«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулін информатика курсында тиімді пайдалану жолдары Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Шанарбаева Куланда Абдрамановна Мекен жайы



бет8/8
Дата06.01.2022
өлшемі47,41 Kb.
#12706
1   2   3   4   5   6   7   8
Дескриптор

Ұпай

Мақсат мүлде айқындалмаған

0 (жоқ)

Мақсат айқындалған, бірақ негізделмеген

1 (төмен)

Мақсат айқындалған, жалпы негізделген

2 (орташа)

Мақсат айқындалған, нақты негізделген

3 (жоғары)

Өлшемдік бағалауды зерттеу жұмыстары ғана емес, ағымдық бағалау үшін де пайдалануға болады. Мысалы, тақырып бойынша алынған бақылау жұмысы белгілі бір рубрика бойынша бағаланады. Ол рубрикадағы критерийлер оқушыға тақырыпты өтпес бұрын алдын ала белгілі болады. Кеңірек алғанда, бұл рубрика оқушыға осы тақырыпты өту барысында нені игеретінін көрсетеді.


Рубрикалар (бағалау бойынша нұсқаулық) бағалау процесін барынша айқын, ашық етеді. Рубрикада әр критерий бойынша қойылатын ұпайлар толық ашып жазылады. Ең маңыздысы рубрикада оқушының өз сипаттамасы емес, оның жұмысының сипаттамасы жазылғаны. Мысалы, «оқушы білетін болады» емес, «оқушы бұл жұмыста мына икемділіктерді көрсете алмады» деп жазылғаны дұрыс.

Өзіндік жұмыста аралық бағалаулар тек ынталандыру сипатына ие болады және түзету бағытында қандай жұмыстар жасалу керектігін көрсетеді. Аралық бағалаулар журналға қойылмайды. Өлшемдің бағалауда тек қорытынды бағалау ғана есепке алынады.

Өзін өзі бағалау мен модерация (өзара салыстыру). Бағалау негіздерінің түсініктілігі оқушыға өзінің жеке жұмысын өзі бағалауға мүмкіндік береді. Ол бағалау сарапшы немесе мұғалім бағасының алдында жүргізіледі. Сонан соң өзін-өзі бағалау сарапшы бағасымен салыстырылады. Егер сарапшы бағасы өзін-өзі бағалаудан төмен болса, онда сарапшы өз бағасына түсініктеме береді. Сосын оқушыға бағасын жоғарылатыу үшін жұмысын жетілдіруге мүмкіндік беріледі. Өзін-өзі бағалау мен модерация бақылауды өзін-өзі бақылауға айналдыруға жағдай жасайды.

Мұнда бағалау кему емес, өсу бағытында жүретіндіктен, жұмыста әрбір талпыныс, әрбір өсімше есепке алынады. Осылайша әркім өз жұмысы үшін жауапты болады. Бағалау нөлден басталады және оқушы тұлғасы емес, оның қызметі бағаланады.

Өлшемдік бағалауда ешкімді өзгемен салыстыруға жол берілмейді, оқушы тек өзімен өзі салыстырылады. Бір критерий бойынша төмен болған оқушы келесі бір критерий бойынша жоғары болу мүмкіндігі бар.

Өлшемдік бағалау сандық бағалаудан, балдық жүйеден арылуды көздемейді, тек әрбір ұпайдың мәні мен мазмұны болуын қажет етеді [5, 3-бет].


Өзіндік бағалау туралы

Оқушының өз оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктері туралы рефлексия мен өзіндік бағалау арқылы сезінуі оның ойлауы мен шығармашылығының дамуының маңызды құралы болып табылады. Өлшемдік бағалауды қолдану бағалау үдерісіне өзіндік бағалау жасау арқылы оқушының өзін тартуға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, тек рефлексия ғана оқушыға өз оқу іс-әрекетінен тәжірибе жинақтауға, қойылған мәселені шешу үшін ішкі мүмкіндіктерін жұмылдыруға, өзін-өзі жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдай отырып, оқушылар оларды жою жолдарын табады, өз жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын көре отырып, өзін-өзі бағалауға үйренеді, осы нәтижелерді пайымдау арқылы өзінің ары қарай алдағы уақытта жасайтын жұмыстарының бағдарламасын жасай алады.

Тек өзін-өзі бағалау ғана мұғалімге оқушылардың оқудағы қиындықтары туралы көп ақпарат бере отырып, оқыту үдерісіне дер кезінде түзету жасауға көмектеседі.

Дұрыс ұйымдастырылған рефлексия тапсырманы табысты орындауға ықпал ететін оң ахуал тудырады.

Дәстүрлі оқытуда көп кикілжің тудыратын баға ештеңені де өлшемейді, ол оқушылардың оқудағы тәртібін түзеу үшін ғана жиірек пайдаланылады, сондықтан көп оқушылар тек баға үшін оқиды. Бағалаудағы зерттеушілік амал өлшемдік бағалауды ұсына отырып, бағаның мадақтау мен жазалау құралы ретіндегі рөлін жояды [4, 2/16-бет].


Дәстүрлі және өлшемдік бағалаудың айырмасы

Дәстүрлі (нормативтік) бағалау мен өлшемдік бағалаудың арасындағы айырма салыстыруда болып табылады. Дәстүрлі бағалауда оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен, өлшемдік бағалауда бағалау өлшемдері түрінде берілген, белгілі бір эталонмен (оқу мақсатымен) салыстырылады.

Әр критерий бойынша ең жоғары ұпай (дескриптор) оқушы тақырыпты оқып-үйреніп болу соңында шынайы қол жеткізе алатын деңгейді бейнелейді. Сондықтан мұғалім оқушының білім-білік-дағдыларындағы, ол қол жеткізе алатын өсімшелерді жобалай алады, осы жолдағы жасалатын әрбір қадамды жоспарлай алады.

Өлшемдік бағалау оқушының белгілі бір бағыттардағы әр түрлі кезеңдердегі жетістіктерін салыстыра отырып, оның сәйкесті дағдыларының даму үдерісін бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін сол оқушының бір бағалау өлшемі бойынша алған әр түрлі ұпайларын салыстыру жеткілікті болады [6, 4-бет].


Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Жақсы жасалған бағалау өлшемдері ғана оқушыларды айқын қойылған мақсаттарға жетуге, өз іс-әрекетіне баға беруге және оны түзетіп отыруға ынталандырады, сол арқылы оқытуда стресті болдырмауға жағдай жасайды.

Нақты жасалған бағалау өлшемдерінің жоқтығы сабақта орындалатын жұмыс мақсатының мұғалімге де, оқушыларға да түсінікті еместігін, дұрыс бағаламауға ғана емес, бүкіл оқу іс-әрекетінің маңызын төмендетуге алып баратынын көптеген тәжірибе көрсетіп беріп отыр.


Бағалаудың екі жүйесіндегі тұжырымдамалық ерекшеліктер:

Өлшемдік бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс;

-бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады;

-өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады;

-оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады;

-тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады;

-оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді;

-тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;

-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;

-бағалау тек мұғалімнің билігінде;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;

-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);

-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;

-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;

-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі [6, 4-бет].
Қорытындысын уақыт көрсетеді

Қорыта айтқанда, өлшемдік бағалау мұғалімнің де, оқушылардың да жүйкесін жұқартпай, керісінше денсаулық сақтау технологиясы ретінде қызмет атқарады. Өлшемдік бағалау оқушылар үшін мектептегі мазасыздануды төмендете отырып, мұғалім үшін орынсыз өкпелер мен айыптаулардан арылуға жағдай жасайды

Өлшемдік бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады.
Оқушылар жұмысын бағалау бірлесе отырып жасалған бағалау өлшемдері арқылы жүргізіледі.

Әр өлшем бойынша нәтижелер белгілі бір шәкілдер арқылы шығарылады:

-өте жоғары;

-жоғары;


-орташа;

-төмен.


Сонымен бірге оқушылардың жұмыстары төмендегі бағалау пікірлері арқылы бағаланады:

-жақсы біледі және тәжірибеде пайдалана алады;

-біледі, аздап пайдаланады;

-күмәнданады;

-білмейді;

-анықталмаған.


Қазіргі кезде бағалау өлшемдері өте көп және олар мұғалімнің тұлғасына, пәннің ерекшелігіне, мектептің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Бүгінгі күні бағалаудағы қиындықтар:

-оқушынын өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нақты алгоритмі жоқ;

-оқулықтар танымдық қызметті басқару функциясын орындамайды;

-тиісті мәтіндер сипаттау сипатында жазылған, проблемалық тапсырмалар өте аз;

-оқушылардың жалпы оқу және ақыл-ой икемділіктерін жіктеудің белгілі бір әдістемесі жоқ;

Бағалауды қайта қарауға ықпал ететін мәселелер:

-оқушылардың оқу мотивациясының жоқтығы;

-жүйелі ой еңбегінің, табыс қуанышының жоқтығы;

-ақпаратты өзінің жеке біліміне айналдыру процесінің жоқтығы;

-оқу процесінің қызық еместігі, балалардың сұрақ қоя алмауы.

-дүниені қабылдаудың біртұтастығының, білімнің ортақ жүйесінің жоқтығы;

-ынтымақыт қарым-қатынастың, топта жұмыс жасай алудың жоқтығы;
Қазіргі таңда оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің маңызды жақтарының біріне айналып отыр. Осы оқу үдерісін басқаруда шешуші рөл нақ сол бағалауға тиесілі. Бағалау жүйесіне жататындар: баға қою шәкілі; баға қою жиілігі; білім беру субъектілері арасындағы байланыс механизмі; оқушының өз оқу табыстылығын анықтау механизмі. Бағалау функциясы – білім беру үдерісін ішкі өзіндік реттеудің табиғи механизмі.
Қазіргі жаңаша білім беру технологиялары ескі бағалау жүйесімен үйлесе алмайтыны белгілі. Оқытуда зерттеушілік іс-әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылуы керек. Бала өз жұмысына сәйкесті баға қоя алуы үшін ол жұмыс эталондарын білуі тиіс. Ол эталон түсінікті тілмен, нақты тәтпіштеп жазылған болуы шарт. Мұндай мүмкіндікті өлшемдік бағалау жүйесі ғана береді.

Пайдаланған әдебиеттер



1.А. Әлімов “Оқытудың интербелсенді тәсілдері” Алматы .

2.(Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. - Алматы: Фонд «XX! век», 2001. -34бет).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет