Оқу құралы Қостанай 2016


Зерттеулердің медициналық -биологиялық деңгейі



бет7/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Зерттеулердің медициналық -биологиялық деңгейі.
Медико-биологиялық зерттеулерде екі бағытты бөліп көрсетуге болады: «экологиялық медицина» мен «экологиялық биология» (физиология, морфология, адамның генетикасы). Бірінші бағыт адам денсаулығының экологиялық аспектілерін зерттейді, ал екінші бағыт қоршаған ортаның адам биологиясына эволюциялық даму кезіндегі әсер етуін зерттейді.
Экологиялық медицина адам денсаулығы мен қоршаған ортаның медициналық аспектілерін зерттеумен айналысады. Қазіргі таңда бұл бағыттың негізін экологияның жеке бір денсаулыққа әсер етуі мен болжамымен айналысатын зерттеулер, қоршаған орта мен денсаулық мәселелері, соңымен қоса қорашаған орта медицинасы (медициналық география, қоршаған орта денсаулығы мен ауру-сырқаулары) мәселелері құрайды.
1.Медициналық география. Бұл бағыт медициналық экология бағыттарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып табылады, өйткені бөлек ауру - сырқаулардың географиялық түрлерін зерттеу үрдістері бар, мысалы : ағзаның тітіркенуі, ісік, вирустық инфекциялар, тұқымқуалайтын аурулар. Адам ауруларының әлемдік географиясы жайлы жалпы жұмыстар бар. Бірақ ауруларды аудандастыру экологиялық факторлардың маңызы мен пайда болуы жайлы түсінуге жол бермейді. Осығын орай, соңғы кездері қоршаған орта ауруларын зерттейтін бағыт қарастырылып жатыр.
2.Қоршаған орта ақаулары. Ақауларды сыртқы орта факторларына, сондай-ақ клиникалық ағымға байланысты зерттеу. Мысалы, қоршаған ортаның туа біткен ақауларға әсері. Ақаулар эпидемиологиясы қоршаған орта факторларына байланысты.
3.Қоршаған орта денсаулығы. Салауатты ортаның мәселелері. Ластанған ортаны зерттеуді ең алдымен қоршаған ортаның денсаулығы мәселесіне жатқызады. Арнайы зерттеулер химиялық табиғаттың канцерогендері мен мутагендерін анықтайды, соның ішінде ауылшаруашылық улы химикаттарды және аумақтық ластанудың әсерлері мен экологиясын зерттейді. Кәсіптік ақаулардың өндірістік ортасын зерттеуге көп назар аударылады. Медициналық климотология, соның ішінде тау-кен медицинасы даму үстінде.
Адам экобиологиясы. Бұл бағыттарға жататын зерттеулерде қоршаған орта биологиясы бойынша негізгі принциптер анықталады, адам экологиясы биологиялық түр ретінде зерттеледі және экологиялық антропология да зерттеледі. Бөлек бағыт бұл- эволюциямен ұштасатын және тайпалық одақтардан бастап қазіргі заманғы кенттену мен индустриализацияның әсеріндегі адамға дейінгі қоршаған ортаның адамның эволюциялық биологиясына әсері жайлы зерттейтін бағыт болып табылады.
Бұл деңгейде адамның қоршаған ортаға бейімделу мәселесін жатқызу керек. Зерттеушілер денсаулық жайлы ғылымды адамның бейімделуі ретінде қарастырады.
Организмдік деңгеймен қатар, бейімделудің эволюциялық тетіктері жайында көрініс беретін таралымдық-генетикалық деңгей қарқынды зерттелу үстінде. «Экологиялық генетика» деген бағыт қалыптасып жатыр. Бейімделу мәселесі қоршаған орта медицинасы зерттеулерімен байланысты, ал адамның биоәлеуметтік табиғатына байланысты медициналық - биологиялық деңгейден тыс шығып, әлеуметтік деңгеймен, соның ішінде әлеуметтік және мәдени экологиямен тоғысады. Бұл тоғысуда зерттелетін мәселелер: популяциялық бейімделудегі биоәлеуметтік қарым-қатынастар, бейімделудің биоәлеуметтік негіздері, қоршаған ортаның денсаулыққа тигізетін әсері, кенттену факторларының әсерлері, психологиялық бейімделу және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет