Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Топографиялық карталарда жер бедерін жазықтықта



Pdf көрінісі
бет196/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   292
Топографиялық карталарда жер бедерін жазықтықта 
кескіндеу əдістері.
Жер бедері– географиялық ортаның ең 
маңызды элементтерінің бірі. Ол жылу мен ылғалдың таралуы-
на, химиялық элементтердің қозғалысының сипатына, өсімдіктер 
жамылғысының қасиеттеріне белгілі дəрежеде əсер етеді. Жер 
бедерінің негізгі ерекшелігін айқындайтын ойлы қырлылығын, 
биіктігін, беткейлерінің көлбеулігін жазықтықта кескіндеу өте 
күрделі. Жер бедерін жазықтықта кескіндеу барысында өлшеу 
жұмыстарын жүргізуге қолайлылық дəрежесі ескеріліп құрылуы 
тиіс. Топографиялық картада жер бетінің теңіз деңгейінен 
биіктігін есептеудің бастауы болып саналатын жердің беткі 
деңгейінен (теңіз деңгейінен) биіктігі бірдей тұйықталған қисық 
сызықтармен кескінделеді.
Жер бетіндегі биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын мұндай 
қисық сызықтар 
горизонтальдар
деп аталады.
Жергілікті жерге тəн нүктелердің абсолют биіктіктері, терең-
дігі, ені сияқты жер бедерінің сандық сипаты жер бедерін жа -
зық тықта горизонтальдармен кескіндеуді толықтырып отырады.
Жер бетіндегі кезкелген нүктенің теңіз деңгейінен алынған 
биіктігін 
абсолют биіктік
дейміз.
Қазақстан мен ТМД елдерінде абсолют биіктікті Балтық 
теңізінің деңгейінен (Кронштадтағы судың деңгейін өлшеу 
қосынынан) есептеу қабылданған. Нүктелердің географиялық 
карталардағы санмен көрсетілген нүктелердің метр есебімен 
алынған теңіз деңгейінен биіктігі 
биіктік белгісі
деп атала-
ды. Картада биіктік белгісі нүктемен жəне оның жанына сан 
жазу арқылы көрсетіледі 
255
Δ
. Мұндағы, 
Δ
– мемлекеттік 
геодезиялық тордың тірек нүктесі, 
255 сол нүктенің теңіз деңгейінен алынған биіктігі.
Жергілікті жердегі екі нүктенің бір-бірінен биіктік айырма-
сы
салыстырмалы биіктік
деп аталады. Оны нүктенің абсолют
биіктігінің айырмасынан да алуға болады.


333
Бір горизонтальдың бойындағы абсолют биіктік бірдей 
болғандықтан екі горизонтальдың аралығындағы 
қима биіктік-
тері де
бірдей қашықтықта жүргізіледі [9.3-сурет].
Көршілес жатқан екі горизонтальдың биіктік айырмасы гори-
зонталь аралық 
қима биіктік
деп аталады. Ол латынның һ əріпі 
мен белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет