Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет142/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсім-

дердің салық мөлшерлемесінің деңгейіне тəуелділігін сипат-

тайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемле-

кет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық 

мөлшерлемесінің 50%-ға (кейбір əдебиет көздерінде 35%-ға 

дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсім дер 

максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан 

ары артуы, бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кəсіпкерлік 

қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары 

мөлшерлемесі кезінде кəсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің 

тапқан табыстарының едəуір бөлігін мемлекет қазынасына ау-

даруға мəжбүр болады). Өз кезегінде, кəсіпкерлер банкроттыққа 

ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып жəне өз 

табыстарының бір бөлігін жасырып «көлеңкелі» бизнеске кетуі 

мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономика-

лық қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 5.4-суретте 

көрсетілген.

Сонымен, Лаффер əсері – бұл кəсіпкерлік табысқа салынатын 

салықтардың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық 

белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салда-

рынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі. 



122

Алайда, Лаффердің теориясы туралы көптеген экономистер-

дің арасында пікірталас туындап, тəжірибе жүзінде Лаффер əсері 

күтілетін нəтижелер əкелмеген деп жиі айтылады. Салықтарды 

төмендету мемлекеттің табыстарын қысқартады, бірақ бұл қыс-

қа мерзімді құбылыс, ал ұзақ мерзімде салықтардың төмендеуі 

халықтың жинақтарын арттырады, инвестициялар мен жұмыс-

бастылық өседі деген жорамалдар айтылған болатын. Бірақ бұл 

жерде экономиканың қисықтың қай жағында орналасқанын 

анықтау қиын. Сол себепті, сол уақыттарда АҚШ экономикасы 

бюджет тапшылығы мəселесін бастан кешіп халық жинақтары 

мен еңбек ұсынысы күтілгендей өсе қоймаған. Демек, инвестиция-

лар көлеміне салық мөлшерлемесінен басқа көптеген факторлар 

əсер етеді. Сондықтан бұл теорияның тəжірибеде қолданылуы 

аса мəселелі жəне күрделі болып табылады.

Ең алдымен, бюджет-салық саясатының мəн-мағынасын жете 

түсіну үшін, мемлекеттік бюджет туралы қарастыруымыз қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет