«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулін информатика курсында тиімді пайдалану жолдары Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Шанарбаева Куланда Абдрамановна Мекен жайы



бет7/8
Дата06.01.2022
өлшемі47,41 Kb.
#12706
1   2   3   4   5   6   7   8
Өлшемдік бағалау

Білім беру сапасын арттыру оқушылардың жетістіктерін бағалаудың нақты өлшемдерін жасауды талап етеді.

Бағалау оқу үдерісінде маңызды орын алады және мыналарды бейнелейді:

-мақсаттарды немесе күтілетін нәтижелерді (білетін немесе ұдайы дамушы тұлға);

-мұғалімнің сыныптағы позициясын (білім беруші немесе ұйымдастырушы-үйлестіруші);

-сыныптағы қарым-қатынас (субъекті-объекті немесе субъекті-субъектілік);

-оқушы позициясы (үйретілуші немесе үйренуші);

-ата-аналардың бағаға көзқарасы (тұлғалық сипаттамасы немесе оқу жетістіктерінің осы езеңдегі формалды бағасы);

-мектептің бағаға көзқарасы (үлгерімнің формалды көрсеткіштері немесе әлеуметтік институт ретіндегі мектептің бүкіл қызметінің терең талдауы).
Бағалаудың негізгі қағидалары

1.Бағалау оқу үдерісіне кіріктірілген тұрақты жүретін үдеріс.

2.Бағалау тек өлшемдік қана бола алады.

Бағалау бірнеше ұстанымдарды қамтиды:

-оқушы тұлғасы емес, тек оның жұмысы бағаланады;

-оқушы жұмысы өзгелермен емес, тек үлгімен салыстырылады;

-бағалау үлгісі оқушыларға алдын ала белгілі;

-оқушы өз жетістігін анықтап, өзіне өзі баға қоя алытындай етіп баға қоюдың нақты алгоритмі жасалған;

-оқыту мақсаттарына сай келетін, оқытылып жатқан нәрсе ғана бағаланады;

-пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері болып табылады.

3.Бағалау өлшемі – оқу мақсаттарын сәйкес күтілетін оқу нәтижелері.

4.Мұғалім нақты тапсырмалардың әр түрлі формаларын пайдалана отырып, ол тапсырмаларды орындаудың нақты және айқын жазылған сипаттамаларын жасау керек.

5.Мұғалім оқушыларды бағалау үдерісіне тарта отырып, өзін-өзі бағалауға көшуге ұмтылуы керек.

Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарына рефлексиясын да қамтиды. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының міндетті шарты болып табылады.


Критериалды бағалау міндеттері:

-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалаудың артықшылықтары:

-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

-Білім берудің сапасы артады;
Өлшемдік бағалау төмендегі міндеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылады:

-оқушылардың өз оқу нәтижелері үшін жауапкершіліктерін ынталандыру;

-өз қатесінен оқып-үйренуіне көмектесу;

-ненің, неліктен және қандай деңгейде болмай жатқандығын түсінуге көмектесу;

-нені үйрену қажет және маңызды екенін сезінуге көмектесу;

-тиісті және сәйкесті икемділіктердің бар-жоқтығын анықтау;

-сәтсіздіктерді есепке алы отырып, ол үшін жазаламау;

-оқушының алға жылжуын өзіне қатысты бағалау;

-оқушыларды табысқа жетуге ынталандыыру.
Өлшемдік бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады.
Оқушылар жұмысын бағалау бірлесе отырып жасалған бағалау өлшеидері арқылы жүргізіледі.

Әр өлшем бойынша нәтижелер белгілі бір шәкілдер арқылы шығарылады:

-өте жоғары;

-жоғары;


-орташа;

-төмен.


Сонымен бірге оқушылардың жұмыстары төмендегі бағалау пікірлері арқылы бағаланады:

-жақсы біледі және тәжірибеде пайдалана алады;

-біледі, аздап пайдаланады;

-күмәнданады;

-білмейді;

-анықталмаған.


Қазіргі кезде бағалау өлшемдері өте көп және олар мұғалімнің тұлғасына, пәннің ерекшелігіне, мектептің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Бүгінгі күні бағалаудағы қиындықтар:

-оқушыны қызығушылыққа ынталандыратын, оның өзіндік жұмысын ұйымдатырудың нақты алгоритмі жоқ;

-оқулықтар танымдық қызметті басқару функциясын орындамайды;

-тиісті мәтіндер сипаттау сипатында жазылған, проблемалық тапсырмалар өте аз;

-оқушылардың жалпы оқу және ақыл-ой икемділіктерін жіктеудің белгілі бір әдістемесі жоқ;

Бағалауды қайта қарауға ықпал ететін мәселелер:

-оқушылардың оқу мотивациясының жоқтығы;

-жүйелі ой еңбегінің, табыс қуанышының жоқтығы;

-ақпаратты өзінің жеке біліміне айналдыру процесінің жоқтығы;

-оқу процесінің қызық еместігі, балалардың сұрақ қоя алмауы.

-дүниені қабылдаудың біртұтастығының, білімнің ортақ жүйесінің жоқтығы;

-ынтымақыт қарым-қатынастың, топта жұмыс жасай алудың жоқтығы;
Қазіргі таңда оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің маңызды жақтарының біріне айналып отыр. Осы оқу үдерісін басқаруда шешуші рөл нақ сол бағалауға тиесілі. Бағалау жүйесіне жататындар: баға қою шәкілі; баға қою жиілігі; білім беру субъектілері арасындағы байланыс механизмі; оқушының өз оқу табыстылығын анықтау механизмі. Бағалау функциясы – білім беру үдерісін ішкі өзіндік реттеудің табиғи механизмі.
Қазіргі жаңаша білім беру технологиялары ескі бағалау жүйесімен үйлесе алмайтыны белгілі. Оқытуда зерттеушілік іс-әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылуы керек. Бала өз жұмысына сәйкесті баға қоя алуы үшін ол жұмыс эталондарын білуі тиіс. Ол эталон түсінікті тілмен, нақты тәтпіштеп жазылған болуы шарт. Мұндай мүмкіндікті өлшемдік бағалау жүйесі ғана береді.
Дәстүрлі және өлшемдік бағалаудың айырмасы

Дәстүрлі (нормативтік) бағалау мен өлшемдік бағалаудың арасындағы айырма салыстыруда болып табылады. Дәстүрлі бағалауда оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен, өлшемдік бағалауда бағалау өлшемдері түрінде берілген, белгілі бір эталонмен (оқу мақсатымен) салыстырылады.


Әр критерий бойынша ең жоғары ұпай (дескриптор) оқушы тақырыпты оқып-үйреніп болу соңында шынайы қол жеткізе алатын деңгейді бейнелейді. Сондықтан мұғалім оқушының білім-білік-дағдыларындағы, ол қол жеткізе алатын өсімшелерді жобалай алады, осы жолдағы жасалатын әрбір қадамды жоспарлай алады.

Өлшемдік бағалау оқушының белгілі бір бағыттардағы әр түрлі кезеңдердегі жетістіктерін салыстыра отырып, оның сәйкесті дағдыларының даму үдерісін бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін сол оқушының бір бағалау өлшемі бойынша ал,аг әр түрлі ұпайларын салыстыру жеткілікті болады.


Өзіндік бағалау туралы

Оқушының өз оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктері туралы рефлексия мен өзіндік бағалау арқылы сезінуі оның ойлауы мен шығармашылығының дамуының маңызды құралы болып табылады. Өлшемдік бағалауды қолдану бағалау үдерісіне өзіндік бағалау жасау арқылы оқушының өзін тартуға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, тек рефлексия ғана оқушыға өз оқу іс-әрекетінен тәжірибе жинақтауға, қойылған мәселені шешу үшін ішкі мүмкіндіктерін жұмылдыруға, өзін-өзі жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдай отырып, оқушылар оларды жою жолдарын табады, өз жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын көре отырып, өзін-өзі бағалауға үйренеді, осы нәтижелерді пайымдау арқылы өзінің ары қарай алдағы уақытта жасайтын жұмыстарының бағдарламасын жасай алады.

Тек өзін-өзі бағалау ғана мұғалімге оқушылардың оқудағы қиындықтары туралы көп ақпарат бере отырып, оқыту үдерісіне дер кезінде түзету жасауға көмектеседі.

Дұрыс ұйымдастырылған рефлексия тапсырманы табысты орындауға ықпал ететін оң ахуал тудырады.

Дәстүрлі оқытуда көп кикілжің тудыратын баға ештеңені де өлшемейді, ол оқушылардың оқудағы тәртібін түзеу үшін ғана жиірек пайдаланылады, сондықтан көп оқушылар тек баға үшін оқиды. Бағалаудағы зерттеушілік амал өлшемдік бағалауды ұсына отырып, бағаның мадақтау мен жазалу құралы ретіндегі рөлін жояды.


Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Жақсы жасалған бағалау өлшемдері ғана оқушыларды айқын қойылған мақсаттарға жетуге, өз іс-әрекетіне баға беруге және оны түзетіп отыруға ынталандырады, сол арқылы оқытуда стресті болдырмауға жағдай жасайды.

Нақты жасалған бағалау өлшемдерінің жоқтығы жұмыс мақсатының мұғалімге де, оқушыларға да түсінікті еместігін, дұрыс бағаламауға ғана емес, бүкіл оқу іс-әрекетінің маңызын төмендетуге алып баратынын көптеген тәжірибе көрсетіп беріп отыр.


Бағалаудың екі жүйесіндегі тұжырымдамалық ерекшеліктер:

Өлшемдік бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс;

-бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады;

-өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады;

-оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады;

-тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады;

-оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді;

-тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;

-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;

-бағалау тек мұғалімнің билігінде;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;

-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);

-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;

-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;

-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.

Мектептегі кездерді еске түсіргенде адамдардың көбісі ең алдымен алған бағасын, оның ішінде «екілігін» еске алады. Ең қызығы, бұл бағаны өзіне әділеьсіз қойылғандығын айта келіп, оның мұғалімнің көңіл-күйінің нашар болғандығымен немесе өзіне өзімен дұрыс емес қарым-қатынаста болғандығымен байланыстырады. Басқалардың алған «бестігін де» әділ қойылмағандығын да тілге тиек ететіні тағы бар.

Шынында да, осы «5» пен «2» деген баға қалай қойылады? Оны қоятын кім? Оның дұрыс-бұрыстығын кім ажыратып айта алады? Бұл жерде барлығы бір адамға келіп тірелетіні белгілі. Ол – мұғалім. Ол оқушы пікірін немесе жасаған жұмысын өз басындағы идеал жұмыс эталонымен салыстырады. Сосын оқушы жұмысынан кемшілік іздей бастайды. Егер таппаса немесе тапқысы келмесе, балаға «5» қояды да, ал таба қалса, кемшіліктің көптігіне қарай, баға кемітіле бастайды.

Біздің көбіміз мұғалімдердің «қазір тақтаға ..» деген сөзіне кейінгі үзіліс кезіндегі өлі тыныштықты жақсы білеміз. Сол кездегі стрестік жағдай балалардың үштен екісінің басында болатыны көбімізге өте таныс сезімдер.

Мектептегі оқытудың оқушыларды стрестік жағдайға жиі апатып соқтыратыны бұрыннан да белгілі және соңғы кездері көбірек айтылып та, жазылып та жүрген тақырып. Мұның себептерінің ішінде оқушыларға берілетін тапсырмалардағы шектен тыс жүктеме де, мұғалімнің авторитарлық қызметі де, оқыту әдістерінің жас ерекшеліктеріне сай келмеуі де, тағы басқалар да бар. Осылардың ішінде алғашқы орындардың бірінде мұғалімнің оқушылар жұмысын субъективтік бағалауы тұр.

Объективті емес баға бүкіл білім беру процесіне ықпал етеді. Егер оқушы «жақсы» деген бағаны оңай алса, оның оқуға қызығушылығы төмендейді, ал егер өз деңгейіне сай келмейтін нашар баға алса, ол мүлде оқуды қояды.

Бұдан оқыту нәтижелерін бағалау білім беру үдерісінің маңызды жақтарының бірі екенін байқауға болады. Осы үдерісті басқаруда сол бағалауға маңызды роль беріледі. Бағалау жүйесіне жататындар: баға қою шәкілі; баға қою жиілігі; білім беру субъектілері арасындағы байланыс механизмі; оқушының өз оқу табыстылығын анықтау механизмі. Бағалау функциясы – білім беру үдерісін ішкі өзіндік реттеудің табиғи механизмі.

Сондықтан қазіргі денсаулық сақтаушы тенологиялардың арасында бағалау жүйесін өзгертуге бағытталғандары жұрт ішінде көбірек қызығушылық тудырады. Бұл жерде әңгіме бес балдық жүйені алты, сегіз, он, он екі балдық жүйеге ауыстыра салу ғана емес, сандық бағалауды сапалық бағалауға ауыстыру да бар. Осылардың ішінде мұғалім мен оқушылар арасында қоғамдық келісім жасай отырып, белгілі бір өлшемдер негізінде бағалауға, яғни критериалды бағалауға үлкен мән берілуде.


Қазіргі нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі білім беру сапасына ерекше мән береді. Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты өлшемдерін жасауды талап етеді.

Бағалау оқу үдерісінде маңызды орын алады және мыналарды бейнелейді:

-мақсаттарды немесе күтілетін нәтижелерді (білетін немесе ұдайы дамушы тұлға);

-мұғалімнің сыныптағы позициясын (білім беруші немесе ұйымдастырушы-үйлестіруші);

-сыныптағы қарым-қатынас (субъекті-объектілік немесе субъекті-субъектілік);

-оқушы позициясы (үйретілуші немесе үйренуші);

-ата-аналардың бағаға көзқарасы (тұлғалық сипаттамасы немесе оқу жетістіктерінің осы кезеңдегі формалды бағасы);

-мектептің бағаға көзқарасы (үлгерімнің формалды көрсеткіштері немесе әлеуметтік институт ретіндегі мектептің бүкіл қызметінің терең талдауы).


Бағалаудағы ерекше амал өлшемдің (критериалдық) бағалау болып табылады. Оны дұрыс түсіну үшін мектептегі білім беру нәтижелерін немесе оқушылардың оқу жетістіктерін үш топқа бөліп қарастырайық. Бір топқа алған білімдерді (мәліметтер мен деректерді), екінші топқа игерген икемділіктерді, үшінші топқа қалыптасқан дағдыларды жатқыза отырып, үшеуін үш түрлі өлшемдер арқылы бағалайық. Сонда өлшем (критерий) білім беру мазмұнын қарастыра отырып, мақсатты немесе күтілетін нәтижені береді [5, 3-бет].
Енді осы өлшемдік бағалауға қатысты бірнеше мәселелерді қарастырып өтейік.

Оның біріншісі – қоғамдық келісімшарт. Ол өлшемдік бағалауға қажет болатын міндетті талаптар. Ол бірнеше деңгейде жасалуы мүмкін:

-оқу жылы басында жалпы пәндік курс бойынша;

-тоқсан басында тарау не тақырыптар бойынша;

-сабақта әр жасалатын жұмыс бойынша.
Рубрика – өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау критерийлері жиынтығы. Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.

Критерий оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрееттерінің тізімін құрайды.

Дескрипторлар оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады.

Қорыта айтқанда, рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетсе, критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады, ал дескрипторлар оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді [6, 1-бет].


Төменде «жобаны бағалау» рубрикасы бойынша құрастырылған критерийлер жинағы берілген:

1. Жоба мақсатын дұрыс қою;

2.Жоба мақсатына жету жолдарын жоспарлау;

3.Жоба тақырыбын ашу тереңдігі;

4.Ақпарат көздерінің әртүрлілігі мен пайдалану мақсатттылығы;

5.Жұмыс барысы мен нәтижелерін талдау, қорытындылар;

6.Алынған тәсілдердің жоба мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі;

7.Жұмысқа шығармашылық амал және жеке қызығушылық;

8.Жазбаша бөлімін рәсімдеудің талаптарға сәйкестігі;

9.Тұсаукесер жасау сапасы;

10.Жоба өнімінің сапасы.

Енді осы критерийлердің бірі «жоба мақсатын дұрыс қою» бойынша дескрипторларды (ең жоғарысы үш ұпай болатын) кесте түрінде анықтап көрейік:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет