Оқу құралы Қостанай 2016


Адам экологиясын зерттеудегі бағыттардың алуан түрлілігі



бет6/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Адам экологиясын зерттеудегі бағыттардың алуан түрлілігі.

Адам тіршілік әрекетінің алуан түрлі нақты мәселелерін адамэкологиясының әр түрлі амалдары мен қырлары анықтайды.


Зерттеулердің әлеуметтік деңгейі
Зерттеулердің негізгі алты бағыты бар:

  1. Тұрғын халық мәселесі. Бұл мәселенің айналасында демографиямен байланыс, популяциялық динамика, халық санының өсуі мен популяциялық табиғи қорлардың өзара қарым-қатынасы, популяциялық оптимизмге баға беру, отбасы құруды жоспарлау сұрақтары, тууды бақылау, популяциялық саясат мәселелері зерттеледі.

  2. Табиғи қорлардың мәселесі.Су, энергетикалық, азық-түлік және ғаламшардың басқа да ресурстары мен олардың қорларының адамның тіршілік әрекеті есебінен өзгеруін зерттейді.

  3. Адамның қоршаған ортаға әсері мен қоршаған ортаны қорғау. Бұл бөлімге индустрияландырудың қоршаған ортаға әсері жайлы зерттеулер, ластаудың зардап деңгейін бағалау жатқызылады. Қоршаған орта дағдарысы жайлы көрініс қалыптасып, тарихи және қазіргі аспекттегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері қойылыды.

  4. Ортаны басқару мен қоршаған орта саясаты. Бұл бағыт алдыңғы үшеуінің негізінде қалыптасады. Негізгі зерттеулер қоршаған ортаны басқаруға, табиғи байлықтардың арақатынасы, халық санының өсуі мен қоғамның қажеттіліктері, популяция мен қоршаған ортаны жоспарлау мен басқару, сонымен қатар қоғамның экологиялық принцип бойынша экономикалық даму мәселелеріне бағытталған.

  5. Мәдени экология. Бұл бөлімде экология, мәдениет, антропология, архитектура, психология және т.б ғылымдардың қиылысқан жеріндегі жұмыстар біріктірілген. Бұнда мәдениет дамуының қоршаған орталық шектеулері, адамның мәдени бейімделуі зерттеледі. Қалалар экологиясы, қоршаған орта мен тұрғын үй дизайні мәселесі ерекше орын алады.

  6. Әлеуметтік экология. Бұл бағытқа экологиялық, әлеуметтік психология мен әлеуметтану зерттеулері кіреді. Әлеуметтік ғылымдарға арналған экологиялық амал-тәсілдер, экологиялық және әлеуметтік жүйелердің байланысы, психоәлеуметтік орта мен қоршаған орталық психология, ғылыми-техникалық прогресс деп аталатын жылдам әлеуметтік өзгерістер кезіндегі бейімделу ерекшеліктері анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет