• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
• Ашықтық және қолжетімділік.Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
• Дамуға бағыттау.Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады (1-сурет).
1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны ІV. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты;
• Оқу бағдарламасы;
• Оқу жоспары;
• Жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
• Орта сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
• Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
9 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша ҚР МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды.
Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы анықталады.