Оқу құралы Шымкент -2022


Ұстаздың әріптестерімен қарым-қатынасын



бет5/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Ұстаздың әріптестерімен қарым-қатынасын қарастырған кезде мінез-құлықтың келесі ережелерін атап көрсеткен жөн:
- мінез-құлықтың ішкі мәдениет ұстанымдарын бұзбау – еңбек ережелерін, тәртіпті бұзбау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, жылы шырайлылық пен сүйіспеншіліктаныту;
- мінез-құлықтың сыртқы мәдениет ұстанымдарын бұзбау – сыпайылық, әдептілік ережелері, жағымды сыртқы көрінісі (сыртқы тазалық, ұқыптылық, жеке гигиенасын сақтау, далап пен әшекейінде артықшылықтың болмауы). Сыртқы мәдениет ережелеріне сәлемдесу формалары мен әріптестері арасында өзін ұстай білуі, жағдай мен талаптарға байланысты қарым-қатынас орната алу қабілеттілігі жатады. Ең бастысы, ұстамды және әдепті, өнегелі болу маңызды, өзін-өзі ұстай біліп, басқалардың пікірімен санасу керек. Оқушымен, әріптесімен қарым-қатынас орнатқанда, оның ойындағысын айтуға бөгет жасамауы тиіс.
Ұстаздың жалпы ұжыммен қарым-қатынас сипаты.Педагогикалық ұжымның жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыра білуі сол мектептің әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби шеберлігіне ғана емес, сонымен қатар сол ұжымның бір-бірімен тіл табысуы мен моральдық-психологиялық ахуалына да байланысты. Егер мекеме қызметкерлері арасында жағымды қарым-қатынас орнатылса, ұстаз еңбегіне әділ баға берілсе, сол жағдайда ғана ұстаздардың жұмыс істеу қабілеттілігі арта түседі. Осындай моралдық-психологиялық ахуалға жөнді көңіл бөлінбейтін ұжымдарда оқытушылар өздерінің барлық күштері мен мүмкіндіктерін сарқа жұмсамайды, өйткені олардың бастамалары мен шеберліктері назардан тыс қалады, алайда осындай жағдайлар оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне жағымсыз әсер етеді.И.В.Дубровинаның «адамдар бір-бірімен рухани тұрғыда ғана тіл табыса алса, жақсы ұжым бола алады» деген ойын басшылыққа аламыз. Толыққанды ұжымды тек мақсат қана біріктірмейді, тек адамдардың рухани жақындығын тудыратын жағдай өз септігін тигізеді. 
Педагогикалық этика мен деонтология мәселелеріне қатысты көптеген басылымдарда педагогикалық ұжым – өздері қызмет атқаратын ісіне барлық күштерін жұмсауға даяр адамдардың тығыз достастығы. Олардың бірігуі «Барлығы да жоғары, сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру үшін!» деген ұстанымға сүйенген және бұл ұран әрбір педагогикалық қызметкердің еңбек тиімділігі мен шығармашылық бағыттылығын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет