5-тарау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз бұл тек аурудың болмауы емес, оның толық физикалық, психикалық және әлеуметтік қолайлылығы.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52 %-ы – өмір салтына, 20-25%-ы-тұқым қуалау формаларына, 18-20 %-ы-қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған жаңа техногенді аурулар туғызады.
Адамың денсаулығының зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс әрекеті нәтижесінде биосфераға тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos-бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі, сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформациялары мен олардың толық бұзылуы, өнеркәсіп кешендерге, бір типті тұрған жерлерге және т.б. яғни «үшінші табиғатқа» айналуына тікелей байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физикалық-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік -экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетін фактор екендігін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік- экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың мысалынан көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтерден уланады және 5 мыңы өліммен аяқталады. АҚШ пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Германияда соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілер 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриялды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстанда) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда-5. КСРО да 80- жылдардың соңына орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.
Достарыңызбен бөлісу: |