Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қоянды (Ботов) жәрмеңкесі. 1848 жылы



бет146/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   251
Қоянды (Ботов) жәрмеңкесі. 1848 жылы Қарқаралы казак станицасының жанындағы Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Жәрмеңкенің негізін қалаушы ялуторлық көпес (Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) В. Ботов болды. Жәрмеңке жыл сайын маусымның 15-інен шілденің 15-іне дейін өткізіліп түрды. Алғашқыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кетті. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым алқапты алып жатты.

1890 жылы мұнда 1 шіркеу, 199 сауда нүктесі, 42 тұрғын үй және 707 киіз үй болды. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкені ашылды. Қоянды пошта бекетінің ғимараты, пошта-телеграф бөлімшесінің үйі де осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл-тегіл, көл-көсір етіп жеткізіп тұрды. Ресейдің қаржы министрлігі Қоянды жәрмеңкесінде Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратын салдырды.
Сауда қатарларының аяқ жағында «шенеуніктер орыны» деп аталатын квартал орналасты. Онда Мемлекеттік банк бөлімшесі, пошта-телеграф кеңсесі салынды. Қарқаралы уезі бастығына, бітістіруші судьяға, мал дәрігерлері мен адам дәрігерлеріне, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне арналған қонақүйлер де осы жерде еді.
Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткізіп тұратын. Сондай-ақ билердің төтенше болыстық съездері де осында өткізілетін. Алым-салық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоянды жәрмеңкесі 1924 жылға дейін жыл сайын өткізіліп келді. Оның қазақ даласындағы сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды.

  1. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладағы атқарған қызметі. Жәрмеңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Онда алуан түрлі рулар мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орынға да айналды.

Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әртүрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.
Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған.
Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым жолдайтын орын да болып табылды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет