Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет193/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Әдеби және аудармашылық қызметі. Ә. Бөкейхан А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, А. П. Чехов, В. Г. Короленко шығармашылығымен жақсы таныс болды. Бірқатар еңбектерін қазақ халқына арнаған А. Сорокинмен достық қарым-қатынасын үзбеді. Батысеуропалық мәдениет пен әдебиетті жақсы білді. Сондықтан да Әлихан Бөкейхан орыс классиктерімен қатар, Батыс Еуропаның әдеби шығармаларын, ғылыми еңбектер мен мектеп оқулықтары, оқыту-әдістемелік құралдарын қазақ тіліне еркін аударды. Оның үздік аудармаларының қатарына: «Қажы Мұрат» повесін, Л. Толстойдың «Кавказ тұтқынын», В. Короленконың «Макардың түсі», Ги де Мопассанның «Симонның әкесі» т.б. жатқызуға болады.

Ол сонымен қатар ежелгі грек ақыны Эзопты, балаларға арналған үнді ертегісі мен әңгімелерін және түркі халықтарының әдеби туындыларын да аударды. Тұңғыш рет астрономия, геология оқулықтарын қазақ тіліне жатық етіп аударып шықты.

  1. Әлихан Бөкейханның Қазақстан тарихындағы алар орны. Ол сауатты, өте білімді, парасатты, өз заманының озық ойлы азаматы болды. Дала тұрғындарының ғана емес, өзге ұлттардың да құрметіне бөленді. Өз ұлтының ата тарихын жетік меңгеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне құрмет көрсетудің, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін үздіксіз күрес жүргізді.

Әлихан Бөкейхан халықтың көшбасшысы қандай тұлға болу керектігін өз үлгісімен айқындап берді. «Алаш» көшбасшысы Ә. Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орнына Алаштың келесі ірі тұлғасы, қайраткер, ғалым Қошке Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» еңбегінде мына тұрғыда баға берді: «Биліктің қуғындау мен қудалау жылдарында түрмеге қамалып, жер аударылса да бірқатар батыл да ержүрек азаматтар өз халқының болашағы үшін күресті жалғастыра берді. Бұл топтың жетекшісі, тәрбиешісі Әлихан Бөкейхан еді. Ол елінің болашағы үшін қиыншылықтан қорықпайтын ұлтжанды азаматтарды кцрескерлік рухта баулып, әдеби тіл нормасының орнығуы мен діни фанатизмнен арылуға зор үлес қосты. Нәтижесінде қазақ ұлты қалыптасты. Әлихан Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орны, міне, осында жатыр».
Әлихан Бөкейхан миллиондаған халықты «Алаш» қозғалысы идеясы төңірегіне топтастырды. Ол қазақтың зиялы азаматтарын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды. Өзінің: «өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін», - деген ұстанымына адал болып өтті.
«Алаш» қозғалысы көшбасшысы Әлихан Бөкейханның есімі ешуақытта да ұмытылмайды. Астана қаласында оның есімімен көше аталған. Бүгінде Қазақстан Республикасында ер балаларға Әлихан есімін қою үрдісі кең таралған. «Алаш» мәдени және даму институты оның еңбектерін 16 том етіп жарыққа шығарды. Оның құрметіне республикалық және халықаралық конференциялар өткізіліп тұрады. 2016 жылы елімізде Ә. Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы аталып өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет