ОқУ Үрдісінде оқушылардың ОҚу жетістіктерін бағалау технологиясы



бет2/8
Дата02.05.2023
өлшемі258,98 Kb.
#88942
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 15

Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Мерзімді қадағалау белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау оқу үдерісінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау тақырып, курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу үдерісінің тиімділігін соңғы нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді.
Қадағалау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді.
Қадағалау барысында əрқилы əдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау əдістері дегеніміз – бұл оқушылардың оқу танымдық іс - əрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға жəрдемші жол, тəсілдер.
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тəжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау жəне өзіндік қадағалаулар қолданылуда.
Ауызша қадағалау оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін үдерістер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жазбаша қадағалау жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді.
Тəжірибелік қадағалау оқу, тұрмыс жəне өндірістік ептілік, дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланылады.
Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру мен бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу нəтижелерін статистикалық талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы мұғалім субьективизміне машын шек қояды.
Машынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де өткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет.
Əртүрлі қадағалау əдістерінің бірге қолданылуы аралас (тығыздалған) қадағалау деп аталады. Əдетте, мұндай тексеру ауызша жəне жазба сауалнамалар беру түрінде өтеді.
Қорытынды бақылаудың түрі – тест тапсырмалары болып табылады. Тест – ағылшын сөзі (test) аударғанда «байқау, бақылау, зерттеу» деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді. Тесттің түрлері өте көп. Біздің елімізде кеңінен тараған білімді бақылаудың түрі.
ІІ. «Оқу жетістігін бағалау» - білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі. Бағалау: Бұл не үшін қажет?
Б.Г.Ананьев: «Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болып табылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер, объект жақсы ынталандырушы емес, керісінше депрессияға әкелуші, өзінің нақты білімі көрініс тапқан объективті баға негізінде өзіндік бағалауды құрудың орнына адамды субъективті түсіндірілген тұспалдарға, жартылай түсінікті жағдайларға, педагог пен оқушылардың мінез-құлқына негізделуге мәжбүрлейді».
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің алғышарттары

ЭЫДҰ



Ұлттық білім беру саясатына шолу.
Қазақстандағы орта білім беру, 2014



«Критерийлерге негізделген бағалау жүйесін енгізу өте маңызды … . Ол өз кезегінде …. Мұғалімдердің бағаны көтеріп қоюларына тосқауыл болады»

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК



SABER, Білім беру нәтижелерін жақсартудағы
жүйелі тәсілдеме
Ел бойынша есеп – Қазақстан, 2013

«... Педагогикалық тәжірибені жетілдіру үшін бағалау нәтижелерін қолданатын саясат қызмет істемейді»

SABER, Оқушыларды бағалау.
Ел бойынша есеп – Қазақстан, 2013



«… оқу жетістіктерінің деңгейі әлі де болса белгісіз … ағымдағы бағалаудың сапасына мониторинг жасайтын қолданыстағы механизмдерді шектеулер бар»
«… бағалау критерийлерінің, күтілетін нәтижелердің, бағалау тәсілдерін қолданудың толық сипаттамасы жоқ»

АҚПАРАТТЫҚ АНАЛИТИКАЛЫҚ
ОРТАЛЫҚ



Қазақстан Республикасындағы
білім беру жүйесінің
дамуы мен жағдайы туралы ұлттық баяндама
(2014 жылдың нәтижесі бойынша

«Мектепте алған бағамен сыртқы бағалау нәтижелері арасында корреляциялық байланыс жоқтығы ескертіледі… Қазақстанда оқу үлгерімі нашар оқушыларды жүйелі қолдау қарастырылмаған …»

9-сынып оқушыларының оқу нәтижелері мен
сыртқы бағалау нәтижелерінің анализі –
ОЖСБ-2015



«ОЖСБ-дың орташа балы бойынша көрсеткіштердің төрт жыл ішінде төмендегені байқалады: 2012 ж. – 51,6; 2013 ж. – 35,81; 2014 ж. – 39,58; 2015 ж. – 37,36»
«… ОЖСБ жоғары балл алған оқушылардың тоқсандық бағалары төмен немесе керісінше»

НАЗАРБАЕВ
УНИВЕРСИТЕТІ



Қазақстан Республикасындағы 2015-2020 жж
білім беруді жаңартудың
стратегиялық бағыттары, 2014



«Баға қою үшін анық критерийлер жоқ болғандықтан … әдетте, бағалар мұғалімнің еркімен қойылады. … Қолданыстағы білімді бағалау жүйесіне міндетті түрде радикалды өзгертулер енгізу аса қажет»



ІІІ. Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:


• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет