Оқу құралы Қостанай 2016



бет11/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Демографиялық (техникалық әлеуметтік экономикалық) қанығудың ережесі ғаламдық немесе аймақтық жекеленген халық орналасуының жиынтығына адамның қалыптасып қалған қажеттіліктерінің барлық аспектілерін қосқанда, оның тіршілік әрекетін сақтаудың ең жоғары мүмкіндігіне әрдайым сәйкес келетініне сендіреді. Іс жүзінде бұл шектелген өсім заңына сәйкес келетін максимальды «өмір қысымы» және өмір сүру ортасының қысымы. Дегенмен адамзат қоршаған ортаға биологиялық қысыммен қатар, техногенді қысым да жасайды. Аталмыш демографиялық қанығудың орнына бұзушы техниканың қанығуы пайда болады.
Тарихи дамудың жеделдету ережесі мынаған келіп тоқталады: антропогендік себептерінің әсерінен адамның өмір сүру ортасы мен оның шаруашылық жүргізу жағдайлары қарқынды өзгерген сайын, кері байланыс принципі бойынша адамның әлеуметтік экологиялық ерекшеліктерінде, қоғамның экономикалық және техникалық дамуындағы өзгеріс тездетіле түседі (үдеріс белгісі оң немесе теріс болуы мүмкін). Қоғамның өндіргіш күштері табиғат пен қоғам арасындағы байланысты жанамалайтын болғандықтан, ал антропогенді әсерлер эволюцияның қарқын алуы кезінде қозғаушы күш болып, қоғамның өзін тез өзгертетіндіктен, үш мүшелі «табиғат -өндіргіш күштер - өндірістік қатынастар» жүйесі үдерістердің өздігінен тездетілуі тенденциясымен дамиды. Өмір сүру ортасының төмендеп бара жатқан көрсеткішіне жауап ретінде оны жақсартуға тырысатын механизмдер пайда болады (техника буындарының ауысуы, ресурс үнемдеуші ғылымды қажет ететін өндіріс, демографиялық реттеу).
Өз заманында В.И.Вернадский былай деп қырағы байқаған болатын: «Біз барлығымыз көбіне ғылымдар бойынша емес, мәселелер бойынша маманданамыз. Бұл бір жағынан зерттеліп отырған құбылысқа аса тереңдеуге, ал екінші жағынан оны барлық көзқарастарды ескеріп, жан-жақты қамтылуына мүмкіндік береді»
Ғылымда ірі мәселелер немесе мәселелер кешенін зерттеу тікелей бағытпен жүргізіледі. Антропоэкологиялық зерттеулер географиялық, медициналық, биологиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяси ғылымдардың деректерін біріктіргентікелеі ғылыми бағыттың мысалы бола алады. Бұл ғылымдардың теориялары, заңдары және парадигамалары антропоэкологиялық аксиоматиканың қалыптасуына елеулі ықпалын тигізді.
Адам экологиясы іргелес ғылыми бағыттардан көптеген ойлар мен теорияларды сіңірген болатын. Оның теориясының қалыптасуында медицина - биологиялық және география -геологиялық ғылымдар саласындағы ірі қорытындылар үлкен рөл ойнады. Бірақ кез келген ғылым сияқты оның теориясының, фактілерінің, гипотезаларының ұйымдастырушы бастамасы бола алатын өзіндік жеке заңдар, постулаттар немесе басқа теориялық бағдар қажет етіледі. Осыған байланысты негізгі антропоэкологиялық заңдылықтарды ашып көрсететін ережелер қатарын тұжырымдауға әрекет жасалған болатын. Адам экологиясы күрделі көп аспектілі, маманнан көптеген іргелес, кейде тіпті одан алшақ ғылыми пәндерді білуді талап ететін пән. Сол уақытта адам экологиясының теориялық негіздерін бір қатар қарапайым аксиомалар түрінде көрсетуге болады. Негізінде бұл аксиомалар көптеген ғылымдардың іргелі зерттеулеріне негізделген және белгілі мөлшерде ірі ғалымдардың көптеген дисскусияларының, еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Антропоэкологиялық ғылымның құрамына бірнеше аксиомалар жатады.
1. Адамзат бір жағынан биологиялық түр, табиғат бөлшегі; екінші жағынан өзі құрған цивилизацияның иеленушісі. Сондықтан оның даму негізінде екі басты үдеріс биологиялық эволюция және мәдени прогресс.
Биологиялық мағынада адам homo sapiens түрі, гоминидтер отбасы приматтар отряды, сүтқоректілер класы өкілі. Жердегі органикалық өмір дамуның жоғары сатысы.
Ғалымдар тарихи антропологияда «кроманьондық» атауын алған қазіргі физикалық кейіпте отты пайдалана алатын оның алдындағы «неандертальдықтан» ерекшеленіп, адам осыдан шамамен елу мың жыл бұрын пайда болды деп есептейді. Тастан жасалған еңбек құралдарын қолданған ертеректегі гомонидтер (австралопитектер және т.б.) бірнеше миллион жыл бұрын пайда болған. Адам тәріздес маймылар мен ежелгі гомонидтерден ол абстракцияларға қабілетті дамыған ойлау жүйесімен, дамыған сөйлеу мәнері және оған эквивалентті коммуникацияның белгілер жүйісінің болуымен, әр түрлі еңбек құралдарын жасай білу қабілеттерімен ерекшеленді. Жануарларға қарағанда адам табиғат жағдайларына тәуелсіз өзінің негізі түрлік морфофункционалдық сипаттамаларын сақтайды. Биологиялық адамды көптеген ғылымдар, соның ішінде анатомия, физиология, генетика, морфофункционалды антропология, адам биологиясы зерттейді.
Басқа пәндер (тарих, әлеуметтану, экономика, этнография, демография) қоғамдық тарихи дамудың қатысушысы, жердеге рухани және материалды мәдениетті жасаушы ретінде әлеуметтік адамды зерттейді. Әлеуметтік мағынада адам ұжымда пайда болған сонда жаңғыртылатын және дамитын тіршілік иесі.
Құқықтың, моральдың, тұрмыстың, тілдің тарихи қалыптасқан нормалары, эстетикалық талғамдар, ойлау түрі адамның санасы мен әрекетін қалыптастырады, одан белгілі бір өмір салтының, психология мен мәдениеттің өкілін жасайды. Адам әр түрлі топтар мен қауымдастықтардың соның ішінде ол индивид болатын мемлекеттердің, этностардың бірлігі. Халықаралық ұйымдар мен мемлекет заңдастығында мойындалған «адам құқығы» ең алдымын, тұлға құқығы.
Адамның екі түрлі биологиялық және әлеуметтік эпостасиясын жекелей зерттеу әдістемелік қатынаста ыңғайлы: олар берілген ғылымға ең маңызды адам ерекшеліктерін бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір жүйелік пәндер үшін осы адамның қосарланған болмысы маңызды. Осылайша адам экологиясының және адамзат революциясының негізгі заңдылықтарын зерттеу негізі адам басқа тіршілік формаларымен генетикалық байланысты, бірақ олардан еңбек құралын жасай білу, қабілетімен, анық сөйлеу мәнері және санасымен, адамгершілік қасиеттерімен бөлініп шыққан биоәлеуметтік тіршілік иесі екенін толық түсіну болып табылады. Адамның өмір сүру салты оның ағзасындағы биологиялық үдерістермен, оның анатомиясы және физиологиясымен қатар, басқа адамдармен қарым қатынасы (оқу, бірлесіпеңбек ету, жанұядағы қарым қатынастар), яғни әлеуметтену кезінде алынған дағдылармен шартталған. Оның биоәлеуметтік эволюциясында адам жеке даму барысында өзінің генетикалық ерекшеліктеріне, өзіне тән тілдерді меңгеру қабілеттеріне және т.б. сүйнетіні туралы факт маңызды орынға ие. Адамның биоәлеуметтік болмысы түсінігінен адам экологиясындағы басқа да қағидалардың түсінігі келеді.
2. Бейімделу - адамның ауысып отыратын жағдайларда тірі қалуы үшін жасайтын әрекетінің басты биологиялық факторы. Жерде тірі қалумен ғана қоймай, оның барлық экологиялық қуыстарын (экваторлық дымқыл ормандар және шөл далалардан бастап арктикалық тундра мен қатты таулы бөктерлерге дейін) мекендеу үшін адамзат қауымдастығы жаңа жағдайларға бейімделуіне тура келді.
Биологиялық бейімделу өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайлары әсерінен ағзаның ішкі және сыртқы ерекшеліктерінің өзгерісінен көрінетін, эволюция негізінде пайда болған адамның қоршаған орта жағдайларына бейімденуі. Ағзаның жаңа жағдайларға бейімделу үдерісінде екі үдерісті фенотиптік (немесе жеке) бейімделу және адамзат қауымдастығының тірі қалуы үшін пайдалы белгілерді табиғи іріктеу жолымен жүзеге асатын генотиптік бейімделуді бөліп қарастырады. Фенотиптік бейімделу кезінде ағза жаңа ортамен тікелей әрекеттеседі, бұл ағзаға жаңа жағдайда ортамен тепе теңдікті сақтауға көмектесетін компенсаторлық физиологиялық өзгерістерден көрініс табады. Адам бұрынғы өмір сүру жағдайына қайта оралған кезде компенсаторлық физиологиялық өзгерістер жоғалады.
Генотиптік бейімделу кезінде ағзада тұқым қуалайтын және генотипте популяцияның, этникалық топтардың, нәсілдердің жаңа мирастық сипаттамалары ретінде бекітілетін терең морфофизикалық өзгерістер болады. Мирастық бекітілген белгілердің мысалы ретінде біраз бөлігі белгілі бір нәсіл немесе тұрғындар тобының белгілеріне айналған дене құрылысының көптеген ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Күшті дамыған өкпелері бар кең көкірек қуысы биік таулы мекендердің тұрғындарына төмендетілген атмосфералық қысымның және демалатын ауадағы оттегінің жетіспеушілігінің орнын толтырады. Ғаламшардың салқын аймақтарындажергілікті тұрғындардың денесі көлемді және аяқ қолдары қысқа болуы төмен температура және қатты желдер жағдайында биологиялық тиімді болып табылады. Тропикалық жазықтықтарды мекендеушілердің терісінің түсі қара және басындағы шаш үстінің тығыз болуы, оларды күн сәулелерінің әсерінен қорғайды. Құрғақ дала мен шөлді дала тұрғындарында қысыңқы көз қиығы қалыптасқан.
Ағзаның бейімделушілік қабілеттерінің азаюы бірдей уақытта денсаулық деңгейінің төмендеуінен көрінеді. Белгілі бір себептерге байланысты бейімделу механизмдерінің әлсіреуі адамдардың қалыпты тіршілігін, тіпті олардың тірі қалуын өтеқиындата түседі. Бейімделу мәселелері әсіресе пионерлік аймақтарды игеріп, сол жаққа табиғи жағдайлары қарама-қарсы келетін территориялардан адамдарды көшірген кезде күрделене түседі.
3. Әрбір адамның әлеуметтенуі кез келген адамзат қауымдастығының өмір сүру қабілетін қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі. Адамдар әлеуметтік ұйымдасқан тіршілік иелері. Ортақ күш салу арқасында адамзат қауымдастықтары өздерін жерде сақтап қана қоймай, жоғары дамыған өркениетті құра алды. Басқа адамдармен бірлесіп өмір сүруі және олардың саналы қызметі адам үшін өзінің қауым, ру, тайпа, этносының өмір сүру дағдыларының негізгі принциптерімен келіскен кезде ғана мүмкін болады. Тұрмыстағы, еңбектегі, демалыстағы, отбасылық қарым қатынастағы, діни догмалардың жолын қуған, саяси қызығушылықтары бар кез келген адам өзі жататын топта не адамдар қауымдастығында қалыптасқан белгілі бір стереотиптерге сәйкес келеді. Кез келген қоғамда өз орнын алу үшін, адам әлеуметтенуден өту керек.
Әлеуметтену бұл тұлғаның қалыптасу үдерісі, берілген қоғамға әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, өзін өзі ұстау үлгілерін, ережелерін индивидтің үйренуі және игеруі. Әлеуметтенуді индивидтің (индивидтер тобының) әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуі ретінде қарастыруға болады. Бұл бейімделу адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның қызығушылықтарының жүзеге асуына, өмірлік мақсаттарына жетуге ықпал ететін жағдайлармен қамтамасыз етуде көрінеді. Әлеуметтенуге ең алдымен еңбек түріне, сондай-ақ тұлғааралық қатынастар сипатына, экологиялық және мәдени ортаға, тұрмыстық жағдайға бейімделу кіреді. Ол тәрбие жүйесіндегі адамға мақсатты бағытталған түрде әсер ету барысында, сонымен қатар басқа да әрекет етуші факторлардың кең шеңберінің әсері кезінде жүзеге асуы мүмкін.
Индивидтің әлеуметтенуінің кеңейтілуі және тереңдетілуі үш негізгі салада жүзеге асады: қызмет, қарым қатынас, өзіндік сана. Адамның қызметінің түрлері кеңеюімен қоса, оның ішінен негізгісін айқындап, оны ой елегінен өткізіп жүзеге асырады. Адамдар қарым қатынасы кезінде таныстардың көбеюі, айналадағыларды тануды тереңдету, сәйкес дағдылардың дамуы жүреді. Өзіндік сана саласында қызметтің белсенді субьекті ретінде өзіндік «Мен» бейнесінің қалыптасуы, әлеуметтік қатыстылығын, әлеуметтік рөлі туралы ойлану, өзін өзі бағалауды қалыптастыру т.с.с. жүзеге асады. Кез келген адамдар қауымдастығында адамның әлеуметтенуі ол дүниеге келгеннен бастап өмір бойы жалғасады. Оны үш кезеңге бөлуге болады:еңбекке дейін (адамның еңбек қызметі басталғанға дейінгі кезең, ерте балалық шақ пен оқу кезеңі), еңбек (шартталған шектеулер адамның ересек кезеңі, оның еңбек қызметіне белсенді қатысуы) және еңбектен кейінгі кезең адамның қартайған шағына келеді. Қазіргі кезде бұл кезең зейнеттік жасқа сәйкес келеді.
4. Адамзат қауымдастықтары тек адамдардың бірлескен қызметінің арқасында өмір сүре және дами алады. Біздің адам тәріздес және адамның өзі ұжымдық әрекет, отбасы мүшелері, ру, тайпа, этнос арасында міндеттерді бөлу үдерісінде Жердегі орынды жаулап алған болатын. Жалғыз тірі қалу және адам болып қалу мүмкін емес. Бұл көптеген мысалдармен дәлелденіп келеді. Осылайша әр түрлі себептер салдарынан ұзақ уақытқа басқа адамдармен қарым қатынасы үзілген кішкентай балалар (мысалы, жануарлармен тәрбиеленген нәрестелер) адамдар қоғамына қайта оралған соң өмір сүре алмаған.
Барлық адамдар жиыны және әрбір адамдар тобы қоғамдық өмірмен біріккен. Қоғамдық өмірдің барлық сыртқы көп түрлі құбылыстар негізінде белгілі бір адамдардың бірлескен қызметінің әр түрлілігін көрсетеді. Сонымен бірге қызмет қоршаған әлемге деген белсенді қатынастың спецификалық адами формасы ретінде анықталады. Ол қоршаған болмысты ой елегінен өткізуге, өзгертуге және қайта құруға бағытталған. Әдетте бірлескен қызметтің төрт формасын бөліп қарастырады материалды, рухани, басқарушы және қызмет көрсетуші (немесе гуманитарлық).
5. Шаруашылық мәдени ақпаратты жинау және тарату адамзат дамуының міндетті шарты. Цивилизацияның барлық тарихы кемеңгер ашылулар, өнертабыстар, интеллектуалды алға озушылық кезегінің ауысуы. Дөңгелекті ойлап табушы булы қозғалтқышты ойлап табушы сияқты дарынды болған деп әділ байқаған. Адамдар аң аулауға арналған жебе, соқа, жел диірменін, тігуге және кітап басуға арналған білдектер, булы қозғалтқышты және т.б. ойлап тапты. Олар металлдарды тауып өндіруді ағып жатқан судың күшін пайдалануды үйренді, құрғаған жерлерді суландыру үшін бөгет пен каналдар тұрғызды, архитектураның және бейнелеу өнерінің ұлы туындыларын жасады, табиғат заңдарын ашты. Қоғамда діни оқулар және философиялық тұжырымдамалар пайда болды. Адам данышпанның осы барлық жетістіктері ең алғашында тек жекелеген адамдардың иелігінде болды, кейін олар туралы, сондай - ақ материалды нысандар (керамикалық бұйымдар, қару жарақтар, ауылшаруашылық мәдениет және т.с.с.) туралы мәліметтер біртіндеп барлық ғаламшарға таралды. Әсіресе бұл үдерісті ауылшаруашылық мәдениетті тарату мысалында көрнекі бақылауға болады. Мәдени өсімдіктердің пайда болу жолдары және таралу жолы орталықтарын зерттеп Н.И.Вавилов үлкен жұмыс атқарды. Адамдардың еңбек қызметінің кәміл дағдыларын игеруі, еңбек құралдарын және қаруды, үй құралдарын қолдану шаруашылық мәдени ақпаратты беру және алудың мысалдары. Барлық дерлік керекті мәліметтер оңай және қарапайым шыққан жоқ. Көбіне керекті ақпарат өмірге деген қауіппен табылып берілген болатын. Қытайлық фарфор құпиясының Европада алынуы немесе жібек құртының тоналу тарихы авантюралық роман сияқты көрінеді. Дегенмен шаруашылықтың жақсыдамуы және бірігіп өмір сүру үшін адамдар әрдайым қарым қатынас жасауы, әрі алыс және жақын көршілердің дағдыларын, қабілеттерін, білімдерін пайдалану қажет екені айдан анық. Адамдардың шаруашылық мәдени қызметіндегі прогресс тек ақпараттың алдымен бір қауымдастық ішінде жиналып және таралып, біртіндеп басқа тұрғындар топтары арасында таралуының себебімен ғана мүмкін. Жетістікке басқа адамзатпен бір ақпараттық өрісте өмір сүретін адамдар қауымдастықтары қол жеткізеді.
6. Антропоэкологиялық прогресс адамдар қауымдастықтарының қоршаған ортамен үнемі болатын өзара әрекеттесуі және адамның Жер бетінде пайда болған сәтінен бастап бұл әрекеттесудің нәтижелерінің кезекті ауысуы. Табиғи жағдайлар қазіргі адамның қалыптасуының маңызды факторы болды. Шамамен 2млн жыл бұрын климаттың оның құрғау жағына өзгеруі ормандардың азаюына (толықтай жойылуына аз қалғанға дейін) біршама тропиктік аймақтардың кеңістігінде саванналар мен далалардың таралуына әкелді. Бұл ретте бар өмірі тропиктік ормандармен байланысты болған адамның арғы аталарында, Тропиктік Африка бір қатар аймақтарында ең басты экологиялық байланыстар бұзылған болып шықты. Өрмелеудің орнына оларды қозғалудың жаңа жүйесі- бипедализм пайда болды, яғни тек екі аяқпен жүру және жүгіру, сондай- ақ дала және саванналарға тән жаңа тамақ түрлерін табуға деген қажеттілік туындады. Адамның арғы ата тегі екі аяққа тұрып, қолдарын босатты. Өсімдік жемістерін жинаудан мәжбүрлі түрде жабайы аңдарды аулауға ауысудан тас қаруларын қолдану қажеттілігі туындаған болуы керек. Эволюциялық баспалдақтың келесі қадамы тасты өңдеуді жетілдіру, табиғи көздерден отты пайдалану, ал содан кейін отты алу болды. Ары қарай адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі кеңейіп, бәрін тегіс қамтитындай бола бастады. Осылайша адамзат өзінің қалыптасуының, ғаламшарға орналасуының және қазіргі өркениеттің шыңына ілгерілеуінің барлық кезеңінде үнемі қоршаған орта факторларының жиынтығының ықпалында болады деген қорытындыға келуге болады. Тек табиғи жағдайлар ғана адамға әсер еткен жоқ, адамның өзі табиғи ортаға белсенді әсер етті. Нәтижесінде жаңа жасанды өмір сүру ортасы пайда болды, ол өз алдына адамзат әр түрлі қызметтеріне елеулі ықпал етті. Сыртқы факторлардың адамзат қауымдастықтарына әсері белгілі бір демографиялық тәртіп және денсаулық деңгейін қалыптастыруды тудырады. Өз алдына адамзат қауымдастықтарында бұл үдеріске жауап реакциялары болады. Қоршаған ортаның ықпалында бола отырып, адамдарды оны трансформацияға әкеліп оған белсенді түрде әсер етеді. Жоғарыда келтіріліп өткендер адам экологиясындағы маңызды түсініктердің бірі антропоэкологиялық үдерісті түсінуге мүмкіндік береді. Оның мәнін адамзат қауымдастығы мен қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттесу және бұл әрекеттесудің нәтижесі құрайды. Ол алыс өткен шақта пайда болды және жер цивилизациясының барлық тарихының барысында жалғасып келді. Ғарыштық кеңістіктің игерілгеніне қарай антропоэкологиялық үдеріс жақын және алыс ғарышты қосады. Осыған байланысты антропоэкологиялық үдерістің тұрақтылығы мен жалпылылығы туралы айту қажет.
7. Экологиялық қауырттылық пен әлеуметтік технологиялық дамудың ырғағының тездетілуі - адамзат эволюциясының міндетті ерекшелігі.
Бұл аксиома Н.Ф. Реймерстің «тарихи дамуды тездету ережесінің» модификациясы болып табылады. Адамдардың әр түрлі қызметінің әсерінен адамның өмір сүру ортасы мен оның шаруашылық жүргізуінің шарттары қарқынды өзгерген сайын, соғұрлым адамзат қауымдастығының әлеуметтік, демографиялық, кәсіби құрылымында және санологиялық ерекшелкітерінде,қоғамның экономикалық және техникалық дамуында өзгерістер тез қарқынға ие болады.
Қарапайым тас құралдарын жасап үйренген адамның ең көне ата тегі Жер бетінде 2-2,5млн жыл бұрын пайда болғанын, адамдар отты табиғи көздерден шамамен 200мың жыл бұрын қолдана бастағанын, ал оттың өзін шамамен 50 мың жыл бұрын алуды үйренгенін еске түсірейік. Қарапайым егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының дәуірі (неолит) шамамен 10 мың жылды алды. Табиғаттың барлық жаңа күштерін игерудің әрбір кезеңі және өндірістің одан да жетілдірілген құралдарын жасау алдыңғыға қарағанда қысқарақ болды. Құлдардың, содан кейін үй жануарларының бұлшық етті күшін пайдалану шамамен 5 мың жылға созылды. Содан кейін жел және су қозғалтқыштары пайда болды және олар өндірістің сипатын анықтады. Бу қозғалтқышының үстемдігі 150-200 жылға жалғасты. Іштен жанатын қозғалтқыш дәуірі 100 жылдан кем уақытқа сай келеді. Электр энергиясы өндіріске 70 мың жылдан астам бұрын өндіріске енген болатын. Өндірісті, экономиканы және ең бастысы адамдардың психологиясын өзгерткен бейбітшілік мақсатта атом энергиясын қолдануды бастағаннан шамамен 50 жыл өтті. 1957 жылы ең алғаш жасанды Жер серігі (ЖЖС)ұшырылған болатын, ал қазір әлемді спутниктік байланыссыз, жер бетінің ғарыштық түсірілімінсіз, адамдарды құтқарудың ғарыштық жүйелерінсіз, ғарыштық геодезиясыз және т.б. елестету мүмкін емес. Үш он жылдық бұрын қоғамды кеңінен компьютеризациялау басталды және бар болғаны бірнеше жыл бұрын адамдардың көпшілігі ғаламторды қолдана бастады.
Кез келген жаңа технологиялық енгізулер адамдардың өмірін жеңілдетіп және «прогресс қозғалтқышы» қызметін атқарып қана қоймай, адам мен табиғи ортаға күшті, кейде жағымсыз әсер етеді. Жерорта теңізінде мал шаруашылығының дамуы ерте заманның өзінде бұл аймақтағы ормандардың бүлінуінің себебі болды. Металлды қорытып шығару да ағаш көмірін алу үшін ормандардың жойылуымен байланысты болған. Жылу энергетикасы және автомобильді транспорт қоршаған ортаны азот, көміртек, күкірт және т.б. қышқылдармен ластаудың көздері болып табылады. Атом энергиясын қолдану ядролық апаттармен, радиоактивті қалдықтармен бірге жүреді. Ғарыштық кеңістікке технологиялық нысандардың ұшырылуы үлкен территориялардың зымыранның жанармайының жоғары уландырғыш қалдықтарымен ластануына және Жер төңірегіндегі кеңістікте ғарыштық қокымның жиналуына әкеледі. Копьютерлер мен ұялы байланысты шектен тыс пайдалану адамдардың, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін факторға айналып бара жатыр.
Адамның өмір сүру ортасының және адамның өзінің өзгеру жылдамдығы үздіксіз өсіп келеді, қоғам назар аударып, бейтараптап және өзінің өмірлік ортасы шегінен шығаруы керек, қоршаған ортада жағымсыз құбылыстардың жиналу ырғағы ұлғаяды. Әлеуметтік технологиялық эволюцияның белгілі бір кезеңінде үлкен аймақ немесе барлық ғаламшардың қоршаған ортасындағы жағымсыз өзгерістердің жиынтығының жылдамдығы технологиялық дамудың оң нәтижелерінен асып кетеді және бұл аймақтық немесе жаhандық экологиялық апатқа әкеледі деген үлкен ықтималдылық бар.
8. Ғылыми- техникалық прогресс қауіп- қатер факторы санының өсуінің және күрделенуінің себебі. Сонымен бірге адамдарды қауіп қатер факторынан қорғау-жаңа жағымсыз факторлардың пайда болу көзі.
Ең алғашқы дәуірде адамдар барлық нәрседе табиғат апаттарына (салқын, ыстық, құйын, дала және орман өрттері, құрғақшылық, су тасқыны және т.б.) және олардың жоюшы салдарларына тәуелді болды. Аштық пен өлім кәсіптік жануарлардың миграциясын өзгерту жолдарындағы аңшы тайпалардың сыбағасы болатын. Ауыл шаруашылық аудандардың тұрғындары құрғақшылық жылдары егін шықпау, мал індетінен қиналды. Қала және тұтас мемлекет тұрғындары жұқпалы аурулардың таралуының құрбандары болды.
Сыртқы жағдайлардың үнемі қысымын сезінген адамдар өздерінің барлық тарихи кезеңі барысында қоршаған ортаның жағымсыз әсер етуші факторларды азайту немесе алдын алу үшін олардан қорғану құралдарын іздеді. Олар тұрғын үйлер салды, қорғауға арналған мекендер құрды, құрғақшылыққа және тоңазытуға орнықты агроценоздар қалыптастырды. Адамдар көлікті және энергетикалық қондырғыларды жетілдіріп отырды, байланыс құралдарын үнемі жақсартып отырды, және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет