Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау - оқу бағдарламасындағы әр бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтағаннан кейінгі оқушының оқу жетістігі деңгейін анықтауға бағытталған бағалау. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау:
- Тапсырмалар бағалау критерийлеріне негізделіп құрастырылады.
- Мектептегі әдістемелік бірлестіктер оқу жылына арналған бағалау рәсімінің мерзімін, әдістерін, бақылау тапсырмаларын енгізе отырып жоспарын құрастырады және бекітеді.
- ПӨО және ҰБА әр пән бойынша бағалауға арналған ұсыныстар арқылы аралық бағалауды өткізуге арналған тапсырмаларды құрастыру әдістерінің үлгілерін ұсынады.
VII. Модерация - бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі.
Модерация - бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген.
Модерация:
- бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді;
- олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалауды талқылайды.
Білу маңызды:
- Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін.
- Модерациялау бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез келген пән мұғалімі болуы мүмкін.
Модерация үдерісі кезінде мұғалімнің модерацияға дейін, модерация кезінде және модерациядан кейін іс-әрекеті нақты айқындалуы керек. Мұғалімнің модерацияға дейінгі іс-әрекетінде: 1.Оқушының жиынтық бағалау жұмысы балл қою кестесіне сәйкес бағаланады
2. Балдар қарындашпен қойылады.
3. Жұмыс үлгілерін іріктейді.
4. Оқушылардың жұмыстарының көшірмелерін немесе шифрлы жұмыстарды дайындайды.
Мұғалімнің модерацияға кезіндегі іс-әрекетінде: 1. Жұмыстың нәтижесін әріптестермен бірге талқылайды және барлығы балл қою кестесін бірдей түсінетініне көз жеткізеді
2. Нәтижеге немесе балл қою кестесіне қажет жағдайда өзгерістер енгізеді.
3. Жұмыс үлгісіне балды қаламмен қояды
Мұғалімнің модерацияға кейінгі іс-әрекетінде: 1. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық жұмысын бағалауда балдың арту не кему жағына қарай өзгеру мүмкіндігін қарастырады
2. Қорытынды балл қаламмен қойылады .
Модерацияны тиімді өткізу үшін жасалатын жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті; ашық және айқын қарым-қатынас, тиімді кері байланыс және кәсіби қолдау жасалуы керек.
Қорытынды.
Нағыз мұғалім психолог, педагог болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерімен санасу, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру, жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, қабілетін дамыту міндеттері тұр. Мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей шығармашылығын шындап, озық іс-тәжірбиелерді пайдалана білуге оқушы қызығушылығын арттырып сонымен бірге оқушы санасына күш түсірмей білім беруге болады. Мұғалім «5» немесе «2» алған оқушының білімінің сол бағаға сәйкестігін нақтылау үшін қосымша сұрақтар қойып оқушыға мүмкіндік туғызу керек. Содан кейін ғана сынып журналына бағаны қойса оқушы және мұғалім арасында келіспеушілік туындамайды. Мұғалім мен оқушы арасында сәйкессіздік орын алса. Онда оқу үрдісіндегі мағыналық және психологиялық кедергі тууы мүмкін.