Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет147/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Тұрақты сауда. ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептері болды. Біріншіден, қазақтар барлық жерде бірдей жаппай отырықшылыққа көше бастады. Екіншіден, уездік және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңінен етек алды. Сауданың бұл түрі қалаларда барынша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар шығаратын өнімдердің тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажетті бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, казактар емін-еркін сатып алатын еді.

Қалаларда кең көлемді сауда жасайтын дүкендер мен дүңгіршектер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшері де өсе түсті. Петропавлда, Омбыда, Семейде, Қостанайда тұрақты жүргізілетін сауданың күшейе түсуі ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегі сауданың жағдайын әлдеқайда әлсіретіп жіберді. Қазақ өлкесінде тауарлы-ақша қатынастары дами түсті.

  1. Қазақ-Қытай сауда-саттық қатынастары. Ресей Қытаймен және Монғолиямен сауда-саттық жасауы үшін Қазақстанды транзиттік аумақ ретінде пайдаланды. Бұл саудада қазақ көпестері көбінесе делдалдық қызмет атқарды.

Қазақтардың арасында, біріншіден, қытай және монғол тілдерін білетіндер аз болған жоқ. Екіншіден, қазақтар шекара шебіндегі жер жағдайларын жақсы білетін. Үшіншіден, қазақ саудагерлерінің иелігінде жүк көліктері көп болды. Ресей-Қытай сауда-саттығы Зайсан, Өскемен және Семей қалалары арқылы жүзеге асырылды.
Қазақстанның Цинь империясымен іргелес жақын жатуы және өзара сауда қатынастарының тиімді болуы Ресей мен Қытайды тығыз байланыс орнатуға итермеледі. Қытай аумағындағы сауда Шәуешек, Құлжа, Үрімші, Гучен қалаларында жүргізілді. Қытайлардың ондағы саудаға шығаратын негізгі заттары күміс, тері-терсек, шай, сондай-ак Қытайдағы қазақтардың мал өнімдері еді. Қатонқарағай, Қорғас және басқа да кеден бекеттері сауда нүктелері ретіндегі маңызын сақтап қалды. XIX ғасырдың 50-60-жылдарында Ресей-Қытай сауда қатынасы Жетісу бағытындағы жолдармен де да- мыды. Ондағы негізгі сауда-саттық нүктелері Қапал және Верный қалалары болды.
60-жылдардың екінші жартысынан 80-жылдардың бас кезіне дейінгі аралықта сауда қатынастары едәуір бәсеңдеді. Цинь империясының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды. 1881 жылы қол қойылған Петербург келісімшарты бойынша Іле өлкесінің аумағы Қытайға қайтарып берілді. Осы келісімшартта Ресейдің бүкіл Батыс Қытай аумағында баж салығын төлемей-ақ сауда жасауға құқықты екені алдын ала келісіліп қойылған болатын.
XIX ғасырдың аяқ кезінде қазақ көпестері де саудаға барынша белсене қатыса бастады. Олар сауда керуендерін жабдықтап отырды.
Осы кезеңде сауда қатынастары Жетісу жері арқылы дами бастады. Ертіс және Іле өзендерінде пароход қатынайтын болды. 1883 жылы көпес Уәли Ахун Юлдашев Іле өзені арқылы тікелей су жолын ашты. Қазақ көпестерінің ерекше зор сұранысы қатарына шай, ал өздерінің шығысқа қарай шығаратын тауары баяғысынша мал болды. Дегенмен XIX ғасырдың аяқ кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар бәсең тарта бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет