Оқу бағдарламасы Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Оқу жоспары Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұны пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.
Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.
Жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сәйкес орта білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін және апробацияланатын Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:
• қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері;
• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері;
• білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.
Жалпы білім беретін мектептердегі орта сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.