Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады.
Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.
11 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген.
Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:
• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларынқұрастыруға қатысты ұсыныстар;
• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері;
• тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді өткізу бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар үлгілері.
Әдебиеттер: 1. Орта сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал. /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016.- 48 б.
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016.- 46 б.
3.Блэк П.И., Вильям Д. (1989). Сыныпта бағалау және оқыту, білім берудегі бағалау: ұстанымдар,саясат және практика. 5 (1):4-5 бб.
4. Шакиров Р.Х., Буркитова А.А., Дудкина О.И. Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство. – Б.: 2011.
V. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.