Оқу құралы Қостанай 2016


Адам экологиясының мақсаты мен міндеттері



бет4/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Адам экологиясының мақсаты мен міндеттері

Адам экологиясы қоршаған орта жағдайы мен өз денсаулығының сапасы жайлы ойланған қоғамның сұрақтарына жауап ретінде пайда болып қалыптасты. Қоршаған ортаны зерттеумен қатар адам организміне сыртқы факторлардың әсерінің нәтижесінде өтетін процестердің зерттеу қажеттігі туындады.


Адам экологиясының мақсаты – адамның қоршаған ортасы мен адамның организімінде биологиялық және сонымен қатар әлеуметтік жан ретінде өтіп жатқанүдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік туғызу үшін қоғамды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Адам экология практикалық мәселе - құру адам қоршаған орта.
Адам экологиясының мақсаты - қоғамды, тіршілік ортасы мен процестердің оптимизациялануына септігін тигізетін тиісті мәліметпен қамсыздандыру.
Адам экологиясының практикалық міндеті - адам үшін елдің барлық территориясында экологиялық таза, қауіпсіз және әлеуметтік жағынан ыңғайлы тіршілік ортасын қалыптастыру.


Адам экологиясының негізгі түсініктері.


Адам экологиясы - адамның тұлға ретінде оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын зерттейтін пәндер жиынтығы.
Адам экологиясы- адамның оны қоршаған ортамен байланыс заңдылықтарын зерттейтін кешенді ғылым.
Адам экологиясы-адамға табиғи, әлеуметтік-тұрмыстық, өндірістік факторлардың сонымен қатар, мәдениет, салт-дәстүрлер мен діннің әсер ететін заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Адам экологиясы - адамды биоәлеуметтік жаратылыс ретінде қарастырып, оның күрделі көпкомпонентті қоршаған ортамен қарым-қатынас заңдылықтарын, денсаулықты сақтап, күшейтуді зерттейтін ғылым.
Адам экологиясының негізгі түсінігі – денсаулық. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау қауымдастығының пайымдауынша, денсаулық-толық физикалық, психикалық, әлеуметтік игіліктердің жағдайы. Нақты адамның денсаулығын бүкіладамзаттық популяциясының денсаулығынан айыра білу керек.
Нақты адамның денсаулығы қоғамның жағдайлары мен тұқымқуалаушылық факторлардың және адамның өмір сүру салты негізінде жеке қалыптасады. Адам денсаулығы - оның организмінің өмір сүру ұзақтығын қамтамасыздандыратын, физикалық және ақыл-ойлық жұмыс қабілетін, жақсы сезінуі мен сау тұқым қалдыра алу қабілетінің функционалдық жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет