309
1929 жылғы Алаш қайраткерлерін қуғындаған зобалаң тұсында
Қазақстандағы ұлтшыл саяси ұйыммен байланысы бар деген жа-
ламен ұсталып, 1931 жылдың 21 сəуірінде жазықсыздан жазықсыз
атылу жазасына үкім шығарылады.
Жазушының алғашқы романы “Қартқожа” 1926 жылы Қызылорда
қаласында басылып шықты. Романда революция қарсаңы мен одан
кейінгі жылдардағы қазақ халқының тыныс-тіршілігіндегі жаңа
өзгерістер кеңінен көрсетілген.
Жүсіпбектің қалам қарымының айқындауышы іспетті ең
іргелі туындысы – “Ақбілек” романы. Ол алғаш “Əйел теңдігі”
журналының 1927, 1928 жылғы бірнеше сандарында жарияланды.
Жазушының көзі тірісінде жеке кітап болып басылып шыққан жоқ.
Ж. Аймауытовтың тағы бір көлемді туындысы “Күнікейдің
жазығы” повесі – əйел теңсіздігі тақырыбына жазылған. Бұл шығарма
алғаш “Жаңа əдебиет” журналының 1928-1929 жылдардағы бірнеше
санында жарияланды.
Ж. Аймауытов драматургия саласында да елеулі еңбек етті. 1917
жылы жазылып, 1926 жылы Мəскеуде басылып шыққан “Қанапия-
Шəрбану”, 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан “Ел қорғаны”,
т.б. пьесалары бар. Жазушы-драматургтың бұл саладағы үлкен
туындысы 1926 жылы Семейде басылып шыққан “Шернияз” дра-
масы. Өлеңмен жазылған бұл драма қазақтың ақиық ақыны С.
Торайғыровқа арналған. Кеңес тұсындағы қазақ зиялыларының екі
айырық жолға түсуі, жаңа зиялы қауымның қалыптаса бастауы –
бұл шығармаға арқау болған тақырыптың негізгі өзегі.
Жүсіпбек Аймауытов – өзінің аз ғана ғұмырында артына мол
мұра қалдырған шын мəніндегі классик жазушы, қоғамдық өмірдегі
өз орнын айқындай алған қайраткер, ірі азаматтық тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: