Адам экологиясының әдістемелік негізі
Жүйелік амал-тәсілдер антропоэкологиялық зерттеулердің көбісін қамтиды, өйткені адамның өзі және зерттелетін жаратылыс тірі табиғаттағы жүйенің бір бөлігі болып табылады.
Қоршаған орта жағдайын бағалау және тіркеу әдістері кез-келген экологиялық зерттеудің қажетті бір бөлігі болып табылады. Оларға метеорологиялық бақылаулар : температураны өлшеу, судың химиялық құрамы, тұздылығы, мөлдірлігі; Топырақ ортасының сипаттамаларын анықтау : жарықтандыруды, радиациялық фонды, физикалық өрістерді, қоршаған ортаның химиялық және бактериалдық ластануын өлшеу және т.б жатады.
Бұл әдістер қатарына мониторингті- қоршаған орта сапасы мен экологиялық объектілердің жағдайын мерзімді немесе үздіксіз бақылауды жатқызу керек.
Судағы, ауадағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиян қосындылардың құрамы мен мөлшерінің, сонымен қатар, ластаушылардың әр түрлі орталарға тарауын зерттеудің үлкен практикалық маңызы бар. Қазіргі уақытта экологиялық мониторгтің техникасы физикалық-химиялық экспресс-анализдің жаңаша әдістерін, телеметрияны, берілгендердің компьютерлік өңдеуді қолдану арқылы тез даму үстінде. Экологиялық мониторингтің маңызды құралы- биоиндикация мен биотестілеу (қоршаған орта өзгерістеріне ерекше сезімтал болып келетін кейбір организмдердің жағдайын бақылау).
Адамның тіршілік әрекетіне қоршаған орта факторларының әсерін зерттеу өзіне клиникалық әдістерді қосады яғни, медициналық қараулар кезінде қоршаған орта факторларының әсеріне жауап ретінде организмнің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді. Зертханалық тәжірибе- әр түрлі жағдайларды жасанды түрде қалыптастырып, организмдегі реакциялардың өзгерістерін зерттейді. Ол үшін жануарларды немесе адамдарды (егер өзі қалаған жағдайда) қолданады.
Берілгендерді статистикалық әдістермен өңдеу қоршаған орта әсерінен халық денсаулығындағы оң және теріс өзгерістері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсатына сәйкес, гуманитарлық ғылымдарда (әлеуметтік ғылымдарда, демографияда, психологияда, т.б) немесе жаратылыстану ғылымдарында (физиологияда, психофизиологияда, биохимияда және т.б) пайдаланатын әдістер де қолданылады.
Бағалау. Егер нақты мөлшердегі объективті мәліметтер жоқ болған жағдайда немесе жеткіліксіз болғанда, зерттеушілер бағалау әдісін қолданады.
Иксодты кенелердің шабуыл қарқындылығы (Прохоров, 2003)
Санының деңгейі
|
Саны
|
Бағалау, балл
|
Өте төмен
|
1-ден кем
|
1
|
Төмен
|
1-ден 10-ға дейін
|
2
|
Жоғарыланған
|
10-нан 50-ге дейін
|
3
|
Жоғары
|
50-ден 100-ге дейін
|
4
|
Өте жоғары
|
100-ден көп
|
5
|
Оның негізінде ең маңызды сұрақтарға жауап болмаған жағдайда, ешқандай мәліметтерсіз бір іс-шара жасаудан гөрі шамамен жақын жауаптарды алу жақсырақ екені жатыр. Кез-келген бағалауды жүргізу алдында нақты белгілеп алу қажет:
Нені бағалау керектігін. Зерттеу нысанын нақтылау;
Кім үшін бағалау керектігін. Антропоэкологиялық зерттеулерде бағалау адам топтары үшін(әр жағдайда әр түрлі топтар болуы мүмкін, мысалы, туристер, жергілікті тұрғын халық және т.б);
Қандай мақсатпен бағалау керек. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жоспарлау кезінде, жаңа қаланы немесе тұрғын аймақты, кешендік шипажайды салу кезінде адам экологиясының әзірлемелері қажет болуы мүмкін. Әрбір жобаны бағалау бір сызба бойынша, ал акценттер әр түрлі қойылады;
Қалай бағалау керек. Бағалау процедурасының барлық алгоритімін құрастырып, нақты амал-тәсілдер мен бөліктерін негіздеп алу қажет. Мысалы, қансорғыш буынаяқтылардың халық денсаулығына әсерінің деңгейін бағалау кезінде.
Кенелер шабуылының денсаулық үшін қолайсыз салдары, сонымен қатар экономикалық мен психологиялық залалы, әсіресе алғашқы игеру аудандарында көп болуы мүмкін, яғни, кене энцефалитін мысалға алсақ, еңбек ету қабілетінің жоғалуына немесе өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |