«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулін информатика курсында тиімді пайдалану жолдары Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Шанарбаева Куланда Абдрамановна Мекен жайы



бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі47,41 Kb.
#12706
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Бірлескен топтық жұмыс. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы тақырыптық тапсырмаларды бірлесе орындаған тиімді. Топтық жұмыстар үйренушілерде корпоративтік сезім қалыптастырып, сол арқылы ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал «көптің түкіргені - көл» екендігі баршаға аян, ұжым болып қандайда болмасын тасырманы орындау жеңіл.

Бірлескен жұмыс барысында топ мүшелерінің барлығы да әрекетте болады, біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да әрекетте, барлығы да жұмыс нәтижесіне өз үлесін қосады.

Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасаса (тапсырма орындау, жауап беру, талқылау, т.с.с.), топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады. Дәстүрлі сабақта үйренушілерді жұмысқа жұмылдырудың амалдары қатаң талап нысанында болса (бұйрық, нұсқау, жарлық, үкім), топтық жұмыста үйренушілердің санасына кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы ықпал жасайды. Дәстүрлі сабақта ұстаз үйренушілердің жұмысын бақылауға және бағалауға алса, топтық жұмыста бақылауды да бағалауды да топ мүшелерінің өздері жүргізуге болады. Яғыни топтық жұмыста оқушылар өзін –өзі, бір –бірін және оқытушы да бағалай алады және бағаны формативті түрде бере алады. Бұл процесс бағаның объективті болуын қамтамасыз етеді. Баға оқу үшін қойылады. Топтық жұмыс үйренушілерде ұжымдық сезімді қалыптастырып қана қоймай, бірлескен жұмыстың қызық әрі тартымды әрекет екендігін көрсетіп, жалпы еңбекке деген ынтасын арттыруы шарт. Топтық жұмыста оқушылардың бір – біріне деген сенімі мен ықыласы жұмыстың нәтижелі шығыуының кепілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет