашылық қызметі оның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар биосфераға біршама экологиялық зиян келтіреді, нәтижесінде тек қана табиғат емес адамзат та зиян шегеді.
Антропоэкожүйе аса төменірек деңгейден тұрады, тіпті, қарапайым деңгейге дейін, шектелген кеңістікте оның қарамағында орналасқан шағын адамдар топтары. Осындай шағын локальды антропоэкожүйенің мысалы ретінде ғаламшар кемесі, экипаж қызмет етеді. Бірақ жиі антропоэкологиялық зерттеу нысаны болып аймақтық кешендер, ел ретінде, федеральды аймақ, ірі экономикалық аудан, әкімшілік аудан, қала болады.
Антропоэкожүйе және оның құрылымы. Жеке адам топтарын зерттеу немесе барлық халықтың қоршаған ортамен шектелген түрлі аймақта түрлі өмірлік жағдайлар нақты өмір шарты негізінде қарастырылады. Адамның өмір сүру ортасымен тіршіліктің жеке жақтары көптеген сипаттамалармен байланысты қарастырылады. Оларға климаттың ерекшеліктері, сумен қамтамасыздандыру аймақтарындағы су қоры, жануарлар мен өсімдіктер рельефі жатады. Одан басқа, әлеуметтік-экономикалық жағдай бағаланады, көрші аймақтармен арақатынасы, жергілікті және халықтық дәстүр, дін, қоршаған ортаның ластану деңгейі, тұрғын үймен қамтамасыздандыру, жұмыс ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру, тамақтану түрі т.б.
Антропоэкожүйе белгілі бір уақытта бір жерде өтетін, оларды байланыстыратын компоненттер мен жүйеден тұрады. Зерттеу мақсатында антропоэкожүйеге сәйкес келетін модельдер жасалуда.
Антропоэкожүйенің графикалық моделін қарастырайық.
Модельдің ортасында адамдар қауымы орналасқан. Ол табиғаттың, шаруашылықтың, халықтың ( қала тұрғындары – аумақ тұрғындардың бөлігі, аумақ тұрғындары – ел тұрғындарының бөлігі, еңбек етушілер – барлық тұрғындардың бөлігі т.б.), әлеуметтік – экономикалық жағдайларымен байланысты бөлігі болып табылады.
Адамға қоршаған ортаның ластануы өте үлкен әсер етеді. Сонымен қатар адам қоғамының сыртқы элементтерінің айналасы өз алдына бір – бірімен байланысып, үлкен жүйе құрайды. Барлық элементтердің құрамы және қоршаған орта факторы бірлестігі және олардың өзгерісі адам қауымының негізгі мінездемелерінің өзгеруіне әкеледі: демографиялық мінез-құлық, экологиялық сана, денсаулық деңгейі, кәсіби қалау, мәдениет деңгейі және білім деңгейі.

Антропоэкожүйе моделі







уақыт



Табиғат



шаруашылық

халық





Әлеуметтік экономикалық жағдай

қоршаған ортаның ластануы



Адамдар қауымы





мәдениет



Дін



Экологиялық сана

Денсаулық деңгейі

Демографиялық мінез-құлық



Білім деңгейі



кәсіби талғам

Бұл өзгерістер қалай жағымды болса, солай жағымсыз да болуы мүмкін. Антропоэкожүйенің әрбір бөлігін қарастырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет