Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет234/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

5. Айтыс. Бұл кезеңде қазақта айтыс өнері кең өріс ала бастады. Әдетте әр рудың өз айтыскер ақыны болған. Олар өз руының атақты адамдары - батырлары мен билерін, балуандарын мадақтап, дәріптеген, оларды өзгелерге үлгі етіп көрсете білген. Айтыс ақындары өлеңді алдын ала дайындамаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Олар бірінің сөзін бірі іліп алып кетіп, өлеңмен сөз сайысына түскен. Айтыс ақындары өздерінің білімін, ақыл- парасатын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға бар күшін жұмсайтын. Олар қазақ халқының тарихын, шежіресін, тегін, дәстүрлі салт-санасы мен әдет-ғұрпын жақсы білуге тиісті еді. Айтыс кезінде ақындар домбыра, сырнай және қобыз сияқты музыкалық аспаптарда ойнаған. Айтыс жалпы халық арасында ашық өткізілетін. Айтысты тамашалауға келген жұрт өздерінің қолдау білдірген көтеріңкі дауыстарымен жеңімпазды анықтаған. Ондай жеңімпаз айтыскердің атақ-даңқы қазақ даласына, халық арасына тез жайылып кететін. XIX ғасырдың атақты айтыс ақындары Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйінбай және басқалар болды. Сол кезден бастап айтыстардың мәтінін бұл өнер сайысын арнайы зерттеушілер жазып ала бастады. Айтыстарда дәстүрлі қазақ қоғамының аса маңызды өткір проблемалары көтерілді.


Айтыс - суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы.
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, айтыскер ақын, жырау.



1. «...Қазақ әншілерінің арасында әнді ғажап орындайтын талантты жандар бар. Олар әннің айтылу мәнері мен әсерін өздерінше күшейтіп жібере алады. Мұның өзі жай ғана ән салу емес, әнді нақышына келтіре әрлеп, артистік шеберлікпен орындау болып табылады. Қазақ халқы өздерінің әндерін өңдеп, көркемдік қасиетін арттырудан жалығып көрген емес. Соның арқасында қазақ әндері өзінше бөлек, әсем болып келеді. Оның әуенін ести бастағаннан-ақ қазақтардың әлдебір өзіндік ғажайып ортасына еніп кеткендей сезінесің, өзіңді қазақ даласының бірде аптап ыстық ауасын, бірде қазақ жерінің ғажайып сұлу көрінісін көз алдыңа елестеткендей, тіпті дала өсімдіктерінің аңқыған хош иісін сезінгендей боласың - дала жусанының иісі мұрыныңды жарып жібергендей рақат күйге кенелесің...»
Потанин Г. Н. Үш томдық таңдамалы шығармалары. Павлодар, 2005, 3-том, 116-бет.


2. «Қазақ әуендері кең тыныстылығымен, жан-жақтылығымен, өзінің тамаша ырғақтылығымен ерекшеленеді, өндерінің құрылымдары да бөлек, күтпеген жерден шырқай шығатын, ешкімге ұқсамайтын әуезділігі де таңғалдырады, ән иірімдерінің құлаққа жағымдылығын айтып жеткізудің өзі қиын. Тыңдаушыны бірден өзіне баурап алады. Бірде өте нәзік, кейде көңіліңді көтеретін сұлулық бар».
Касталъский А // Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. 7-том, А., 2003, 68-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет