Табиғат жағдайларының қолайлылығын бағалау
Ол табиғат ортасының отыздан астам параметрлерін талдаумен байланысты, соның ішіндегі 10-нан астамы ауа-райы факторларына жатса, қалғандары жер бедерін, геологиялық құрылымды, жер асты мен жер үсті суларын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін,аймақтағы ауру-сырқау болу алғышарттарын сипаттайды.
Антропологиялық аудандастыру- аумақты одан ұсақ таксондарға бөлу:
ареалдандыру-картада ерекшеленген, қандай да бір құбылыстың таралу аймағы, мысалы : кене энцефалитінің кездесу аймағы;
типология-аумақтық кешендердің белгілі бір ұқсастықтарына байланысты түрлерге, класстарға біріктірілуі;
аудандастыру-жеке (уақыт пен кеңістікте қайталанбайтын) территориялық бірліктерді айқындау;
аналитикалық немесе компонентті (территория тек бір белгісіне байланысты бөлінеді, мысалы : ауаның күкіртті сутекпен ластану қарқындылығы);
кешенді, бұл кезде зерттелетін территория бірнеше көрсеткіштерді пайдалану негізінде бөлінеді (мысалы, халықтың атмосфераның ластануымен байланысты болатын тыныс алу органдары ауруларынан өлім мен сырқаттану деңгейі немесе ауада поллютанттардың көп болу салдарынан ластану қарқындылығы);
синтетикалық немесе интегралдық, территорияны көрсеткіштердің әр түрлі үйлесімділігі нәтижесінде бөлуге мүмкіндік береді (мысалы, халық денсаулығының жағдайы мен техногендік ластану деңгейі).
Модельдеу. Модель - нысанның сипаттамалырын көрсету үшін құрастырылатын шартты бейне (қасиеттері, өзара байланысы, құрылымдық және функционалдық параметрлер). Нысанды зерттеу қол жетімсіз болған жағдайда, модельдің практикалық мәні болады. Мысалы, АҚШ пен КСРО арасындағы ядролық қақтығыс кезінде, академик Моисеев модель құрған болатын. Ғалымдар өз моделін қоғамның игілігі ретінде жасады. Мүмкін осы модель арқасында, күтпеген оқиғалардың алдын ала алдық.
Қашықтықтық әдістер. (аэрофототүсірілім, космотүсірілім, ғарыштан көзбен шолу бақылаулар). Аэрофототүсірілмдер мен космофототүсірілімдер халық денсаулығының жағдайы мен демографиялық жағдайын тікелей көрсете алмағанымен, сондай өзгерістерге себеп болатын факторларды көрсетуі мүмкін. Бұл қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |