1913 жылыАхметБайтұрсынов, Міржақып Дулатовпен бірге жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет редакциясына қазақ халқының озық ойлы, парасатты зиялылары топтасты.
Әлихан Бөкейхан қазақ халқының ежелгі ата-баба қонысынан айырылуына үзілді-кесілді қарсы шықты. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатын ашық түрде вшкереледі. Жергілікті тұрғындарды христиан дініне көшіру өрекетін батыл айыптады. Ұлт-азаттық қозғалыстың жолында көшбасшыға айналды. Бұл туралы отаршыл билік өкілдері былай деп жазды: «Қоныс аударту басқармасыныц шенеунігі Бөкейхан қырғыз (қазақ) даласына зор ықпалын тигізіп отыр». Омбы жандармдық басқармасы бастығының айтуынша: «Ол даладағы... қырғыздардың (қазақтардың) діни-саяси қозгалысының жетекшісі... үкіметке қарсы барлық митингілер мен үндеулер, петициялардың белсенді ұйымдастырушысы». Сондықтан ол патша үкіметінің қуғындауына ұшырап, жер аударылды. 1917 жылға дейін үш рет (1902, 1906, 1908 жылдары) тұтқынға алынып, түрмеге қамалды, ал 1909 -1917 жылдары Самарада айдауда болды. Кеңес өкіметі кезінде де қуғындалды, «қызыл террор»жылдары жазықсыз айыпталып, ату жазасына кесілді.
Әлихан Бөкейханның идеялық көзқарасы. Қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейхан Қазақ хандығының Ресей империясының бодандығына түсу себептерін анықтау үшін ұлт тарихын терең зерделеді. Ол қазақтардың өз тәуелсіздігінен айырылуының басты себебі: бұрынғы ел билеушілерінің қол астындағы ру-тайпалар мен жүздерді біріктіріп, сыртқы отаршылдық қауіпке қарсы жұмылдыра алмауында деген тұжырымға келді. Ол 1913 жылы былай деп жазды: «Бұрынғы ел билеушілердің басым көпшілігі уақыты мен күшін өзара қастандыққа, күш көрсету мен зорлық-зомбылық, алауыздыққа жұмсады».
Ол хандық билікті қалпына келтірудің нәтижесіздігін түсінді. Ұлт тәуелсіздігіне тек белсенді саяси күрес арқылы ғана жетуге болатынын айтты. Осы мақсатпен кадеттер партиясына мүшелікке өтті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын дамытудың эволюциялық жолымен қазақ мемлекеттігін жаңғырта аламыз деген пікір ұстанды.
Әлихан Бөкейхан жоғары билікке қазақтардың өзіндік дербес басқармасына бағынатын атты әскер құрамында қызмет ету ойын ұсынды. Патша үкіметі қазақ халқын қаруландырып, әскери іске үйретуге қарсы шықты.
Қазақ халқын біріктіру мақсатында бүкіл қазақтың басын қосып, ұлт етіп ұйыстыратын Алаш идеясын ту етіп алды. Ол еуропалық даму жолын қолдайтын алғашқы қазақ демократтарының бірі болды. Оның идеялық-саяси көзқарасының қалыптасуына Ұлы франдуз революциясы зор әсер етті.