Бақылау сұрақтары Адам экологиясы гуманитарлық,қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен қалай байланысты?
Адам экологиясын бөлек ғылым ретінде қарастырудың мәні неде?
Адам экологиясын зерттеудегі көпбағыттылықтың болуы немен байланысты?
Адам экологиясының әдістемесі неге негізделген?
Адам экологиясын зерттеуде географиялық әдістер не үшін қолданылады?
Талқылауға арналған тақырыптар. «Адам-қоршаған орта» арақатынастарының барлық кешенін зерттеуге мүмкіндік беретін біріккен әдістемелік жүйе құрастыру мүмкін бе?
«Адам бұл-микрокосмос».Бұл анықтаманы қалай түсінесіз?
Адамды тек биоәлеуметтік жаратылыс ретінде қарастырып,адамзат баласының барлық мәселелерін шешу мүмкін бе? Адамда ғылым түсінбейтін және қабылдамайтын бірақ адамның тіршілік етуін басқаратын бірдеңе болуы мүмкін бе?
Адамның және оны қоршаған орта дағдарысының терең себептері қандай?
2-тарау
АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ АКСИОМАЛАРЫ
Кез келген ғылым секілді антропоэкологияның қызметі - болмыс туралы объективті білімді теориялық жүйелеу және өндіру. Оның тікелей мақсаттары - антропоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды онымен ашылатын заңдылықтар негізінде сипаттау, түсіндіру және дамуын болжау. Адам экологиясында білімді ұйымдастыру мен зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бар. Эмпирикалық білімнің элементтері - қоршаған адамдар қауымдастығындағы үдерістер мен құбылыстардың сапалық және сандық сипаттамаларын белгілейтін фактілер.
Ғылыми пәндердің көпшілігінде тұрақты қайталанушылық және эмпирикалық сипаттамалар арасындағы байланыс әдетте ықтималдық сипаты бар заңдардың көмегімен көрінеді. Ғылыми білімнің теориялық деңгейі эмпирикалық жағдайларды мінсіз сипаттау мен түсіндіруге мүмкіндік беретін заңдардың ашылуын болжайды. Адам экологиясында теориялық және эмпирикалық заңдар әлі қалыптаспаған.
Н.Ф.Реймерс (1992ж) былай деп жазды: «Биологиядағы теориялық ойлаудағы, әсіресе бастапқы қатты биологияландырылған экологиядағы жасқаншақтық, бұл ғылымдарда кванттық электродинамика немесе ньютондық механикадағыдай жалпы және жеке салыстырмалылық теориясының типіндегі жалпы заңдар жоқ деген әлі өте дәйектілене қоймаған сеніммен байланысты. Дегенмен жаңа фактілерді жеткілікті сенімді түрде болжайтын көптеген экологиялық қорытындылар бар, ал логикалық заңдылықтар маңызды қорытындылар болып қала береді. Сондықтан да ол тым тармақталған қорытындылар жүйесін талап етеді. Физикаға - физикалық, биологияға - биологиялық, ал экологияға - экологиялық. Ғылымның объективті құрылымы осындай».
Экологиялық заңдардың мысалы ретінде әр түрлі баспаларда кеңінен дәйек сөздендірілетін әйгілі американдық биолог Барри Коммонердің экологияның төрт заңын алуға болады. Бір қарағанда бұл заңдар өте қарапайым:1) бәрі барлығымен байланысты; 2) материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді; 3)табиғат барлығынан жақсы біледі; 4) еш нәрсе жәйдан жәй берілмейді. Шын мәнінде бұл тіпті заңдар емес, тікелей нанымдылығының салдарынан логикалық дәлелсіз қабылданатын жағдайлар, аксиомалар болып Б.Коммонердің (1974ж) «Тұйықтанған шеңбер» кітабында онымен ұсынылған заңдар жан жақты түсіндірілген. Кітап 1971 ж. Нью - Йоркта жарыққа шыққан кезде түсініктемелер қажет болған болуы керек, бірақ қазір - үш ғасыр өткеннен кейін - біз оларды афоризмдер ретінде қабылдаймыз және олардың түсіндірулерін азырақ қажетсінеміз. Әйтсе де, әрине, бұл заңдардың терең болмысы тек олардың кәсіби талдануы кезінде ғана толықтай ашылады.
XX ғ 90 жылдардың басында Н.Ф.Реймерс экология мәселелеріне қатысы бар жүз жиырма тоғыз теорема және он шақты салдардан екеуін жинады және жалпылады. Осыған ұқсас жұмысты И.И.Дедю де «Экологиялық энциклопедиялық сөздікте» (1989ж) жасаған болатын. Н.Ф.Реймерстің еңбектерінде келтірілген кейбір заңдардың антропоэкологияға тікелей қатысы бар.
П.Дансероның Бумеранг заңы немесе адам биосфера өзара әрекеттесуінің кері байланысының заңы (Б.Коммонердің 4-ші заңы –«тегін ешнәрсе жоқ») адам мен табиғат арасындағы тұрақты кері байланысты белгілейді. Адам мен табиғат арасындағы байланыстардың тарихи өзгерістері бір уақытта болатын табиғаттағы және шаруашылықтағы формаларындағы өзгерістерге әкелетін: шаруашылық формалары табиғаттағы өзгерістерден туындайтын қиындықтар салдарынан өзгерген. Өз алдына шаруашылықтағы өзгерістер табиғатта тізбекті реакциялар тудыратын. Б.Коммонер бойынша : «.....ғаламдық экожүйе шеңберінде еш нәрсе ұтылуы немесе жоғалуы мүмкін емес және жалпыға ортақ жақсарудың нысаны бола алмайтын (адам еңбегімен алынған барлық нәрсе кері қайтарылуы тиіс) бір тұтас болып табылады. Аталып кеткен төлем бойынша вексельден қашып құтылу мүмкін емес, оның мерзімін шегеруге ғана болады».